ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

10 сәуір 2015 - Күлзия Есенқызы

ТӘНІСАУДЫҢЖАНЫСАУ

Амангельдинов Алмас Амангельдинович

дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

№56 мектеп-лицей, Астана қаласы

Елбасы казіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Яғни, дені — сау, білімді, білікті, жан — жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді.

Біздің ата — бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” — деп бекер айтпаған. Сондықтан спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан – жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, дене тәрбиесі — барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы — қозғалыс, қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Дене тәрбиесі жаттығуларын жүйеге түсіріп белгілі бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Атам қазақ бірінші байлық — денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты болмақ. Бұл сөз кезегінде жақсы оқуға жемісті еңбек етуге деген ынта — жігерді арттырады. Ал жасампаз еңбек елдің табысын еселейді. Отанның данқын асқақтатады. Денсаулығы күшті, бойында қуат күші мол шымыр — шыныққан, жан — жақты дамыған адам Отаншыл келеді, Ата — баба аманаттан қалдырған байтақ жерді қорғауға қабілетті келеді.

Біздің мектебімізде де Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру тәрбие тұжырымдамасы аясындағы «Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағыты бойынша оқушылардың бойында салауаттылықты қалыптастыру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтар болсақ, түрлі спорт секцияларын ұйымдастыру ( баскетбол, волейбол, футбол т. б), қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау (аударыспақ, тоғызқұмалақ, батпан көтеру), мекемелер арасында жолдастық кездесулер өткізу, қалалық спорт мектептерімен байланыс орнату.

Бүгінгі таңда оқу жүйесіне президенттік тесттің бағдарламасы да кіріп отыр. Әрине, президенттік тесттің нормативтер көрсеткіштерінен сынама тапсыру әркімнің міндеті болып табылады.Мектеп оқушылары мен оқытушылары арасында спорттық ойындардың ішінде қозғалмалы ойындарға қызығушылық өте басым. Қозғалмалы ойындарға баскетбол, волейбол, футболды жатқызуға болады. Бұл жаттығулардың пайдасына тоқтала кетейік.
Спорттық ойындардың бір түрі – баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі
Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады – жүгіру, жүру, секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады. Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Бүгінгі баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын — соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.

Волейбол – спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі.Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т. б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады.

Қорыта айтқанда, өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан — салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік аласың емес пе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін — өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152271

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар