Қаңылтырды бүгу және түзету әдістері

25 қаңтар 2016 - Болат Башахов

Башахов Болат Орынғазыұлы

ШҚО Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылы

«Өкпеті» орта мектебінің технология пәні мұғалімі

 

Технология пәні

 

Сабақтың тақырыбы: Қаңылтырды бүгу және түзету әдістері.

Сабақтың мақсаты: а)Қалақ жасау.   

Оқушыларға қаңылтырды бүгу және түзету әдістерімен таныстыру.

ә)Қол аспаптарын пайдалана отырып қалақ жасауды үйрету.

б)Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Бүгу әдістері көрсетілген плакат, қалақша жасау схемасы, қалақ үлгісі.

Құрал –жабдықтар: балға, отауыз,қысқыш, егеу, шапқы, игіш бұрыш темір,220 235мм қаңылтыр және 220 70мм сапты қаңылтыр.

Сабақтың барысы: Балалар бүгін бізде еңбек сабағы.Біз өткен сабақта металды кесу және егеп өңдеу, тойтармалап шегелеу әдістерін үйренген болатынбыз. Бүгінгі сабақта қаңылтырды түзету және бүгу әдістерін үйрене  отырып,қаңылтырдан күнделікті үйде пайдаланатын қалақша жасап үйренетін боламыз.

Қаңылтыр дегеніміз қалыңдығы 2мм- аспайтын жұқа, жалпақ тілім металды айтады.Қаңылтырды арнайы порматтайтын         станоктарда даярлайды. Оның ақ және қара, мырыш жалатылған болат қаңылтыр түрлері болады. Қара қаңылтыр тот басқыш болып келеді.Бұл кемістігін жою үшін оған жұқалап қалайы жалатылады.Мұндай қаңылтыр ақ қаңылтыр деп  аталады. Ақ қаңылтырдан консерв банкалары, бояу қалбырлары,әр түрлі қораптар және т.б.бұйымдар жасалады.Мырыш жалатылған қаңылтырдан шелектер, су құйғыштар, шағын бактар, басқа керек жарақтар жасалады.Қаңылтырдан бұйым жасағанда кесіп алынған қаңылтыр дайындымасының майысқан жерлерін түзетіп алу қажет болады.Бұл жұмысты түзету деп атайды.Қаңылтырды жалпақ плита не болмаса төстің үстіне салып түзетеді.Қаңылтырдың қалыңдығы мен қаттылығына қарай түзету үшін дөңгелек табанды слесарь балғасы, жұмсағырақ металдан жасалған қаңылтырды ағаш балғамен түзетуге болады.Қаңылтырды түзеткендеоның жазық жерлерінен бастап томпаң дөңестеріне қарай жайлап, бір тегіс ұрғылау керек.Егер бірден дөңес жерді ұрғылайтын болсақ онда дайындама түзелудің орнына бұрынғысынан гөрі майыса түседі.Өте жұқа қаңылтырларды тегіс плита үстіне салып беті тегіс ағаш білеумен түзетіледі.

Бүгу дегеніміз қаңылтыр дайындамасын өңдегенде оны түгелдей немесе бір бөлігін майыстыру, ию жұмысын айтды.Қаңылтырды бүгіп өңдеудің мынандай түрлері:

а) жиектерін иіп майыстыру

ә) бөлшектердің жиектерін қайырып жапсарлап ұстастыру

б) бұйымның беріктігін артыру үшін жиегіне сым салып қайыру

жұқа қаңылтырларды қолымен игенде әр түрлі: бұрышты, білеу, төрт қырлы имекше  қалыптар пайдаланады. Олар жұмыс түріне қарай  таңдалып алынады жиектерді иіп қайыру жұмысын тездету мақсатында қазір өндірісте игіш машиналар, электр станоктар, машиналар қолданады. Жиектерді қайыру. Бұл үшін түзетілген дайындаманы верстан үстіне салып, қайырылмақ жиектің енін белгілейтін сызық жүргізеді. Содан соң белгі сызығын  үстіне ( белгі сызықты бұрыштың қырына дәлдеп) қояды да, балғамен ұрғылап, әуелі шетерін, содан кейін белгіленген жиекті түгелдей бүгіп қайырады.

Жиектерді қайырып жапсарлау. Бұл үшін жиегін қайыру әдісі бойынша аударып, қайырылған жиегін саңылау қалдырып, бетестіре бүгеді. Тура осы әдіспен екінші қаңылтырды бүгіп алып, бір-біріне қиюластырып, жапсарлайды. Бұдан басқа жиектерді қайырып жапсарлайды. Сым салып қайыру.

Бүгілген жиекке сымды салып бүгу арқылы қайыруға болады.

Мұндай қайырулар әр түрлі қаңылтыр ыдыстарының, ба                     сяқты ыдыстдың бүйірлерін және ауыз жиектерін қайыруда қолданады. Қазір осы қаңылтырды бүгу әдістерін қолдана отырып, күнделікті үй тұрмысында қолданатын тқалақша жасауды үйренеміз.

1-Ең алдымен белгілеп алу жұмысын жүргіземіз. Қалақ басын және сабын үлгі бойынша белгілеп аламыз. Бұдан соң бүгу сызықтарын өлшем бойынша сызып шығыу керек.Сызғышкөмегімен бүгу сызықтарының дұрыс сызылғанын тексеріп шығамыз.

2-Артық жерлерін темір үстіне салып, шапқы көмегімен кесіп  шығу керек. Шапқының тура сызық бойымен жүруін қадағалау керек. Балғамен ұрар кезде жақын тұрған адамғатиіп кетпеуін немесе тайып шапқы ұстаған қолыңды ұрып алмаудан сақтану керек.

3-Бүгу сызықтары бойынша алдымен жақтау қырларын, соңынан артқы қырын бүгу арқылы қалақ басын даярлау. Сызық бойымен тура бүгілуін қадағалау керек. Қолыңды балғамен ұрып алмауын не қаңылтыр жиегі кесіп кетпеуін қадағалау керек. Осы тәсілмен қалақ сабын бүгу сызықтары бойынша бүгіп шығу керек.

4-Бұдан соң қалақ басы мен сабын тойтармалап шегелеу тесіктерін белгілеп алып, тескіш көмегімен тесіктерді тесу керек. Тесік тесетін кезде тескіш белгіленген нүкте бойынша дәл тесілуін қадағалау керек. Тескішті дәл, тура болғанынан кейін балғамен ұру керек.

5- Қалақ басы мен сабын тойтарма шеге көмегімен шегелеп шығу керек.

6-Қалақ қырларын егеу көмегімен егеп тегістеп шығу. Егеумен жұмыс кезінде қаңылтыр қырлары біртегіс шығуын қадағалау керек.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083445

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 1 ақпан 2016 в 20:22 0
Оқушыларды еңбекке баулу қажет деп ойлаймын.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар