Діни экстремизм мен терроризм: сипаты,таралу себебі

Діни  экстремизм  мен  терроризм:  сипаты,таралу себебі

Исмагулова Г.Ж-

БҚО, Жаңақала ауданы,

ЖаңақалаЖОББМ,

тарих  пәнінің мұғалімі.

Бұл  сабақта   қоғамның    өзекті   мәселелерінің   бірі  діни экстремизм   және   оның   алдын алу туралы  айтылып,  оқушылардың   діни сауатын  ашу   көзделеді

Тақырыбы

 Діни  экстремизм  мен  терроризм:  сипаты, таралу себебі

Мақсаты

-Діни  экстремизм  мен  терроризм, оның  таралу себебі   туралы  түсінік   ала отырып,  одан   сақтану   мақсатында  діни  сауаттылыққа  үйренеді;

 -Топтық жұмыс арқылы өз ойларын нақтылап, дәлелдей алады;

-Бір-бірінің топтық жұмыстарын бағалау арқылы өзіндік сын-көзқарастарын қалыптастырады

Күтілетін нәтиже

  — Діни  экстремизм  мен  терроризм, оның   таралу  себебі    туралы  түсінік   ала  отырып,  діни сауаттылығы   қалыптасады:

-Топтық жұмыс арқылы өз ойларын нақтылап, дәлелдейді;

-Бір-бірінің топтық жұмыстарын бағалап,  өз пікірлерін   айтады.

 

Сабақтың барысы

Кезеңі/Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

 

 

Кіріспе бөлім

8минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұсау

кесер

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

25 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытын

ды бөлім

7 минут

 

 Сергіту  сәті. Тренинг «Бүгінгі күніңе ......  тілеймін»

Топтарға  бөлу.

 

 

 

 

 

 

«Шынжыр»әдісімен үй тапсырмасын тексеру

Ынталандыру үшін жауап берген оқушыларға смайликтер беріледі

 

 «Ой  қозғау»

«Адасқандар» фильмінен  үзінді.

Сұрақтар  қойылады:

1.Фильм  не  туралы?

2.Фильм  неге «Адасқандар»деп  аталған ?

3.Фильмнің  кейіпкерлері  неліктен өкініп  отыр?

4.Кейіпкерлердің  отбасыларының  жай –күйлері қандай деп  ойлайсыз?

5.Кейіпкерлердің тағдырлары  не болмақ?

 

АКТ: «Діни экстремизм  және терроризм: сипаты, таралу  себебі» тақырыбында таныстырылым

Таныстырылымның  мәтіні:

І.Діни  экстремизм және терроризмнің   анықтамасы.

ІІ. Діни экстремизмнің   таралуы.

ІІІ.Қазақстандағы   экстремизм  және  террорлық әрекеттер

IV. Қазақстан   Республикасының  дінге   қатысты   саясаты:

V.Қорытынды

Оқушыларғаинтернет сайттар  ұсынылады:

www.e-islam.kz

din-zko.gov.kz

muftyat.kz

 

 

Рефлексия:

1.Бүгінгі   сабақта жаңадан нені білдік?

2.Діни экстремизм  мен терроризмнің   пайда болу себептері  неде?

3.Дәстүрлі емес  діни  ағымдар туралы біз қайдан біле аламыз?

4. Дәстүрлі емес  ағымдар  мен  секталардан  сақтанудың жолдары бар ма?

5.Дәстүрлі  емес діни  ағымға  қызығушылық  білдіріп  жүрген   құрбыңды  райынан  қалай қайтарар едің?

 

 

 

Бір-біріне  бүгінгі  күнгі  тілектерін  білдіреді.

Шиыршықталған   қағаздарға   жазылған  «теологтар», «психологтар» және «саясаттанушылар» сөздері  арқылы алған   қағаздарына  орай  топтарға   бөлінеді.

 

Үй тапсырмасы бойынша оқушылар кезектесіп сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Барлығы бірлесе отырып сабақтың мақсатын анықтайды және сол мақсатқа жету үшін қандай сұрақтың шешімін табулары керектігін анықтайды.

 

 

 

 

 

Мәтінмен   танысады.

Топтық жұмыс орындайды.

 

Топтық жұмыс барысында Блум  таксономиясы   категорияларына  сай  білімдерін   көрсетеді.

 1-топ «Теологтар»-Діни  экстремизм  және терроризмнің    сипатын  ашып  көрсетеді. (Интернет  мәліметтерімен толықтыра  отырып, «Білу», «Түсіну» категориялары)

 

2- топ «Психологтар»- Діни экстремизм  және терроризмнің  пайда  болу себебі  туралы   (интервью, эссе «Қолдану», «Талдау»  категориялары)

 

3-топ «Саясаттанушылар»- Діни экстремизм  мен террордың   алдын  алу   жолдарын ұсынады. (постермен жұмыс, «Жинақтау», «Бағалау»  категориялары)

 

Инклюзивті оқыту: жеке тапсырманы орындайды

Дарынды  баламен  жұмыс:  топ  басшысы  ретінде топ  мүшелерінің  жұмысын  арнайы  бағалау парағында бағалайды.

 

Топтық жұмыс барысында «бағдаршам» арқылы топтар өзара бір-бірін бағалайды;

 

Сабақ барысында «Блум  ағашы»  «отырғызылып», сабақ соңындағы  рефлексия   барысында   ағаштан  түскен   жаңғақтарды   кірпі  «жинайды», яғни  оқушылардың  сабақты  қаншалықты   меңгергендігі осы жаңғақтар   санынан   көрінеді

Үйге тапсырма

«Дінтану  негіздері» «Білім»баспасы,16тақырып. Қосымша  интернет  мәліметтерімен  танысу.

Жиынтық бағалау

Формативті бағалауды, кері байланыста берілген жауаптарды ескеріп, жиынтық бағаны қояды.

Сұрақтарға жауап бере отырып, пікірлерін ортаға салуды,қорытынды жасай білуге үйренеді

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Қосымша пәндерЭкстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147952

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар