Аспанмен тілдескен музыка құдіреті

12 сәуір 2015 - Нұрбек Кабдолдин

Алматы облысы

Алакөл ауданы

Үшбұлақ ауылы

Безродных атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесінін музыка пәнінін мұғалімі: Кабдолдин Нұрбек Ертайұлы

Сыныбы: 6

Пәні: музыка

Сабақтың тақырыбы: Аспанмен тілдескен музыка құдіреті.

Сабақтың мақсаты:

Окушыларға музыканың құдіреті туралы әңгімелеу.

Білімділігі:

Оқушылардың білімге деген қызушылығын арттыра отырып, музыканы түсініп, тыңдау арқылы білім деңгейін көтеру.

Дамытушылығы:

Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін ән, бейнелеу, еңбек пәндерінен кіріктірілген сабақ арқылы дамыту.

Көрнекіліктер:

Музыкалық аспаптар, интерактивті тақта видиолар, слайдтар.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру.

2.Кіріспе.

3.Жаңа сабақ. Көнеден келген аспап.

4.Аспаптармен таныстыру.

5.Музыка тыңдау.

6.Аспаптарда ойнап көрсету.

7.Ән үйрену. «Домбырасыз сән қайда»

8.Қорытындылау.

9.Үйге тапсырма.

10.Бағалау.

Сабақтың барысы:

Үйге берген тапсырманы сұрау.

Жаңа сабақ. Аспанмен тілдескен музыка құдіреті.

Музыкалық аспаптар тек қана музыка ойнап, көңіл көтеру үшін пайда болған деп ойлайтын боларсыздар. Музыкалық аспаптардың шығу аңызына құлақ түрсең, ол саған ғажайып сыр шертеді.

Көптеген әлем халықтарында арфа тектес аспаптар бар. Садақтан пайда болған бұл аспаптардығалымдар жер бетіндегі ең көне аспаптардың бірі деп есептейді. Мысырда бұл аспапты киелі санап, оның дыбысын құдіретті кұшке балаған.Өлген адамның жаны арфа аспабының үнін тыңдайды деп сенген. Сондықтан болар көптеген скандинав халықтары да өлген адамдарды арфамен жерлейтін болған.

Ал ежелгі кельт халықтары Дагда атты құдайы арфа аспабын ойнағанда жыл мезгілдері ауысады деп ойлаған.

Грек халықтарының арасында арфа аспабының кішкентай түрі лира кең тара тараған. Би мен әннің құдайы Терпсихора лира аспабын ойнаған кезде, жер бетінде мамыражай бейбіт өмір орнайтын болған. Лира аспабы арқылы адамдар құдайлармен тілдескен.

Ал түркі халықтарына ортақ жетіген аспабы жайнда мынадай аңыз бар.Бұрынғы өткен замандажеті бөрі – хандар елікті қуамын деп абайсызда аспанға шығып кетеді.Жеті ханның бұл әрекетіне ренжіген Көк тәнірісі, оларды жеті жұлдызға айналдырып жіберген екен. Сәйтіп аспанда жеті қарақшы жұлдыз пайда болады. Сықырлаған аязды түнде олар аспаннан жерге қарап, жетіген аспабын ойнап, жол көрсететін болған.Аспаннан төгілген бұл әуенді естіген адам байлық пен бақытқа кенеледі деп сенген.

Қытай халқының жетіген тектес аспабын «цинь» деп атаған. Ежелгі цинь аспабы бес ішекті болған екен. Оның әрбір ішегін жердің бес құдіретіне теңеген. Олар – жер, су, от, ағаш және темір. Кейін келе цинь аспабы жеті шіекті болады.Аспаптың алтыншы ішегі өлген жауынгерлердің жанын жоқтау үшін тағылса, ал, жетінші ішек арқылы арқылы соғысқа аттанған жауынгерлерге рух берген екен.

Қытай халқы бұл аспапты киелі деп санаған.

Жетіген тектес аспаптардың сан ғасырлық тармхы бар. Бұл аспапты барлық халықтар киелі аспап санап, оның құдіретті үні арқылы аспанмен тілдескен екен.

Музыка тыңдау. Арфа аспабының сүйемелдеуімен.

Қорытындылау.

Арфа тектес аспаптар қалай пайда болды?

Арфа аспабының үнін қандай құдіретті күшке балаған?

Жетіген аспабы туралы қандай аңыз сақталған?

Қытайдың цинь аспабының әрбір ішегі нені білдіреді?

Үйге тапсырма. Аспанмен тілдескен музыка құдіреті туралы оқып келу.

Бағалау.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130067

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар