«Жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру» Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар

11 мамыр 2014 - Серік Ұзақбайұлы

Қысқа мерзімді жоспар – 4

Пәні: Дене шынықтыру

Сыныбы: 5 «А» сыныбы

Мерзімі: 15.05.2013

Пән мұғалімі: Бухарбаев Ж.

Сабақтың тақырыбы

«Жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру»

Жалпы мақсаттар

Жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру техникасын үйрету.

Оқыту нәтижесі

Жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру техникасы туралы түсінік алады, ұзындыққа секіруді үйренеді,

топтық жұмыс істеуге, өзгенің пікірін тыңдауға, талқылауға үйренеді, шығармашылық қабілеті артады.

Оқыту әдістері

Қызығушылығын ояту, диалогтық әдісі

Тапсырмалар түрлері

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушылардың

іс – әрекеті

Ресурстар

Жұмыс түрі,

уақыты

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру жұмысы

Түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру, техника қауіпсіздік ережелерін таныстыру.

Сапқа тұру, сәлемдесу, ақпар беру.

Ұйымдастыру.2 мин

Қыздырыну жаттығулары

Жүру үстінде орындалатын жаттығулар,

жүгіру үстіндегі жаттығулар,

бір орнында тұрып жасалатын жаттығулар орындатылады.

Жаттығуларды орындайды.

Жаттығу орындату.

7 мин

Оқушылар сабаққа дайындықтарын көрсетеді.

Топқа бөлу

Олимпиада чимпиондары, атақты футболисттер және спорттық құралдардың суреттері арқылы топтастыру. Топ жетекшісі анықталып, оған бағалау парақтары тапсырылып түсіндіріледі.

Қызығушылықтары оянады, топқа бөлінеді.

Үлестірме қағаздар, бағалау парақтары.

Топқа бөлу.

3 мин

Топқа бөлінуді үйренеді, достық, сыйластық қарым-қатынас қалыптасады.

«Қызығушылығын арттыру»

Оқушыларға суреттің артына сандар жазылған суреттерді табуды тапсыру және бұл сандардың нені білдіретінін оқушылардан сұрау. Жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру техникасының көрсеткішін сұрақ-жауап арқылы түсіндіру.

Жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру техникасын, көрсеткішін біледі.

Түсіндіру.

15 мин

Жеңіл атлетиканың жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру түрінен мағлұмат алады.

Жаңа тақырып бойынша жаттығулар жасату

Әр топқа жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру техникасын, белгіленген сызықтан тез жылдамдық алу техникасын, құмға түскенде қолданылатын техникасын көрсетуді тапсыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту.

Оқушылар техникаларды практикада көрсетеді.

Ысқырық

Жаттығуларды орындату.

10 мин

Жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру техникасын практикада үйренеді.

Диалогтық әдіс

Белгіленген уақытта әр топқа үш қарғып секіруден Олимпиада чимпионы Ольга Рыпакованың суреті жабыстырылған плакатқа чимпион туралы ойларын сатылап жазу тапсырылады.

Оқушылар ойларын сатылап жазып шығады, топ жетекшісі қорғап шығады.

Ысқырық, секундамер, плакат, түрлі түсті маркерлер.

Сын тұрғысынан ойлату.

8 мин

Жаңа сабақтан алған білімдерін пысықтайды, өз ойларын ашық жеткізуге үйренеді, өз мүмкіндігіне сенімі артады.

Рефлексия (қорытындылау)

Сапқа тұрғызу, оқушылардың жетістіктерін айтып түсіндіру. Сұрақтар қою арқылы сабақты қорыту.

Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты игергендерін көрсетеді.

Қорытындылау3 мин

Жетістікке жетуге ынталанады.

Бағалау

Топ лидеріне таратылған бағалау парақтары арқылы бағаланады. Критерийлерге тоқталып неліктен ондай баға қойғаны сұралады. Критерийлер:

·Сабаққа қатысу ынтасы

·Жаңа тақырыпты меңгеруі

·Жаттығуларды орындағанда шапшаңдығы мен дұрыстығы

·Топта жұмыс жасауы

Оқушы бағасымен келісетінін не келіспейтінін және неліктен екенін айтады.

Бағалау парағы.

Бағалау.

2 мин

Өз-өзіне баға беруге үйренеді.

Осыған ұқсас жазбалар:

Дене шынықтыру«Төменгі сөреден 30 метрге жүгіру» қысқа мерзімді жоспар

Дене шынықтыру«Бір орында тұрып ұзындыққа секіру» қысқа мерзімді жоспарлар

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151004

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар