Күй орындауда жіберілетін қателіктермен жұмыс

23 наурыз 2016 - Yerlan Karatayev

Сабақтың тақырыбы: "Күй орындауда жіберілетін қателіктермен жұмыс"

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Музыка сауаттылығын жетілдіру, музыка тілінің көркемдік мүмкіндіктерін жеткізу.

2. Дамытушылық: Оқушының домбыра ойнау шеберлігін шыңдау.

3. Тәрбиелілік: Халқымыздың әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,  орындау, сұрақ-жауап, қабілетін бақылау.

Оқытудың техникалық құрал-жабдықтары: домбыра, нота, кесте, презентация.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру.

Амандасу, сабаққа дайындығын тексеру.

II. Техникалық жаттығу кезеңі: әртүрлі қағысқа арналған жаттығулар орындау,

буынмен жұмыстану, трио қағысына жаттығу жасау, динамика белгілеріне және тербеліске арналған жаттығуларды қайталау.

Үй тапсырмасы: Жаяу Мұса "Ақ сиса" шығармасын санап жаттап келу. Дәулеткерейдің "Көреұғлы" күйін  орындау,  жұмыстану.  Халық күйі "қарасай" — ды берілген жерге дейін қарап келу.

— Ақ сиса әні қалай орындалып тұр?

— ия ызалы.

— тремоло орындағанда нүктелі нотаны мұқият санауымыз керек. оң қолды еркін ұстау қажет.

III. Жаңа сабақ.

Оқушыдан қысқаша күйшінің өмірі және күйі жайында пысықтау. Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгір де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. Алғашқы уакытта ол сол елдегі жеке-жеке руларды басқарып көреді. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатігез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді. Туысы Жәңгір ханның қарапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы, өзен-сулы жайылымдарды, қыстауларды кең даламызға бойлай еніп келе жатқан орыс отаршылдарына беруі Дәулеткерейдің де ызасын келтірген. Тікелей қатыспаса да XIX ғасырдың орта тұсындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне тілектес болған деген дерек те бар. Мұны оның "Жігер" атты күйінен байқауға болады. Дәулеткерейдің көптеген күйлері бар. "Қаражан ханым", "Көркем ханым", "ысқырма", "қыз ақжелең", "Ващенко ", "жігер", "құдаша" және т.б.

Біздің бүгінгі талдайтын күйіміз "көреұғлы " күйі.

-Күйші бұл күйді неге бұлай атаған?

-ия Дәлеткерей "көреұғлы" жырын тыңдап, сол себепті солай атаған екен.

Қысқаша тарихына тоқталып өту. Алдымен мұғалім өз орындауында орындап беру керек.

— күй қалай орындалып тұр?

— ия тез орындалып тұр.

— нені елестетесің көз алдыңа?

— жыр, дастан, эпос дегеніміз не?

  — күйші жырдың қай бөлігін суреттеген деп ойлайсың?

Күйдің орындалуын талдау:

— алғашқы бас буынын қалай орындау керек?

— ( f ) форте басталады. Келесі кіріспе бөлімінде орташа ( mf.) орындалады. Бірақ ырғағы өзгермейді. Бұл жерде оң қолдың қағысын қадағалап отырған жөн.(еркін, ырғақтан ауытқымауын). Ре нотасына ауысқанда бармақтың орналасуын қадағалау.

— күйдің мазмұны қаншалықты ұқсамайды басқа күйлерге?

— неліктен деп ойлайсың?

— ия, яғни "көреұғлы" жырын күйші түркімендерге барғанда тыңдаған екен. Сол себепті күйді түркімендердің жырына арнаған екен.Күйді аса қатты қақпағын соғып орындамайды. Аса тез және жеңіл орындалу керек.

Күйді буын буынға бөліп талдау. Оқушы жоғарғы қағысты әлсіз орындайды. Жоғарғы қағысқа жаттығу жасап, әзірлену керек. Оң қол білезік буынын еркін, салмақты орындау керек. Динамикалық белгілерімен жұмыстану қажет.

— бірінші сағада жәйдан басталып, үдете орындалу қажет. Анық, таза, ырғақтан ауытқымай орындаймыз.

Күйді басынан толық бір орындап шығамыз.

IV. Сабақты бекіту :

— Дәулеткерей күйші қандай отбасында дүниеге келген?

— Дәулеткерейдің қандай күйлерін білесің?

— "Көреұғлы" күйін күйші неге арнап шығарған?

— үйде қандай қателермен жұмыстану керек?

Сабақты қорытындылау: бүгінгі сабақта біздер жалпы Дәулеткерей жайлы толық мағлұмат алдық. Сабақтың тақырыбына байланысты күйдің орындалу мәнері, мазмұны оқушыға қонымды, түсінікті болды.

V. Үйге тапсырма:

1.Оң қол білезік буынына арнап жаттығулар орындап келу. Еркін, серпілтіп  орындау.

2. Күйдің мазмұнын түсініп, бөлім-бөліммен асықпай шығарып алу.

3. Жаяу Мұса " Ақ сиса" шығармасын санап орындап келу.

Оқушыны бағалау.

Сабақ аяқталды. Сау бол.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148658

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар