«Төменгі сөреден 30 метрге жүгіру» қысқа мерзімді жоспар

11 мамыр 2014 - Серік Ұзақбайұлы
«Төменгі сөреден 30 метрге жүгіру»  қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Дене шынықтыру

Сыныбы: 5 «А» сыныбы

Мерзімі: 8.05.2013

Пән мұғалімі: Бухарбаев Ж.

Сабақтың тақырыбы

«Төменгі сөреден 30 метрге жүгіру»

Жалпы мақсаттар

Төменгі сөреден 30 метрге жүгіру техникасын үйрету.

Оқыту нәтижесі

Жеңіл атлетика жаттығулары туралы білімдерін толықтырады, тез бағдарлауға үйренеді,

топтық,ұжымдық жұмыс істеуге үйренеді, шығармашылық қабілеті артады.

Оқыту әдістері

Қызығушылығын ояту, диалогтық әдісі

Тапсырмалар түрлері

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушылардың

іс – әрекеті

Ресурстар

Жұмыс түрі,

уақыты

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру жұмысы

Түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру, техника қауіпсіздік ережелерін таныстыру.

Сапқа тұру, сәлемдесу, ақпар беру.

Ұйымдастыру.2 мин

Қыздырыну жаттығулары

Жүру үстінде орындалатын жаттығулар,

жүгіру үстіндегі жаттығулар,

бір орнында тұрып жасалатын жаттығулар орындатылады.

Жаттығуларды орындайды.

Жаттығулар орындату.

7 мин

Оқушылар сабаққа дайындықтарын көрсетеді.

Топқа бөлу

Үй жануарлар жанұясымен топтастыру (тауық, ит, жылқы).Топ жетекшісі анықталып, оған бағалау парақтары тапсырылып түсіндіріледі.

Қызығушылықтары оянады, топқа бөлінеді.

Үлестірме қағаздар, бағалау парақтары.

Топқа бөлу.

3 мин

Топқа бөлінуді үйренеді, достық қарым-қатынас қалыптасады.

«Қызығушылығын арттыру»

Төменгі сөреден 30 метрге жүгіру техникасын, көрсеткішін мультимедиалық тақтадан суреттер көрсету арқылы түсіндіру. Спорттың осы түрі бойынша атақты спортшыны атап өту, суреттерімен таныстыру. Оның қанша метр бағындырғанын айтып, оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Спорттың осы түрі бойынша жаңа ақпарат алады, спортшымен танысып, білімдерін толықтырады.

30 метрге жүгіру техникасын, көрсеткішін біледі.

30 метрге жүгіру техникасының суреттері. Спортшылардың суреттері.

Түсіндіру.

15 мин

Төменгі сөреден 30 метрге жүгіру туралы мағлұмат алады, өтілген жаңа материалды меңгереді.

Жаңа тақырып бойынша жаттығулар жасату

Әр топқа сөреде тұру техникасын, сөреден тез жылдамдық алу техникасын, мәреге жеткенде қолданылатын техникасын көрсетуді тапсыру.

Оқушылар техникаларды көрсетеді.

Ысқырық.

Жаттығуларды орындату.

8 мин

Төменгі сөреден 30 метрге жүгіру техникасын практикадаүйренеді.

Диалогтық әдіс

«Қатені тап» білімді пысықтау ойыны. Белгіленген уақытта әр топқа өтілген тақырып бойынша сурет салу тапсырылады, бірақ суретте қате болу керек, келесі топ сол қатені табу керек.

Оқушылар сурет салады, сурет бойынша өз ойларын ортаға салып, талқылайды.

Ысқырық, секундамер, плакат, түрлі түсті маркерлер.

Ойын ойнату.

10 мин

Жаңа сабақтан алған білімдерін пысықтайды.

Рефлексия (қорытындылау)

Сапқа тұрғызу, оқушылардың жетістіктерін айтып түсіндіру.Сұрақтар қою арқылы сабақты қорыту.

Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты игергендерін көрсетеді.

Қорытындылау3 мин

Ойларын қорытып, тұжырым жасауға дағдыланады, жетістігін біледі.

Бағалау

Топ жетекшісіне таратылған бағалау парақтары арқылы бағаланады. Критерийлерге тоқталып неліктен ондай баға қойғаны сұралады. Критерийлер:

·Сабаққа қатысу ынтасы

·Жаңа тақырыпты меңгеруі

·Жаттығуларды орындағанда шапшаңдығы мен дұрыстығы

·Топта жұмыс жасауы

Оқушы бағасымен келісетінін не келіспейтінін және неліктен екенін айтады.

Бағалау.

2 мин

Өз-өзінің жетістігіне баға беруге үйренеді.

Осыған ұқсас жазбалар:

Дене шынықтыру«Бір орында тұрып ұзындыққа секіру» қысқа мерзімді жоспарлар

Дене шынықтыру«Жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру» Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141219

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар