«Қарама-қарсы эстафета» Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар

11 мамыр 2014 - Серік Ұзақбайұлы

Қысқа мерзімді жоспар – 1

Пәні: Дене шынықтыру

Сыныбы: 5 «А» сыныбы

Мерзімі: 17.04.13

Пән мұғалімі: Бухарбаев Ж.

Сабақтың тақырыбы

«Қарама-қарсы эстафета»

Жалпы мақсаттар

Қарама-қарсы эстафетаның тәсілдерін үйрету, топқа бөлінуді үйрету.

Оқыту нәтижесі

Қарама-қарсы эстафетаның тәсілдері туралы түсінік алады, топтық жұмыс істеуге үйренеді.

Оқыту әдістері

Қызығушылығын ояту, эстафеталық жарыс

Тапсырмалар түрлері

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушылардың

іс – әрекеті

Ресурстар

Жұмыс түрі,

уақыты

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру жұмысы

Түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру, техника қауіпсіздік ережелерін таныстыру.

Сапқа тұру, сәлемдесу, ақпар беру.

Ұйымдастыру

Қыздырыну жаттығулары

Жүру үстінде орындалатын жаттығулар,

жүгіру үстіндегі жаттығулар,

бір орнында тұрып жасалатын жаттығулар орындатылады.

Жаттығуларды орындайды.

Жаттығулар орындату.

7 мин

Оқушылар сабаққа дайындықтарын көрсетеді.

Топқа бөлу

Спортқа қатысты суреттердің қиындысын біріктіру арқылы топтастыру.

Оқушылар суреттерді құрастыру арқылы топтасады.

Үлестірме қағаздар.

Топқа бөлу.

3 мин

Топқа бөлінуді үйренеді, ауызбіршілікке тәрбиеленеді.

«Қызығушылығын арттыру»

Қарама-қарсы эстафетаның тәсілдерін түсіндіру, көрсету.

Қарама-қарсы эстафета туралы ақпарат алады.

Ысқырық, таяқшалар, пирамидалар.

Түсіндіру.

15 мин

Қарама-қарсы эстафета туралы мағлұмат алады, жаңа тақырыпты меңгереді.

Жаңа тақырып бойынша жаттығулар жасату

Эстафеталық жарыс ұйымдастыру. Үш топты қарама-қарсы тұрғызып жарыстыру.

Оқушылар уақытқа жарысады.

Ысқырық, таяқшалар, пирамидалар, секундомер.

Жарыстыру.

10 мин

Жылдам жүгіруге үйренеді, таяқша беруді, қабылдауды үйренеді.

Рефлексия (қорытындылау)

Сапқа тұрғызу, оқушылардың жетістіктерін айтып түсіндіру. Сұрақтар қою арқылы сабақты қорыту.

Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендерін көрсетеді.

Қорытындылау3 мин

Ойларын ашық жеткізуге үйренеді.

Бағалау

Мұғалім оқушыларды сабақтағы жетістігін айта отырып бағалайды.

Оқушы бағасымен келісетінін не келіспейтінін және неліктен екенін айтады.

Бағалау.

2 мин

Өз-өзіне баға беруге үйренеді.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141158

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар