Жарнама және оның түрлері.

13 мамыр 2016 - Күлзия Есенқызы

Манат Құрмансия

экономика пәні мұғалімі

Астана қаласы №56 мектеп-лицейі

 

 

Сыныбы:6

   Сабақтың тақырыбы: Жарнама және оның түрлері.

   Сабақтың мақсаты: Оқушылардың саналарына жарнама ұғымы мен олардың түрлері тақырыбын өткен сабақпен байланыстыра отырып қалыптастыру. Ойлау қабілеті мен шығармашылық қабілетін дамыту. Жеке, ұжымдық жауапкершілікке тәрбиелеу.

   Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қолдан жасалған ақшалар.

  Сабақтың түрі: аралас.

                                Сабақтың барысы.

 а) Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару.

 б) Үй тапсырмасын сұрау.

 

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы:        Жарнама.

 

                                  «Шындығында адам жарнамадағы хабарландыруды                                          

                                    оқымайды, олар одан өзіне керек нәрсені іздейді, осы             

                                    жағдайға жеткізген жарнама – нағыз жарнама болып   

                                    саналады.

                                                Говард Госиди, жарнама жөніндегі маман, АҚШ

[Овал: Жарнама жасаудың тірек нүктесі.]

 

Тауар өткізуге қажет қандай да бір ақпаратты жинау,өңдеу, рәсімдеу

 

Сатып алушылардың саны, сатып алу жиілігі, сұранымның маусымдық  ауытқылауы.

 

Тұтынушылар арасында сауалнама өткізу, тұынушыларды тауар бағасын зерттеу, тұтынушылардың  неге ілтипат білдіретіндігін бақылау

 

                                             Адамның негізгі қажеттілігі жарнама

                                                      жүзінде.

 

 
[Скругленный прямоугольник: Тамақ ішу қажеттілігі] [Скругленный прямоугольник: Жан сақтау қажеттілігі] [Скругленный прямоугольник: денсаулық] [Скругленный прямоугольник: Сүйіспеншілік сезімін қажет ету.Адам өзінің біреуге ұнайтындығын, оны біреу сүйетіндігін, жан дүниесін түсіне білетіндігін үнемі айтқанды тәуір көреді.]

[Скругленный прямоугольник: Көңіл көтеру қажеттілігі]

 

Жарнаманың құндылықтары.Жарнама негізінен тұтынушы  мен экономиканың мүддесіне қызмет етеді.Бұлай дейтіндігіміз бірнеше себептері бар.

а) Ол тұ т ынушыларға баға, нарықтағы соңғы жетілдірілген (жақсартылған) жаңа тауарлармен қызмет көрсетулер туралы мәлімет береді.

ә) Жарнама жиі бағаның төмендеуіне әкеледі.Неліктен ірі кәсіпорындарында тауардың әр-басына шаққандағы шығын төмен болатындығымен сіздер 7-тарауда танысасыздар.Жарнама көпшілік нарығын құрып,өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, бұл өндірушілерді өздерінің шығындарын азайтуға мәжбүр етеді.Осындай жағдай тұтынушыларға тиімді.

б) Жарнама бәсекелестікті дамытады, бұдан тұтынушылар ұтады.Бір фирманың жарнамасы осы саладағы басқа қалған кәсіпорындарды кем дегенде сондай сапа деңгейіне жетуге ұмтылдырады.Мұнын себебі – тұтынушының ақшасы үшін бәсекелестік.

в) Жарнамадан түсетін табыс журналдар мен газеттердің шығындарының көп бөлігін, ал коммерциялық радио мен теледидар ұстау шығындарын толық төлейді.

г) Жарнама тұтынушы сұранымын жандыра отырып, жалпы экономикаға пайда келтіреді.

Жарнаманың кемшіліктері. Жарнама қоғамға тек қана пайда келтіреді дегенге әркім сене бермейді.Шынында да, оның төмендегідей кемшіліктері бар:

а) Жарнамалар мазмұны жиі таяз болып, тұтынушыларды жаңылдыруы мүмкін.

ә) Жарнама көп қаржы шығынын талап етіп, тауардың бағасын көтереді.

 б) Жарнама тұтынушыларды қызықтырып, олардың керек емес тауарлар сатып алып, артық ақша жұмсауына себеп болады.

в) Көпшілік ақпарат құралдары жарнма беретіндерге тәуелді болып, ол олардың еркіндігін шектейді.

 Жарнама стратегиясы. Жарнама қолданылатын стратегиялардың ең әйгілі түрлері: ұрандар, ақыл – парасатқа шақыру, сезімге шақыру.

а) Ұрандар.Мұндай жарнамаларда аз мағыналы, кейде тіптен мағынасыз сөз тіркестері де пайдаланылады.

ә) Ақыл – парасатқа шақыру. Бұл жарнамалар қайсыбір тауарды тұтынушының психологиясына әсер етуге негізделген.Ол мынандай әдістермен жасалуы мүмкін.

б) Ант түрінде сендіру. Жарнаманың бұл түріне кино, рок және спорт жұлдыздарын тауар жарнамалауға пайдаланады.Көбінесе бұл әдіспен спорт тауарларын жарнамалайды.

в) Ырықсыз қызықтыру. Жарнамада, осы тауарды барлық азаматтар қолданады деп адамды сендіріп, ол өзін  басқалардан ерекше көрінбейін деп, сол тауарды алуға мәжбүр болды.

в) Әйгілілік. Мұндай жарнамалар тек осы тауардың көмегімен ғана өмірде табысқа жетесін немесе сүйетін адамыңды табасың деп сендіреді.Нақты мысал – тіс пастасын бақытты ғашықтардың жарнамалауы.

 

 

                  Жарнаманың артықшылығы мен кемшілігі.

 Жарнаманың артықшылығы.Жарнама тұтас алғанда әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы тұтынушылардың және экономикалық мүддесіне қызмет  етеді.

-         Жарнама тұтынушыларды нарықтағы баға, соңғы жетістіктер мен жаңа тауарлар,қызмет көрсетулер туралы ақпаратпен жабдықтайды.

-         Жарнама кейде бағаның арзандауына септеседі.Ол жаппай нарықтағы  жағдайын жасақтай отырып өнімнің өзіндік құнының азаюына және  тұтынушылардың өз ақшасын үнемдеуіне мүмкіндік береді.

-         Жарнама бәсекені ынталандырады, бұл кімге де болсын пайдалы. Бір фирманың жарнамасы қалғандарына аз болғанда әлгі сапа деңгейіне жетуіне, сөйтіп осы арқылы тұтынушылар ақшасын қалтаға түсіруге құлшындырады.

-         Жарнамадан түскен табыс газеттер мен журналдардың шығуына кететін шығынының үлкен бөлігін, коммерциялық радио мен телевидениені ұстауға шығатын бүкіл шығынды құрайды.

-         Жарнама жалпы алғанда тұтыну сұранымына серпін бере отырып экономикаға пайда әкеледі.Жарнама сұранымды қажет деңгейде ұстап тұруға көмектеседі.

Жарнаманың кемшіліктері:

-         Жарнаманың мазмұны көбінесе теріс мәліметтерге құрылып, сатып алушыларды адастырып жібереді.

-         Жарнамаға қомақты қаржы шығындалатындықтан  мұның өзі тауар бағасын қымбаттатып жібереді.

-         Жарнама тұтынушылардың өздеріне тіпті де қажеті жоқ тауарға ақша шығындауына күштеп көндіреді.

-         Бұқаралық ақпарат құралдары жарнама берушілерге тәуелді болып қалатындықтан олардың еркіндігі де шектеледі.

Бекіту: Экраннан жарнама көрсету және талдау.

Үйге тапсырма беру: Әр оқушы өзінің жақсы көрген тауарына жарнама дайындап келу.

Бағалау: Оқушылардың жұмыстарына байланысты бағалау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110097

Теги: жарнама
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар