Өмірлік жоспар құру

10 қаңтар 2015 - Гульнар наванова

Пән мұғалімі : Наванова Гульнар

Өтетін орны:№262-мектеп –гимназия. Технология кабинеті

Мекені:Қызылорда обылысы.Арал ауданы


Әдіс- тәсілдері: жеке, топтық жұмыс, пікірталас, постер қорғау.

Ресурстары :бүктемелер,постер, маркер, т.б


Күні:11.04.2014ж

9 «В» сыныпТехнология

Сабақтың тақырыбы

Өмірлік жоспар құру; түйіндеме жазу; диагностикалық сұрау

Сілтеме

Жоспар

Сабақтың мақсаты

1.Жоспарлау туралы мәлімет беру.

2.Түйіндеме жаза білуге үйрету.

3.Бірлесе жұмыс жасауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

1.Өз бетінше жоспарлай алады.

2.Түйіндеме жайында мәлімет біледі.

3.Бірлесе жұмыс жасайды.

Негізгі идея

Дәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып, оқушылардың технологияға деген танымдық қызығушылығын арттыру.Жұмыс барысында кездесетін қиындық туғызатын жолдарын анықтау.

Сабықтың көрнекілігі

АКТ, үлестірме тапсырмалар, стиктер, постер,

Сабақтың өту барысы

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

2 мин

Сәлемдесу. Оқушылардың тізімдеп, сабаққа дайындығын тексеру.

Сыныптың психологиялық көңіл-күйін көтеру.

Амандасып, кім жоқтығын айтады.

Сабақтың мақсатымен танысу

3 мин

а) Сыныпты топққа бөлу.

б) Сабақтың мақсатымен, барысымен және жоспарымен таныстыру

Мұғалімді мұқият тыңдап, бүгінгі күнді дәптерге жазу.

Жеке жұмыс(үй тапсырмасын сұрау мақсатында)

5мин

Сұрақтар арқылы үй жұмысын пысықтау

Оқушылар өздерінің жауаптарының дұрыс нұсқасын белгілейді.

Жұппен жұмыс.

10

мин

I.ІІ. Қызығушылығын ояту.

II.«Кластер» стратегиясы

Оқушыларөздеріне берілген тапсырманы орындайды.

Топтық жұмыс

5 мин

ІІІ.(Мәтінмен жұмыс)

Оқушылар бөліп берілген тапсырманы белгілі бір уақыт аралығында оқып шығып, ортақ пікірге келіп, тақырып қорғалады.

Жеке жұмыс

5мин

IV. Дискуссиялық карта оқушыларға сұрақ бойынша дискуссия картасын әр оқушы өзі толтырады.

Оқушылар өздері жеке жұмыс жасайды, танысады, парақшаны толтырады.

Сабақты қорытындылау

3 мин

Пайымдау сұрақтары

Оқушылар өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді.

Үйге тапсырма

5 мин

VIІ.Түйіндеме жазып келу

Үйден аяқтап келу

Қортындылау

2 мин

Кері байланыс беру.

өз ойларын стикер арқылы жапсырады.

Мұғалімнің жазбаларынан:

І. Жеке жұмыс, Сынып оқушыларынатаратпа қағаздарын үлестіремін. Онда үй тапсырмасын пысықтау барысында бірнеше сұрақтар болады. Сынып оқушылары сол сұрақтарға жауап беруі керек.

    ·Сезім дегеніміз не?

    ·Ойлау деген не? Кімді және нені ойлаймыз?

    ·Қабылдау дегеніміз не?

    ·Ықылас деген не?

    ·Зерде дегеніміз не?

    Тапсырманы орындап болған соң басбармақпен арқылы бағалау.

ІІ. Қызығушылығын ояту.«Кластер» стратегиясы бойынша ой қозғау. Шарты: Таратпаға жазылған «Өмірлік жоспар құру» сөзінің айналасына жоспар сөзін естігенде не түсінетіндігін жазады. (Оқушылар таратпаға өз ойларынан бұйымның неге керек, ол не үшін қажет екендігін жазады

).(5мин) Тапсырманы формативті бағалаудың «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»арқылы бағалайды.

ІІІ. Топтық жұмыс.Түйіндеме дегеніміз не? Қалай жазамыз, нені баяндаймыз, ол үшін бізге не керек. (Мәтін таратылады, топта постер толтырылып, тақырып қорғалады )

Жұмыс критерийлер арқылы бағаланады.

Критерийлер

1 балл

2 балл

3 балл

Мәтіннің байланыстылығы және тұтастығы




Дәйектемелер,

дәлелдер

дұрыстығы




Келтірілген фактілердің пайдалану

Жүйелігі




ІV.Жеке жұмыс.Дискуссиялық карта Жеке дара оқушы пікірін тыңдау. 7-мин

қ/с

Дискуссиялық сұрақтар

Жауабы

ия

жоқ

1

Өмірлік жоспар құру дұрыс па?



2

Түйіндеме бізге керек пе?



3

Түйіндеме жазу кезіндеқауіпсіздік ережесін сақтаймыз ба?



4

Сен өз жұмыстарыңды жоспарлайсың ба?



Тапсырманы оқушылар жұлдызшалар арқылы бағалайды.

V.Сабақты қорытындылау.Пайымдау сұрақтары арқылы. Оқушыларға ортақ сұрақ қоямын.

Қазіргі жастар көңіл-күйін немесе басқадай жағдайларда жиі қолданылатын ақпарат құралдардарының бірі?

Оқушылар:«смайлик»
Біз осы смайлкті көріп тұрмызба?

Оқушылар: Я (тақтада смайлик жапсыруыл тұрады)

Ендеше сол смайлктің қасына барайық. Не көріп тұрмыз?

Сұрау белгісін. Сол белгінің астында не бар?

Әрине сұрақтар ал, ендеше оқи қойыңдар

1-сұрақ.Түйіндеме қандай құжат?

2-сұрақ.Түйіндеме неше бөлімнен тұрады?

(сұрақ жазылған парақшалардың артында үй тапсырмасы жасырылған.Оқушылар келіп оқиды)

VIІ. Үйге тапсырма беру. Түйіндеме жазып келу.

Рефлекциялық есеп

Сабақтың мақсаты бойыншаоқушылардың мәтін мазмұнын өздігінен меңгеруге ықпал етуді ойластырдым. Оқу, тыңдау, бірімен-бірі әрекеттесу негізінде сұрақтар қоюға бейімделу секілді міндеттерді орындағым келді. Әрине, бағдарламаның жан-жақты көмегіне жүгінуге тура келді. Сабақ құрылымында мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, нәтижелерді енгізуді де нақты жасай алуды мақсат тұттым. Сабақта бірнеше әдіс-тәсілдерді қамтуды ойластырдым.Әдіс-тәсілдерді жан-жақты қарастырудағы басты мақсатым: оқушыларды топтық жұмыстарда белсенділікке ұмтылдыру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, назардан тыс қалып жатқан оқушыларды топқа тарту не болмаса талантты, дарынды балаларды топтық жұмыста жалықтырып алмай, олардың да сұраныстарына жауап беру болатын.Енді мен бұл сабақта оқушылардың сөйлеу, бағалау, салыстыру дағдыларын дамыту үшін мынадай модульдарды пайдаландым: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»,«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану».

Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді, ойды ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.Менің күтетін нәтижем:

Өмірлік жоспар құруды үйренуге, уақытын тиімді пайдалануға, түйіндеме жазуға, оның түрлерімен танысуға, бірлесе жұмыс жасауға үйрету.

Мұғалім оқытып қана қоймай, қалай оқу керектігін үйрету керек. Осы мақсатта кеңейтілген тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін«Өмірлік жоспар құру» тақырыбындағы сабағымды жақсы ілтипатпен, жақсы тілектермен бастадым. Сабақты топқа бөлуден емес үй тапсырмасын пысықтаусұрақтар қойылып, соларға жауап айтылды. Ал одан соң қағаз қиындыларын тарата отырып,(өмір, жоспар, құру) сөздері бере отырып,3 топқа бөлдім.Бұндағы ойым сабақтың тақырыбын ашу еді. Оқушыларға «сендер не істедің?» сұрақ қоя отырып, оқушы арасында талқылау орын алады,өз ойларымен бөліседі. Қызығушылығын оята мақсатында «Кластер» стартегиясын пайдалана отырып таратпадағы «Өмірлік жоспар құру» тақырыбындағы «жоспар» сөзін естігенде не білетінін, не түсінетінін жазады,өз ойларымен ой бөлісіп, не білетіндігін жазып шығады. Жауаптарынтүйіндегенсоң, оқушыларға сабақты ары қарай

келесі тапсырмамен топтық жұмысқа жалғасып кетті. Мәтінмен жұмыс жасай отырып, топ мүшелері жазбаларды пайдаланып, мақұлдады, келіспеді, толықтырды, пікірлерімен алмасып отырды. Бұрын сабаққа мән бермей отыратын оқущылар оянып, «мен де сурет салайыншы», «мен де айтайыншы», «мен қорғайыншы»деген ықылас білдіріп, араласып отырды. «Түйіндеме дегеніміз не? Қалай жазамыз, нені баяндаймыз, ол үшін бізге не керек.» деген сұрақтар қойдым. Оқушылар сабақ барысында ұсынылып, талданған жауаптарын айтып жатты: Адам өзінің арманына сенімді болса, денсаулығы мықты болса көздеген мақсатына жетеді.

Жоспар құру кез-келген адамның қолынан келе бермейді, бірақ мақсат қоя білсек қана өз ойлағанымызға жете аламыз. Ол үшін біздің ерік-жігеріміз мықты болу керек. Постер қорғаған Жансая есімді қыздың «жоспарлаған тиімді екен уақыттан ұтамыз,әрі жинақылыққа үйренеміз», деген жауабына, Анар атты қыздың «бұл жоспарлау біреуге жағады, ал біреуге жақпайды өзіме жоспарлаған ісімніңдұрыс шықпайды »-деген пікірлерін білдірді. Постер қорғау барысында осындай пікір таласқа куә болдым.

Балалардың осы тақырыптан не білетіндігін білу, сабақтың соңында алғашқы білімдері мен алған білімдерін салыстыру мақсатында дискуссиялық картасын тараттым. Оқушылар дискуссиялық картасын толтырып, әр топтан 2-3 оқушыдан жауаптарын оқып шықты. Сабақ соңында смайлик артына жасырынған сұрақтарға жауап бере отырып,үйге тапсырма бердім. Мен мақсатыма жеттім, сабағым нәтижелі болды.

1-сурет2-сурет

1-сурет топтық бағалау,2-сурет -дискуссиялық сұрақтар

Сабақ үстіндегі оқушылардың кебір сәттері.

Постер қорғау (жансая)Дискуссиялық сұрақтарға жауап беру кезі

Топтық жұмыс1-топоқушыларының жұмысы

Топтық жұмысты қорғау кезеңі2-топ оқушыларының жұмысы

(Анар)


Осыған ұқсас жазбалар:

Физикафизика пәнінен орта және қысқа мерзімді жоспарлар

БиологияЖорғалаушылар класының жалпы сипаттамасы (қысқа мерзімді жоспар)

КембриджХҮІІІ ғасырдағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы (ҚМЖ)

Қазақ әдебиетіXX гасырдын басындагы казак әдебиеті

БастауышҚысқа мерзімді жоспар. Уақыт өлшем бірліктері және үлестері

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083483

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар