Көңілді сөре

3 ақпан 2014 - Мирас
Көңілді сөре

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы

ГКС-12 орта мектебінің

дене шынықтыру мұғалімі

Ахметов Мирас Жадырасынұлы

Тақырыбы:Көңілді сөре

 Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру;

2.Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

3.Оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету.Білім, білік дағдыларын кеңейту;

 Жарыстың түрі:командалық

Өтетін орны:спорт зал

Өтетін сыныбы:6-7 сыныптар

Құрал-жабдығы:доп, кедергілер, ысқырық, шығыршық, қап, эстафета таяқшасы т.б.

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Жарысымыздың қорытындысын шығарып,әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру.

 

ІІ.Жарыстың шарттары:

1.Сәлемдесу.  (ұраны, эмблемасы-топ аты)

2. «Эстафета таяқшасын алып жүгіру»

Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша кедергілердің арасымен эстафета таяқшасын алып белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады.Екінші ойыншыға береді.Бірінші келген команда жеңіске жетеді.

3. «Шығыршықпен тасу»

Төрешінің белгісі бойынша 1-ші ойыншы  шығыршықпен белгіленген жерге топ мүшелерін біртіндеп тасып, кейін қайтады.Соңғы ойыншыны апарып, барлығын бірдей алып келеді.

4. «Парақ тасу».

Төрешенің белгісі бойынша белгіленген жерге дейін ойыншы  1 қолмен ақ қағазды алып барады. /2-ші қолмен көмектесуге болмайды/. Қайтар кезде қағазды келесі қолмен ауыстырып ұстайды.

5. «Қаппен жүгіру»

Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып, белгіленген жерге секіріп барып, кейін қайтады.Қапты шешіп келесі ойыншыға береді.Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

6. «Сиам егіздері»

Екі ойыншы бір-бір қолдарымен баскетбол добын қысып ұстап, алып жүреді. Межеге барған соң қолдарып ауыстырып алып келеді. Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

7. «Кім жылдам?»

Бір ойыншы  белгіленген жерге дейін өкшемен жүріп  барып, сол жерде сұраққа жауап беріп, қайтарда жүгіріп келеді, келесі ойыншы да солай жасайды. Бірінші аяқтап, дұрыс жауап берген  топ жеңімпаз болады.

8.«Арқан тарту»

Команда мұшелері түгел арқан тартуға шығады.Белгіленген жерге қарсылас команда мүшелерін тартып келеді.Командалар бір-бірімен түгел арқанмен тартысады.

ІІІ.Қорытындылау.

Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.

Командалар сап түзеп қатарға тұрады.

Ұпай санын есептеп, жарысқа қатысқан командаларды марапаттайды.

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141951

Пікірлер (1)
Админ # 3 ақпан 2014 в 22:29 0
құрметті Мирас сабақ қосқаныңызға рахмет! келесі жолы қосқанда тақырып жазатын жерге Өзіңіз туралы жазбай сабақтың тақырыбын жазуыңызды сұраймын.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар