Гимнастика мен акробатика

28 сәуір 2015 - Құралай Орманова

Алматы облысы, Райымбек ауданы

Сарыжаз орта мектебі, Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Бозбашаев Дүйсен

Тақырыбы: «Гимнастика мен акробатика»

Мақсаты

Білімділігі: Оқушыларды білім-білік дағды жүйесіне қаруландыру

Тәрбиелік: Оқушының дүние танымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру

Дамытушылық: Сабақ кезіндегі баланың ойлау, қозғалу, шығармашылық қабілетін, жігерін, көңіл-күйін, ынтасын, қиялын дамыту.

Типі: Қайталау сабағы

Пайдаланылған материалдар: 5 сынып оқулығы

Барысы

1. Кіріспе

Зал тазалығы, сабаққа қажетті құралдардың қамтылуы олардың қауіпсіздігі.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ/2-3 мин/

Залдағы оқушыларды сапқа шақыру, кезекші рапортын қабылдау, амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру, денсаулығын бақылау

Әдістемелік нұсқау: Залдың таза, жарық, санитарлық талапқа сай болуы.

Оқушылардың саптағы тұрысы, спорт формасы, днсаулығының жарамдылығын тексеру

ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІ /7-10 мин/

-Сынып, түзел, тік тұр! Оңға бастапқы қалыпты ұста, алға бас.

Жүру, жүгіру, 100-200м жылжымалы жаттығулар, секіру, айналу, аттау, оңға-солға айналу, жартылай жүрелей жүру, аяқ ұшымен, жанымен жүру, аяқпен секіре жүру.

Саптағы жаттығулар.

а. Керіліп, созылу жаттығулары

б. Буындарды қыздыру жаттығулары

в. Әдейленген жаттығулар.

Әдістемелік нұсқау

Сапты бұзбау, ара қашықтықты сақтай жүру, әдістерді дәл іске асыру.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ /25-30 мин/

Үй тапсырмасын тексеру, 2-3 оқушыдан сұрап, еске түсіру

Сабаққа мақсат қою. Түсіндіру, көрсету.

1аялдама:

Арқанға өрмелеу, арқанға асылып тұрып, аяқты тізені қыса созылып жоғары көтерілу.

Әдістемелік нұсқау

Қолдың күшімен жоғары қарай тартылу

2аялдама

Ағаш аттан секіру. Жүгіріп келіп қол тіреп, ағаш аттан секіріп түсу. Түскен кезде тізені бүгіп, қолды алдыға қарай тіреп, аяқ ұшымен түсу.

Әдістемелік нұсқау

Жүгіріп келе жатып, қолды алдыға жіберіп, ағаш аттан екі қолды тіреп секіріп түсу.

3аялдама.

Гимнастикалық орындыққа отырып екі қолмен ұстап артқа немесе алға аунап түсу. Орындық үстінде ұзыннан созылып басты өкшеге тигізу.

Әдістемелік нұсқау

Орындықтың үстінде тепе-теңдңкті сақтап, әдістерді дұрыс жасау.

4аялдама

Гимнастикалық мата үстінде алдыға домалау. Қолды мата үстін тіреп желкемен алдыға домалап аяқпен тұрып кету.

Әдістемелік нұсқау

Екі қолды матаға тіреп желкемен матадан аунап түсіп, екі аяқпен тең ұстап тұрып кету.

5аялдама.

Кермедегі жаттығулар. Асылып тұрып алдыға немсе артқа секіріп түсу.

Осы әдістерді топ басшысының автобусқа отырғызу арқылы қызықтыра жүзеге асыру. Жылдам, тәртіпті, сапалы ережені сақтай отырып орындау. Бұл жаттығуларды барлық оқушы мұғалім бақылауымен жасауға болады.

Әдістемелік нұсқау

Тербелген кезде аяқпен серпіліп, аяқ ұшымен жерге екі қолды алдыға соза жеңіл түсу.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ:

Оқушыларды сап бойынша жүргізіп бастапқы қалыпқа келтіру, денені босату, сапқа тұрғызу, белсенді оқушыларды ынталандыру, мақтау.

Үйге тапсырма беру, оқушылардың көңіл-күйін сұрап, саппен залдан шығару.

Әдістемелік нұсқау

Жүрек қағысын бастапқы қалпына келтіріп, жүрек қағысын бақылау, үйде осы әдістерді дамыту.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083465

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар