Калашников автоматы мен пулеметі

7 желтоқсан 2014 - aidin bainazarov
R

Пәні:  алғашқы әскери дайындық

Сабақ өтетінсынып:10

1.Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматы мен пулеметі

1. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға автоматтың (пулеметтің) бөлшектері менмеханизмдерінің құрылымын және арналуы мақсатын түсінуде өз бетімен және топпеноқу арқылы теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру

Дамытушылық: Оқушының  алдынасұрақ қою арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау және қабылдаудәрежесін жетілдіру.Танымдық дағдысын дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеугедағдыландыру

Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке,әскери жарғыережелерді құрметтеуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

-өз бетімен және бөлімшемен жұмыс істей отырып Калашниковавтоматы (қаруы) туралы жан-жақты түсінік алып, қаруды қолдану ережелерінүйренеді.

3. Уақыты: 45 минут.

4.    Өткізілетін орны: 10 сынып,№ 9 БӘД  кабинеті

5.    Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, интер белсендітақта, оқу қаруы,қару-жарақ столы, презентация, бейне үзіктер, бағалау парағы

6.    Сабақтың әдіс-тәсілдері:бөлімшелік, деңгейлік

Сабақтың барысы:

1)   Ұйымдастыру

-оқушылардыңсапқа тұруы

-взводкомандирінің баяндауы

-оқушыларменсәлемдесу

-оқушылардыңсырт келбетін тексеру

-оқушылардыңназарын сабаққа аудару

 

Сабақтың ұраны:

 

Бірінші және екінші санау арқылы бөлімшеге  бөлінеді

Бөлімше  командиріне бағалау парағын беру

 

Бөлімше  ережесімен танысу.

1.Ұйымшылдық

2 Бөлімшемен  бірге болу

3.Уақытты үнемдеу

4.Бірін бірі тыңдай білу

5.Пікір алмасу

6.Белсенділік көрсету.

7.Өзара көмек

8.Әскери кішіпейілділік қарым-қатынаста болу

9.Сынды қабылдай білу

10 Бөлімше командирін,өзімізді-өзіміз әділ бағалау

2)   Сабақтың құрылымы:

Сабақ төрт бөлімнен тұрады: үй тапсырмасы, жаңа сабақты өзіміз меңгереміз, сабақтыбекіту, және қорытынды

ІІІ .Үй тапсырмасын сұрау

-Алдыңғы тақырыпта оқылған материалды ескетүсіру

-Белсендіәрекетке жұмылдыру

-Ойлаужұмысына ынталандыру

Жаңа тақырып

Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері менмеханизмдерінің құрылымы, арналуы.

1Атысқаруларына шолу

2.М.Т.Калашников кім

3.АК-47туралы бейнеүзік тамашалау

4.АК-47атылу процессі

5.Ұңғы оқтың ұшуын бағыттауға қызмет етеді. Ұңғының ішіндесолдан жоғары қарай бұранда тәрізді төрт ойықты арна болады. Ойықтар оққаайналмалы қозғалыс беруге қызмет етеді.

Автоматтыңұңғылық тежеуіш-компенсаторы атушоғырлануын арттыру және кері тебу энергиясын азайту үшін қызмет етеді.

Алдыңғыкамерадасүңгі-пышақты автоматқабекіткенде сақина кигізілетін шоғыр, сүңгі-пышақтың шығыңқысы кіретін тікбұрышты саңылау және дәрілі газ шығуға арналған екі терезесі бар.

Артқыкамерасыныңалдында екі саңылауы, екіортаңғы жағында – дәрілі газдың шығуына арналған үш компенсациялық тесік бар.

Пулеметтіңжалын сөндіргіші ату кезінде жалын мөлшеріназайтуға арналған. Онда ұңғыға бұрап кіргізуге арналған кертік,орнықтырғыш үшін бес ойма және газ шығаруға арналған бес бойлық саңылау бар.

Қарауыл негізінде сүмбігеарналған ойықты тірек, қарауыл сырғымасына арналған тесік, қарауылсақтандырғышы, серіппелі орнықтырғыш болады. Орнықтырғыш оқсыз патрондарменатуға арналған төлкенің және ұңғылық тежеуіш-компенсатордың бұрылып кетуіненсақтайды. Сонымен қатар қарауыл негізінде сүмбіге арналған саңылаумен сүңгі –пышақты қосатын тірек болады.

Газ камерасы дәрілі газдарды ұңғыданбекітпе жақтауының газ поршеніне бағыттауға қызмет етеді. Оның газ поршенінеарналған каналы және дәрілі газдардың шығуына арналған тесіктері бар келтетүтігі, көлбеу газ бөлетін саңылауы болады.

Қосқыш — жалғастырғышшетмойынды автоматқа қосу үшін қызмет етеді.Оның шетмойын жапқышы, белдікке арналған антабкасы және сүмбіге арналған тесігіболады.

Ұңғы қорабыавтоматтың бөліктері мен механизмдерін қосу үшін, ұңғы арнасынбекітпемен жабуды және бекітпенің бекітуін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді.Ұңғы қорабында соққыш — ағытқыш механизмі орналасқан. Қорап үстінен қақпақпенжабылады.

Ұңғы қорапшасының:

а) ішінде– бекітпені жабуға арналған ойық, оның артқы қабырғалары ұрыстықтірулер болып табылады;

ә) артындаүстіне қарай саңылаулар (с

б) бүйірлі қабырғаларында– төрт саңылаудан, оның үшеуі соққыш-ағытқышмеханизмнің осі үшін, ал төртіншісі алмастырудың цапфасына арналған; оң жаққабырғасында – алмастыруды ату кезінде АВ және ОВ қоюға арналғанекі ойық бар.

в) астыңғы жағында– оқжатарға және ағытқыш ілмекке арналғантерезелер болады.

Көздеуіш құрылғыәр түрлі қашықтықтардағы нысаналарды атукезінде автоматтан көздеу үшін қызмет етуге арналған. Ол көздеуіш пенқарауылдан тұрады.

Көздеуішкөздеуіш қалыбынан, тілімшелі серіппеден, көздеуіш тақташадан жәнеқамытшадан тұрады.

Көздеуіштақташаныңкөздеуге арналған ойығыбар қыры мен қамытшаны бекіткіш пен серіппенің көмегімен белгіленген жағдайдаұстап тұруға арналған ойықтары болады. Автоматтың көздеуіш тақташасының бетінде1-ден 10-ға дейін бөліктері бар шкала жасалған. Шкаладағы сандар жүз метргешаққандағы тиісті атыс қашықтығын білдіреді.

Автоматтабұған қоса көздеуіш тақташада «П» әрпі салынған – бұл көздеуіштің тұрақтықойылуы 4 көздеуішке сәйкес келеді (атыс қашықтығы – 440м).

Қамытшакөздеуіш тақташаға кигізілген және белгіленген жағдайда бекіткішпен ұсталады.Бекіткіштің тісі серіппенің әрекетімен көздеуіш тақташаның ойығына қойылады.

Ұңғы қорабының қақпағыұңғы қорабында орналасқан бөліктер менмеханизмдерді ластанудан сақтайды. Оның оң жағында сыртқа лақтырылатыноқсауыттардың өтуіне және бекітпе жақтауы сабының жылжуына арналған сатылыойық, артында – қайтармалы механизмдегі бағыттаушы өзектің шығыңқысына арналғантесік бар.

Газ поршенімен қоса бекітпе жақтауы бекітпені және соққыш – ағытқыш механизмдіәрекетке келтіруге арналған.

Бекітпеоқсауытты оқтыққа жеткізу үшін, ұңғы арнасын жабу үшін, капсюльді бұзужәне оқтықтан оқсауытты алу үшін қызмет етеді. Бекітпе негізден, соққыштан,серіппесі мен осі бар лақтырғыштан және бұрама сұқпадан тұрады.

Бекітпе негізінде: алдыңғы тілігінде – оқсауыт түбіне арналғанцилиндрлі ойық және лақтырғыш үшін саңылау; бүйірлерінде – бекітпе жабылуыкезінде ұңғы қорабының ойығына кіретін екі ұрыстық шығыңқы; үстінде – жабу жәнеашу кезінде бекітпені бұру үшін жетекші шығыңқы; сол жағында – ұңғы қорабыныңшағылдырғыш шығыңқы өтуіне арналған бойлық саңылау; бекітпе негізініңжуандатылған бөлігінде – лақтырғыш пен бұрама сұқпа осьтеріне арналған тесікболады. Бекітпе негізінің ішінде соққышты орналастыру үшін арна болады.

Соққыштабұзғыш және бұрама соқпаға арналған кертпе бар.

Серіппелі лақтырғыш оқтықтан оқсауытты шығаруға және оны ұңғықорабының шағылдырғыш шығыңқысымен кеудесіне дейін ұстап тұруға арналған.Лақтырғышта оқсауытты ұстап қалуға арналған ілмек, серіппеге арналған ұя жәнеось үшін ойық болады.

Бұрама сұқпа соққыш пен лақтырғыш осьін бекіту үшін қызмететеді.

Автоағытқыш түйдектете ату кезінде шүріппені автоағытқышқайырмасынан автоматты түрде босату үшін, сондай-ақ ұңғы арнасы мен бекітпежабылмаған кезде шүріппенің ағытылуына жол бермеу үшін қызмет етеді.

Ауыстырғыш автоматты түрде  және жекелейатуға немесе сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді.

Құндақ автоматпен қимылдау кезінде ыңғайлы болу үшін және қолды күюден сақтауүшін қызмет етеді.

Оқжатар оқсауытты орналастыруға және оларды ұңғы қорабына беріп тұруғаарналған. Ол корпустан, қақпақтан, тоқтатқыш қаңылтақтан, серіппе мен бергіштентұрады.

Сүңгі – пышақавтоматқа шабуыл алдында кигізіледі жәнеқарсыласты қоян-қолтық шайқаста жою үшін қызмет етеді. Сонымен қатар, ол пышақ,темірді кесу үшін ара және сымдарды қию үшін қайшы ретінде де қолданылады.

Сүңгі –пышақ жүзінде кесуші қыр, ара және қынның шығыңқы осьіне кіріп тұратын саңылауболады.

Қын сүңгі-пышақты белдікке іліп алып жүруге және сүңгі-пышақпен бірге сымқию ұшін пайдаланылады.

 

6.Жалпы автомат құрлысына шолу

7.Калашников автоматының жанұясы

8.Калашников автоматы туралы деректер

9.Калашников туралы бейне үзік

10.Калашниковтың әлемге таралуы

11.АК-74 М-16 ға қарсы

 

12. Сабақты бекіту

13.Үй тапсырмасы

 

         

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062450

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар