«Қолөнер жұмыстарының адам денсаулығына пайдасы» (шеберлік сыныбы)

6 наурыз 2016 - Kairat Oral
«Қолөнер жұмыстарының адам денсаулығына пайдасы» (шеберлік сыныбы)

«Қолөнер жұмыстарының адам денсаулығына пайдасы»

(шеберлік сыныбы)

<img align=«left» height=«165» hspace=«12» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.gif» v:shapes="_x0000_s1026" width=«196» />

 

Жанболат Есенғалиұлы Ешов - Абай    атындағы     ЖОББМ-нің бейнелеу    өнері,    сызу     және

технология  пәндерінің мұғалімі

 

 

 

Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек...

Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың төресі сол.

                                                                    

                                                                                      Абай Құнанбаев

 

Шеберлік сыныптың мақсаты мен міндеттері:

— қолөнер жұмыстарының адам денсаулығына пайдасын түсіндіру;

— түрлі әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктерді пайдалану арқылы әр өнер 

  туындысының пайдалы жақтарын ашып көрсету;

     

    Күтілетін нәтиже: Білім беруде жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады, тиімділігін ұғынады, қолданады;     

    

     Мақсаты бағытталған аудитория:  семинарға қатысушы ұстаздар

    

     Шеберлік-сыныбына қатысушылар: мұғалімдер тобы

 

Шеберлік-сыныптың барысы

1.     Психологиялық дайындық(ұйымдасқан орта қалыптастыру).

-Шағын топ жинақтау. Қағаз ұшақтар үлгісінде жасалған хаттарды ұшыру арқылы

                                           семинарға қатысушы ұстаздардың арасынан 5 адам таңдау.

 -«Әлемнің 7 кереметі баланың көзқарасымен». Топқа жиналған ұстаздар хаттағы

                             сұрақтарға жауап жазып, ойларын жинақтағанша бейнежазба қарау.
-Танысу. Әр ұстаз қағазда жазған жауаптарына байланысты қасындағы әріптестерін

                  таныстырып шығады.

   

2.     Шеберлік сыныптың негізгі кезеңі.

 

-«Қолөнер жұмыстарының адам денсаулығына пайдасы

».  Еркін әңгіме, сұрақ-жауап, миға шабуыл, «Мюнстерберг» әдістемесі арқылыәр ұстаздың қағазында көрсетілген нөмірі бойынша қолөнер жұмыстарының түрлеріне тоқталып, адамның денсаулығына пайдасы мен кері әсерін анықтау.

 

 

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Адамның денесінде алуан түрлі сезімтал нүктелер болатыны белгілі. Сол сезімтал нүктелер арқылы кейбір ағзалар мен дене мүшелеріне пайдалы емдік іс-шара немесе тітіркендіру арқылы зиян келтіруге болады. Мұндай сылап-сипау әдістерімен мануальды терапевттер егжей-тегжейлі айналысады.

Дей тұрғанмен қол жұмыстарының да емдік қасиеттерін айтып өтпей болмас. Біз қандай да бір қолөнер жұмыстарымен айналысқан кезде, өзіміздің алтын саусақтарымыздың ұшындағы нерв жүйелері арқылы кейбір сезім нүктелеріне әсер етеміз,  бұл екібастан біздің дене мүшелеріміз бен ағзамызға да өз ықпалын тигізері  сөзсіз. Сонымен қол жұмыстарымен айналысудың адамның денсаулығына қандай әсері бар?

 

І. Қол тігісімен айналысу.

Бас ауруы мен құлақ шуынан арылуға, ми шаршаған кезде, жүйке жүйесі қатты күйзеліске түскенде,  жыныс мүшелерінің қабыну ауруларына, сіңір созылған кезде, ас қорыту бұзылған кезде, қуық ауруларына, қан тамырлар және лимфа жүйелерін емдеуге, аяқ-қолдың дұрыс жұмыс жасауына  әсер етеді.

Көз тию мен дуадан және сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғайды.

 

ІІ. Машина тігісімен айналысу.

Есту мүшелерінің ауруларын, бас сүйек жарақатын, ми шайқалуының салдарын емдеуге септігі тиеді. Түйсіктің қалыпты жұмыс жасауына көмектеседі.

 

ІІІ. Макраме.

Жүрек және бүйрек ауруларын емдеуге, бас, жүйке ауруларына, асқазан ауруларына әсер етіп, созылмалы бұлшық ет ауруларына, бұрынғы жарақаттар әсерінен қозған сүйек ауруларына емдік әсер етіп, тітіркену мен толқуды басады, созылмалы ішек ауруларын, ұйқышылдық пен гормональды бұзылуды емдейді.

Құйқасы сезімтал және қан ұюы нашар адамдарға макрамемен айналысу ұсынылмайды.

 

ІV. Сумоншақпен жұмыс.

Ұйқы бұзылғанкезде, алаңғасарлыққа, бас және тіс ауруларына, зат алмасу бұзылғанда, созылмалы тыныс жолдарының ауруы мен тырысуларға қарсы емдік қасиеті бар. Көз тию, дуалау, қарғау, гипноз арқылы жаңылыс кету сияқты жағымсыз әсерлерден сақтандратын бірден-бір жұмыс түрі.

 

V. Ағашқа күйдіріп сурет салу.

Шаршағанды басып, жүйкені демалтады, асқазан, ішек және талақ сияқты ағзалар созылмалы суық тиіп ауырған кезде көмектеседі, сіңір созылып, тырысып ауырған кезде тезірек жазылуға көмектеседі, қан қысымын қалыпқа түсіреді.

Тек күйдірген кезде түтінмен демалуға болмайды. Түтіннің иісіне қарсы алергиялық қоздырғыштар әсер етіп, ағза түтіннің иісін жақтырмаған кезде күйдіріп жұмыс жасауға болмайды.  Сол сияқты басқа жерде қүйдіріліп жасалған жұмысты үйге әкелмеген дұрыс.

 

 

VI. Ағашты ойып және бояп жұмыс істеу.

Алыстан көрмейтін жандарға және терінің аллергиялық ауруына қарсы, түрлі жарақаттар алғанда, ішектегі жара мен ішке салқын тигенде, демікпе және бронхит ауруларына қарсы, вестибулярлық аппарат бұзылған кезде, бауыр жарақат алғанда, бүйрек қозғалған кезде, қан қысымы көтеріліп, ұйқы басқан кезде, т.б. түрлі ауруларға емдік қасиеті бар.

 

VII. Тал шыбықтардан тоқу.

Полиартрит(табан, балтыр, буындардың ісуі) ауруына ем, ми шаршағанда, қатты күзеліс кезінде, бас аурып, әл кеткен кезде, қан қысымы көтеріліп, қатты ашуланған кезде емдік әсері мол, сондай-ақ еске сақтау қабілетті жақсартады.

 

VIII. Құрақ құрау.

Бас ауруына ем, ағзадағы түрлі алмасуларға, жүнге аллергиясы бар адамдарға, салқынның әсерінен терінің тітіркенуі(озноб), аяқтың тырысып ауруына қарсы, тыныс жолдарының қабынуы мен салқын тию, тамақ ауруы, мұрыннан қан кету, қан ұюы нашар адамдарға, аяқтың қан айналымы нашарлап, жүру қиындаған кезде көмектеседі.

 

ІХ. Тоқу.

Жүрек-қан тамырлары аурулары, ас қорытудың бұзылуы, тіс және бас аурулары,  бүйрек аурулары мен жүйке жүйесінің қабынуын емдейді. Омыртқа жарақаттарын алғанда, ми шайқалғанда және ауыр күйзелістерден арылуға көмектеседі.

 

3.     Шеберлік сыныптың қорытынды кезеңі.

Бүгінгі таңда қолөнер жұмыстары  күнделікті күйбеңнен жалыққанда ғана айналысатын іс емес, өз қолыңмен тамаша туындылар жасауға  мүмкіндік беретін, әрі қызықты, әрі шығармашылық шабытпен өзіңді де, өзгені де қуантатын пайдалы жұмыс.

Жасап шыққан қолөнер туындысы өз ойыңнан шығып, шын ләззат алатын болсаң, өмірің сол жұмысқа жіберген уақытқа ұзаратынын ғалымдар дәлелдеп отыр.

 

Сәтін салған ауруға,

Не болса, сол ем болады.(халықтың нақыл сөзі)

 

Сабақ қалай өтті? Егер сабақ ұнаған болса, ду қол шапалақпен бір-бірімізге шынайы алғысымызды білдірейік. Тыңдағандарыңызға көп-қөп рахмет! Саушылықта кездескенше!

 

Пайдаланған  интернет – ресурстары:

 

1.  https://www.youtube.com/watch?v=68Xg5BTdxHg

2. https://www.youtube.com/watch?v=6RGOqiIBZXA

3. https://www.youtube.com/watch?v=T_QTwNPS-ns

4.http://www.livemaster.ru/topic/809673-kak-organizovat-i-provesti-horoshij-master-klass-opyt-mastera

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096930

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 10 наурыз 2016 в 21:03 0
Қол өнерінің пайдасы керемет емес пе!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар