Әлемге рахым етіп жіберілген Алла елшісі

10 сәуір 2014 - Админ


 «Кім ізгілік істей отырып, өзін Аллаға 

 тапсырса, күмәнсіз ең мықты  тұтқадан

  ұстанғаны. Амалдардың соңы Аллаға бармақ»            

Лұқман сүресі ,22

     

       Өміріміз Исламмен, әсемдікпен  және  жақсылықтармен  безендірілген болса  екен дейміз.  Ол үшін Аллаға  деген  сүйіспеншілік  және  көркем  ахлақ  өмірімізге  шағылысуы  керек.  Тек  сонда  ғана  адам  деуге  болатын  адам боламыз.  Раббымыз  бізге  бұйыратын  істерді  жақсы  көре  отырып  істейсіңдер, істеме  дегендерінен қашарсыңдар деген.  Тілегіміз  жақсылықтарға  қуану, жамандықтардан жирену, жүрегіміздің  бір құмырсқаны  да  баспайтындай  жұмсаруы  және осылардың  бәрін  мінезімізге  кіргізу.  Әрдайым жақсылықтың  жаныныда  болуды таңдау.

     Алла  жаратқан  барлық  тіршілік  арасында  адамның  ерекше  орны  бар. Оған  бұл  ерекшелікті  беріп  тұрған  оның  ойлау  қабілеті. Адам ойлау  қабілетінің болуының  арқасында  жақсы  мен жаманды , әсемдік  пен ұсқынсыздықты, дұрыс пен  бұрысты  бір- бірінен  айыра  алады.  Адамның  сонымен қатар  жеу, ішу, ұйықтау  секілді  қажеттіліктері  бар.  Бұлар болмаса  денеміз  өз қызметін атқара  алмай , тіршілікті  жалғастыруға  жарамсыз болып қалады.  Дәл сол  сияқты  адамның сену,  ойлану , жақсы  көру, қуану,  қайғыру, пейілді  болу  сияқты  рухани қажеттіліктері  де  болады.  Солардың ішінде  адам үшін  ең қажетті  қажеттілігі рухани  сену, иман  келтіру. Міне осы қажеттіліктерінің  бәрін  тапқанда ғана адам шын  мәнінде  бақытты бола  алады.

    Иман, бір нәрсеге  ешбір  күмән келтірмей  сену және  сол  сенгеніне  іштей  сенімді  болу  деген сөз. Иман  келтірген  кісіні  мүмин деп атайды.  Ислам дініміздің  иман негіздері алтау: аллаға сену, періштелеріне  сену,  кітаптарына сену,  пайғамбарларына сену, ақырет күніне  сену, тағдырға  сену .  Бұлардың жиынтығынан  тұратын  мәтінді «Әмәнтү» деп атайды.

      Иман  негіздері «Аллаға  сену» негізінде  құралады. Аллаға сену, оны  тану арқылы  болмақ. Біз оның ұлы сипаттарын жіберген  пайғамбарлары   арқылы  және  киелі  кітабы  арқылы  танып білеміз.  Біз сенетін  және  жақсы  көретін Алла ең  көркем  және ұлы  сипаттарға  ие: Алла  ең ұлы. Ол  мәңгі  бар  және  мәңгі  бақи.  Әуелден  бері  бар  және  мәңгі   бар болады. Ол  жалғыз  және  теңдессіз. Ешбір  нәрсе  оған  ұқсамайды. Ол  ештеңеге  мұқтаж  емес.  Керісінше  бәрі  және  барлық  нәрсе  оған мұқтаж.  Бұл ғаламдағы  барлық  нәрсенің  шынайы  иесі Алла. Ол  өлімсіз, тіршіліктің  көзі.  Одан  басқаның  бәрі  өткінші.  Ол бәрін  және барлық  нәрсені  толық  біледі.  Еш нәрсе  одан жасырын  бола алмайды.  Ол  тіпті  ойымыздан  жүгіріп  өткен нәрселерден  де хабардар.  Қайда  болсақ  та ол  әр сөзімізді естіп,  әр ісімізді көреді. Дұға  тілеген  әр адамды  естиді , әрі  жауап қайырады.  Өзінің еркі мен  әмірлерін  пайғамбарлары  арқылы  адамдарға  білдіреді.  Қалаған  нәрсесін  ешкімнің  көмегінсіз  істей алады.  Қалаған  нәрсесін  қалаған  түрде  жаратады. Бір нәрсенің болуын  қаласа «Бол!» десе  болғаны  бола қалады.

    Аллаға иман  келтіру, оны жақсы көру деген сөз. Оны  жақсы  көретінімізді  тек қана  сөзбен  айта  салу  жеткіліксіз, іс- әрекетімізбен  дәлелдеуіміз керек. Сондықтан  да Аллаға  иман келтірген  адам  оның әмірлері  мен қалауын  орындауға  тырысуы керек.  Алланың  үнемі  өзін  көріп  тұратындығын  білген  адам,  әр ісіне  мұқият  болады.  Әрдайым  Алланы ойында  ұстайды.  Адамның  Алланы  есінде  ұстауының  бір  белгісі әр істі  бастамас  бұрын «Бисмиллә» айту.  Бисмилләнің  толық айтылуы  « Бисмилләһир-Рахманир- Рахим». Бұл сөздің  мағынасы: «Аса  қамқор, ерекше мейірімді Алланың  атымен» дегенді  білдіреді.  Бисмиллә айту  арқылы  біз  бірден  үш  нәрсені  істеген  боламыз :

-Аллаға  деген сеімімізді білдірген боламыз.

-Бастағалы тұрған ісімізге  Алладан жәрдем  сұраған боламыз.

-Оның әрдайым бізбен  бірге екендігін  тілмен  бекітемін.

 Аллаға  иман  келтірген  адам ....

  • Алланы жақсы  көреді, Алланың  да өзін  жақсы  көретінін біледі.
  • Алланың  бәрін  көріп  тұратынын, бәрін  естіп тұратынын біледі, сондықтан  да жалғыз болса  да,  көптің ішінде болса да  турашыл және әдепті болады.  Іші мен сырты  бірдей  болады.
  • Алланың  әділ екендігін, әділ болғандарды жақсы  көретіндігін біледі. Ешкімнің  ақысын жемейді, әрі өз ақысын жегізбейді.
  • Әлемдегі  барлық нәрсені  Алла  жаратқандығын  білгендіктен  барлық жәндіктерге сүйіспеншілікпен  және  мейіріммен  қарайды.
  • Алланың  дұғаларды еститінін  біледі .  Әрдайым Аллаға  сиынып ,  сенім  артып жүреді.  Осылайша  кез келген  істі атқаруға  күш алады.
  • Өзінің жаратылу  мақсатын, қайдан келгенін, қайда баратынын  біледі және  нық  сеніммен жүреді.

  Алла Тағала  адамдарға  тура жолды көрсету  үшін  және өзінің кітаптары  мен аяттарын  адамдарға  түсіндірулері  үшін  өз елшілерін  жіберген.  Бұл елшілер  пайғамбарлар деп атайды.  Пайғамбарлар Алланың  еркін түсіндіру, үйрету және өз ісімен  үлгі болу міндетін  кемшіліксіз атқарған.

    Алла  тағала  бұл әлемде қай нәрсенің қашан  және  қалай  болатынын өзінің  шексіз  білімімен  алдын ала  біледі. Себебі  әлемді  жаратқан  және  оған  дәлдікпен  барлық  өлшемді  орнатқан Алла Тағала.  Алла адамды жаратып, оған  еркін  түрде  өмір  сүру  мүмкіндігін  берген.  Адам жақсы  жолмен жүруді  немесе жаман жолмен жүруді  өз еркімен  таңдайды.  Негізінде Алла  қай  адамның қандай  жолмен жүретінін , ақыры  не болатынын да  кең білімімен біледі. Алланың әр нәрсеге бір өлшем  және  тәртіп  белгілеуін, және  тағдырларға  белгілі  нәроселерді  жазып  қоюын  қадар  деп  атаймыз.  Уақыт келгенде  сол  тағдырдың  орындалуын қаза  деп атаймыз.

    Алланың  бәрін  білетініне, әрбір түскен жапырақ  оның  бұйрығымен  түсетініне сенеді. Алла Тағаланың әлемде  қойған  өлшемдері  мен тәртібін  сақтауға  және бұзбауға  тырысады. Алланың  барлық  нәрсені белгілі  бір тәртіппен  жаратқанын  біледі  және  қиындықтарға  тап болғанда  Алланың  көмегіне  сенім  артады.

  Адамдар- бір- бірінің айнасы.  Өмірімізді  және қарым- қатынасымызды  белгілейтін өз іс-амалдарымыз. Бізге қалай қатынас  жасасын десек, біз де  солай  қатынас жасауымыз керек.  Не  алғымыз келсе,  соны беруіміз  керек. Жақсылық күтсек  жақсылық  істеуіміз керек, мейірім күтсек мейірім,  құрмет  көргіміз келсе құрметтей  білуіміз керек.  Басқадан не көруді қаламасақ оны өзіміз де басқаға  істемеуіміз керек.  Дұшпандық көргіміз келмесе дұшпандықтан, менмендік көрмеу үшін  менмендіктен өзіміз  аулақ  болуымыз керек.  Адамдар бір- бірінің  айнасы  деген осы.

Авторы :    Асылтұрсынова Құралай Ержанқызы

ҚМУ  І курс  студенті.     «Инженер» мамандығы

Қызылорда қаласы

Абай даңғылы, 35 үй  65 пәтер.

8-775-221-20-06

Туған жылы :  1995жыл 20 маусым

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119638

Пікірлер (3)
Ержан Жабыл облысынан # 13 маусым 2014 в 17:09 0
Алла разы болсын!
Тілекқали # 28 шілде 2014 в 00:28 0
Құраннан артық кітап жоқ,Ісламнан асқан дін жоқ.оның оқуынан асқан да, асар да ілім мен білім жоқ.Алладан асқан құдірет жоқ.Тек бір Аллаға табынамыз.Құралай балам алған бағытың дұрыс,осы ақиқат жолынан тайма.Өмірде нанымы бар,соны ұстанатың адам адаспайды.Алла бәрімізді Ібілістің арбауынан,адасудан сақтасын.Пайғамбар жасына таянғанша өмір бойы осы фәлсәфаны терең пайымдап,көзім әбден жеткен соң көзқарасыңды оқып дұрыстығына ілтипат білдіріп отырмын.Жаратушы Иеміздің алдында күнәміз жетіерлік.Алла Өзі кешсін. Осы порталдан "Шумер,Алаш,Түрік.Қазақ" атты еңбегіммен,не болмаса менеің сатыма шығып "Алаш барысы Тоғым хан","Қатаған қырғыны","Делбегетей тауы туралы аңыз",т.б. дастан,жыр жаодарын оқып танысуыңа болады.Оқуың білікті,еңбегің жемісті болғай балам.
Нургиза Кульджина # 9 қазан 2015 в 12:04 0
"Басы ауырмағанның Алламен ісі жоқ" деген сөз бар ғой. Шарасыз күйде қалғанда ғана Құдайды есімізге алып, көмек сұрайтынымыз шындық.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар