Бизнес-жоспар

13 мамыр 2016 - Күлзия Есенқызы

Манат Құрмансия

экономика пәні мұғалімі

Астана қаласы №56 мектеп-лицейі

 

Бизнес-жоспар

 

Өтетін сыныптар:6-сынып

Мақсаты: балалардың білім, білік,  дағдыларын іс  жүзінде  қолдануға  мүмкіндік  беру.

Көрнекілігі: Жарнама арқылы

     Бизнес-жоспар: кәсіпорының  алдына  қойған  экономикалық  мақсаты  мен  оны жүзеге  асыру  жолдары, міндеттері  мен  әдіс-тәсілдері  баяндалған  құжат, бизнес  жасау  үшін нарықтық  орта  жән-жақты  зерттеледі.

 

     Саламатсыздарма  құрметті  оқушылар мен мұғалімдер  сіздердің назарларыңызға  Астана  қаласы №56-мектеп лицейінің  жаңашыл  кәсіпкерлерінің Бизнес  жоспарларын  ұсынамыз  тамашалаңыздар, және  ұнаған жобаға  өзіңіздің  тамаша  бағаңызды  тарту  етіңіздер.

 

  Жарысымыз басталмас бұрын  осында  отырған  төрешілерге  бірнеше  сұрақ  қойсам деп  едім, егер сіздер  келіссеңіздер.

 

1. Егер сіз керемет бір КО  иесінің  баласы  болсаңыз, әкеңіз  сізге  өз  бизнсін ұсынса  сіз  өз  арманыңызды тоқтатып  сол  ата  кәсібін  жандандыра  аласызба?

2. сіз  бизнсмен  болуды  армандадыңыз ба?

 Бизнес  жоба  басталар  алдында сіздерді  кішкене  бизнес  жоспар  туралы  айтып  өтсем :

 

Бизнес-жоспар  қалай  дайындалу  керек:

 

1. жобаның  титулдық  парағы.

2.кіріспе  бөлімі.

3.нарық пен сала жағдайына талдау.

4. жобаның  мәні.

5.маркетинг  жоспары.

6. өндіріс  жоспары.

7. инвестициялық климатпен  тәуекелдер.

8.ұйымдық  жоспар (басқару  және  кадрлар)        

9. қаржылық  жоспар.

 

      Бизнес-жоспар  болжамды  қаржылық  нәтижесі  корсетілген  жалпы  сипаттамадан  және он  тарауға  бөлінген  негізгі  бөлімнен  тұрады:

 

1. жоба  бойынша  өндірілген  тауарлар немесе  қызмет түрлері  және  олардың  бәсекелесу  қабілеті  сипатталады,

 

2.тауарларға  сұраныс  деңгейі  мен  көлемі  ескеріле отырып, өнім  өткізу  нарығы, өндіріс  көлемі  мен тауарларға  қойылатын  баға  анықталады.

 

3.бәсекелестер  мүмкіндігі (тауардың  сапасы  мен  бағасы) туралы мәлметтер  талданады .

 

4. маркетингтік  зерттеу  нәтижелері  (тауарларды  өткізу  және баға  саясаты,өнімді  сатуда ынталандыру  жарнамалау,  т.б.)сараланады.

 

5.өнім( не қызмет ) өндіру  жоспары  мен  өндірістік  байланыстар, өндірістік  шығындарды  азайту  және  өнім  сапасын  жақсарту  әдістері айқындалады.

 

6.Ұйымдастыру  -басқару  жұмыстары және  қызметкерлермен  жұмыс істеу  бағдары  белгіленеді.

 

7.Жобаның  ұйымдық –құқықтық  негіздерін  көрсететін  заңдық  құжаттар  жасалады.

 

8. жұмыс  барысында  кездесетін  қауып-қатерді  болжау  және  оның  алдын алу  шаралары  қарастырылады.

 

9. жобаның  барлық  буындарының  құндық  көрсеткіштері  жинақталып, ақшаға  шағып  көрсетілген  қаржы  жоспары  нақтыланады.

 

10. қаржы  көздері (жобаны  іске  асыруға жеткілікті  соманы  қайдан ,қанша  мөлшерде  ала алады және  жоба қандай  мөлшерде  пайда  кіргізеді, кредитордан  алынған  қаражатты мерзімінде  қайтара  алу  қабілеті, т.б.) жобаланады .  бизнес  жоспар  тауар,  ақша,  өндіріс  факторы  қозғалысының  жалпы  балансын  айқын бейнелейді.

 

Қорытынды: Бзнес  жоспар қандай  денгейде  өтті  біздің  кәсіпкерлер  сіздің  көңілдеріңізден  шыға  алдыма  қорытынды  бағаларынызды  ұсынсаңыздар, оқушылар  бағаланады.

 

   Мен осы  жобаны  балаларға  ұсына  отырып  баллалаврдың  болашақ  жоспарларына  кішкене  болсада   көмек  көрсеттім  деп  ойлайым  назар  салып  қатысқандарыныз  үшін  көп  рахметімді  айтамын.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1066243

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru