Жігітті жігерінен таны.

Жігітті жігерінен таны.

Құрметті оқушылар, қонақтар!

Біз бүгін мектепішілік «Жігітті жігерінен таны» атты сайысымызды бастаймыз.

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың көпшілік алдында қиялын, ой-өрісін дамыту, ойын өз тілімен жеткізе білу қабілетін арттыру.Сайыс 7 сыныптар арасында өткізіледі.

Оқушылар 2 топқа бөлініп отыр.

Бірінші топтың аты Қырандар.

Екінші топтың аты Сұңқарлар.

Сайысымызды бастамас үшін қазылар алқасын сайлап аламыз.Баға 10 ұпаймен бағаланады.

1-тур. Екі команда мүшелері өздерін таныстырады. Әр командалардың өз эмблемалары болады.

2-тур. 2 топ өз ара жарыса отырып,қисынды ойлауға арналған сұрақтарға жауап береді.Ойлауға уақыт берілмейді.

1-топқа сұрақ.1.Адамның орташа неше туған күні болады?

(Адамның жасына байланысты)

2-сұрақ.Сиыр жатады, сонан соң тұрады, біраздан кейін қайта жатады.Неге?

(Өйткені отыра алмайды.)

3-сұрақ.4 бұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)

2-ші топқа сұрақ.

1.Кейбір айда 31 күн, кейбірінде 30 күн, ал неше айда 28 күн бар?

2.Алды дөңбек шығу үшін бөренені неше рет кесу керек? (5)

3.Сізді аю қуып келеді және жеуге аз-ақ қалды.Алдыңнан бір бөшке қара май, бір бөшке бал кездесті,қайсысының артына тығыласың? (Ешқайсысына,өйткені сізді аю қуып не қылады, бал толы бөшке тұрғанда.)

3-тур. Ситуациялық жағдайдан қалай шығасың?

1-ші топқа. Сыныптасың өзін ешкімнің ұнатпайтынын айтады, сен оның расында да сондай екенін білесің. Не деп жауап бересің?

2-ші топқа. Автобуста сен ұнатпайтын, жек көретін адамның қалтасына ұрлыққа түсіп жатыр.Сен не істейсің?

4-тур. Адам өз өмірінде күледі, жылайды, қорқады, ызаланады. Бұл сезімдердің барлығы эмоция деп аталады. Сонымен бұл тур эмоция деп аталады. 2 топ конверттегі тапсырманы аласыздар.

1-ші конверттегі тапсырма.

а) Түнде үйіңізге ұры түскен болатын.Мектепке қандай сезімде келесіз?

(Мимикамен көрсет)

ә) Таудың сай-саласында жалғыз жүрсеңіз қандай сезімде боласыз?

(Мимикамен көрсет)

2-ші конверттегі тапсырма.

а) Жақын жолдасыңмен қатты ренжісіп, бір затқа келіспей қалдыңыз. Бұндай жағдайда өзіңізді қалай сезінесіз?

ә) Ұстазыңыз сізді жазықсыздан –жазықсыз кінәлап жазалады. Қандай сезімде боласыз? (Мимикамен көрсет)

5-ші тур. Технология сабағынан оқушылар зейіні сарапқа түседі.

1.Қандай құрылғы машина деп аталады?

2.Станоктың негізгі бөліктерін атаңдар.

3.Токарьлық жұмыстарға қандай құрылғылар мен құралдар қолданылады?

4.Ағаш жону токарьлық станогында жұмыс істеу қауіпсіздік техникасы ережесін айтып беріңдер.

5.Құрамы мен тағайындалуына байланысты болат қалай бөлінеді?

6.Көміртекті және қоспалы болаттар қалай маркаланады?

7.Конструкциялық және құралдық болаттар қайда қолданылады?

8.Шойынның түрлері қалай таңбаланады және қай жерде қолданылады?

9.Металдардың негізгі қасиеттерін атаңыз, оларды сипаттаңыз.

10.Металды кесу арқылы өңдеу тәсілдерін атаңыз.

6-шы тур. жігіттер арасында қол күресі жарысы өтеді.

Жеңіске жеткен оқушыларға мектеп дирекциясының атынан «Мақтау қағазы» берілді.

Осыған ұқсас жазбалар:

География"Географ саяхатшылар" сайысы

ҰстаздарғаМахамбет оқуы

Қазақ тіліТіл-тірегім,соғып тұрған жүрегім!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096885

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар