Тұрған қалыпта оңға, солға, алдыға, артқа қарай ауысулар, жоғардан допты екі қолмен тосу

2 ақпан 2014 - Мирас

Сабақтың тақырыбы: Волейбол: Тұрған қалыпта оңға, солға, алдыға, артқа қарай ауысулар, жоғардан допты екі қолмен тосу

Мақсаты және міндеті:

                                      1. Күш қабілет деңгейін жетілдіру.

                                     2.  Қимыл қозғалыс деңгейін  дамыту

                                    3. Инабаттылыққа тәрбиелеу

 

Қолданылатын спорт құралдар: ысқырық, секундомер, волейбол  добы

 

 

Бастапқы бөлім: 10 мин

_Сыныпты сапқа тұрғызу.Кезекшіден рапорт қабылдау.Оқушылармен сәлемдесу.Сабақ тақырыбымен таныстыру.Мақсатын түсіндіру.Спорт алаңда дене қыздыру жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындау.Оң жақ қапталмен, сол жақ қапталмен, артқа қарай жүгіру.Арнайы жүгіру жаттығулары.Тізені көтере жүгіру.Аяқты артқа, жанға, алға сермей жүгіру.Жылдам жүгіру.Тыныс алу жаттығулары.Ж.Д. жаттығулар құралсыз мойын, иық, кеуде, бел, жамбас, аяқ. 6-8 рет.Сапқа тұрғызу

 

 

Негізгі бөлім: 30 мин

Оқушыларға алаң ішіндегі орын ауыстыру әдіс тәсілдерін үйрету: Алайда оқушылардың көпшілігі ыңғайлы да оңтайлы орын таба алмай қалуы да  мүмкін.Бұл жердегі міндет- белгілі бір ойын тәсілін дәл орындап шығу.Сондықтан орын ауыстыру техникасының элементтері ойын барысындағы әрбір жағдайды дұрыс бағдарлап, соған қарай тез қимыл-әрекет  жасауды қажет етеді.Орын ауыстыруға мынадай қимыл-әрекеттер енеді.

1) қадамдар жасау – тік тұрған ойыншы әр түрлі бағытта ілеспелі (қосалқы) қадамдар жасайды: алға, артқа, оңға, солға аттау және екі қадам жасау.2) секіріп қалу (секектеу)- бұл екі қадам жасау, бірақ қимылдың соңына қарай ұшу әрекеті көрініс береді.

Оқушылырды екі топқа бөлу,қарама-қарсы ара қашықтығы 5-9 м жерден допты жоғардан, төменнен беру және қабылдау әдіс-тәсілдері;1-ші жоғарыдан қабылдау.волейболшы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғлыс жасап,ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады.Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.Төменнен қабылдау,қайтару әдіс-тәсілдері;қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады.Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады,қолдың қарын көтеріп, бұрады.Содан кейін барып қайтарады.Допты қабылдау көбіне орын ауыстырғаннан кейін,әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тиімді.Жаттығуларды орындағандағы кезде қателіктеріне назар аудару, ескертулер жасау.Соңында сыныпты топқа бөлу арқылы ережеге сәйкес екі жақты ойын ойнату.

 

 

Аяқталу бөлімі: 5 мин

 

  Сыныпты сапқа тұрғызу.Сабақты қорытындылау.Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма беру.Оқушылармен қоштасу. Ұйымдасқан түрде оқушыларды сыныпқа жіберу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148655

Пікірлер (1)
Админ # 3 ақпан 2014 в 01:38 0
Сайтқа қосарыңыз көбейе берсін, сіз сияқты жаңашыл ұстаздар көбейе берсін!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар