" Жігітке жеті өнер де аз "

Сабақтың тақырыбы: Жігітке жеті өнер де аз !

 Мақсаты : оқушылардың білімін жан жақты ойлау қабілеті мен еңбегін сынау. Технология пәні бойынша алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, жан – жақты дамыған азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі: құрал – сайман түрлері, ағаш түрлері.

 Жүргізуші: Армысыздар, көрермен баршаңызға ,

                    Шымылдығын өнердің ашамыз ба ?

                     Бүгінгі жігіттердің сайысында

                     Қол соғып, көңіл көтер тамашалап .

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ер балалар арасындағы « Жігітке жеті өнер де аз » деген сайысымызға қош келдіңіздер !

                   Кімдер өнерлі, белсенді білейікші ,

                   Өнерлісі мектептің деп жүрейікші .

                   Әділ –қазыларға әділдікті

                    Ал сайыскерлерге сәттілік тілейікші – дей келе, әділ қазылар алқасымен  таныс болыңыздар. ( Таныстыру ).

                  Ер жігіттер бұл сайыстың қыраны ,

                  Бұл бәрінің сыйлайтұғын жыр әні .

                  Ағайындар, бұл сайысқа ортақ боп

                  Алдарыңа сайыскерлер шығады, — деп бүгінгі сайысымызға келген жігіттеріміз столдан өз нөмірлерін алып, сол сап бойынша сайысқа дайындалады.

-         Алдымен сайысымыздың шарттарымен  таныс болыңыздар .

1.     Таныстыру.

2.     Қолөнер ( өз қолымен жасаған бұйымын таныстырады )

3.     Өз-өнері.

4.     Қол күресі .

5.     Еңбек пен кәсіп туралы мақал- мәтелдер .

6.     Ағашқа шегені түзулеп қағу.

7.     Ағашты арамен түзу кесу.

8.     Ептілік.

9.     Мода.

Армысыздар өнер сүйер асыл халқым ,

Бүгінгі күн ерекше болсын ауылдасым.

Тағы да келіп жетті сайысымыз,

Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын .

Туған жер адамзаттың мекені екен ,

Жүйрікті жүйрік қуып жетеді екен.

Жігіттің сұлтанында бас бәйгеге ,

Бағы жанып, қайсысы жетеді екен!

Намысты бермеу үшін қолдан өзі,

Мінекей, жігіттер де сынға түспек .

Сіздерге сәлем беріп, жарысуға ,

Жігіттер сахнаға шықсын енді.

Ер жігіт дүниені көрген артық ,

Дүниеде не бар-жоғын сезген артық.

Түскендей аспан жерге іс болса да

Бел байлап, тәуекел деп төзген артық! – дегендей сайыскер жігіттерге сәт сапар тілейміз дей келе 1- ші сайысымыз « Таныстыруға » кезек береміз.

Ат өнері білінбес ,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес ,

Қоян-қолтық алыспай.

Сайысымыздың келесі түрі « Қолөнері » жігіттеріміз өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын таныстырып әділқазыларға әкеліп тапсырсын .

Әділқазылар алқасы өз бағаларын айтады.

Қарсы алайық көзіндей көненің ,

Суырылып алға шықса өнерлерің .

Қазір енді тамашалап көріңіздер

Жігіттердің жеке орындар өнерін.

Сайысымыздың 3 шарты – Өз өнері.

4 – бөлім . Қол күресі.

Қызыл тілін безеніп ,

Шешен жігіт дауда ойнар.

Ақ балтырын түрініп ,

Палуан жігіт тойда ойнар.

Баданасын киіп ап ,

Бар қайратын жиып ап ,

Жасыл туын көтеріп ,

Шашақты найза қолға алып ,

Батыр жігіт жауда ойнар,

Білікті жігіт тойда ойнар, — дей отырып, келесі сайысымызды бастаймыз.

Бұл сайыстың шарты бойынша екі жігіт қол күрестіреді.

5- бөлім . Еңбек пен кәсіп туралы .

Әр ойыншы столдан мақал алып, соның мағынасын түсіндіруі тиіс.

1.     Еңбектің наны тәтті ,

Жалқаудың жаны тәтті. 

2.     Шапқан озар ,

Жатқан қалар.        

3.     Жан қиналмай ,

Жұмыс бітпес.

4.     Еңбексіз тапқан мал,

Есепсіз кетер.

5.     Еңбексіз іс бітпейді ,

Еріншектің қолы жетпейді.

6.     Бейнетің қатты болса ,

Тапқаның тәтті болар.

Бұл сайысымызда қатысушыларымыз өздерінің ойшыл, білгір екендерін көрсете білді. Әділ қазы алқасынан 5- шартымыздың бағаларын сұраймыз.

Ұштасаң талабыңды қалам ұстай,

Түседі жүрген сайын жол алыстай .

Өмірде ата-баба орны бөлек

Ұл –қызын баулитұғын бала құстай – дегендей сайысымыздың

 6-шарты – ағашқа шегені түзулеп қағу.

 

Адал  бол, айырылма түзу жолдан,

Қашық жүр абыройсыз адамдардан .

Адаспа, аяғыңды адайлап бас,

Арыңды жойып алма, айтып жалған .

Еңбек ет елің үшін жалықпастан ,

Еліңе елеулі боп әуел бастан .

Сана мен сеніміңді жоғары ұста

Сенімді жігіт болып атана бер.

Сайысымыздың 6- шарты бойынша бағасын сұраймыз.

 

Жүдетпесін келер күндер таңдары ,

Әсем болсын бар өмірің алдағы.

Сегіз қырлы, бір сырлы боп ұрпақтар

Тілек айтып қуанамыз біз дағы.

Сайысымыздың 7- шарты – ағашты арамен түзу кесу.

Сайысымыздың 7- шарты бойынша бағасын сұрайық.

8- шартымыз. Ептілік.

Ер жігітке аз екен жеті өнер де ,

Одан кемге азулы ер тірі көнер ме ?

Ас даярлау біз үшін жат іс емес,

Жігіттерсіз аспаздың ісі өнер ме ?

Бұл сайыстың шарты: картоптың қабығын үзбей әрі жұқалап аршу керек.

Ал, енді ортада біздің аспаз жігіттерді қол соғып қарсы алайық.

-         Міне, жігіттер, картоптарын аршып болды. Әділқазылар алқасының бағаларын сұраймыз.

Құтты болсын егеменді елімнің,

Арта берсін мәртебесі тілімнің.

Тәуелсіздік туын көкке көтерген

Аман болсын, ұл-қыздары елінің – дей келе, келешекте өз еліміздің

 сал-серілері сырлы, сымбатты зердесі мен қайраты сәйкес келетін салауатты, иманды азамат болып өсулеріне тілек білдіреміз.

Бүгінгі сайысымыздың соңғы 9- шарты  модаға кезек береміз.

Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды.

Көңіл бөліп келгендеріңізге рақмет !

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141934

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар