Киімді дайындау және жобалау.

Тақырыбы: Киімді дайындау және жобалау.
 
Мақсаты: Қазіргі кездегі жаңа үлгідегі иық бұйымдарының түрлері туралы білім қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
А. Қазіргі заман киімдерінің ішінен иық бұйымдарының ерекшеліктері, оларға қойылатын талаптар туралы біледі;
В. Иық киімдерінің түрлерін, қазіргі киімнің стилдерін ажырата алады;
С. Жаңа үлгідегі иық киім үлгісін суретте бейнелейді шығармашылық жұмыста қолданады.
Дереккөздер, құрал — жабдықтар: АКТ, Таныстырылым, А4 формат, түрлі — түсті қағаздар,
қарындаштар, флипчарт, маркер. желім, қайшы. ресурстар. стикер.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезең                                       

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарлау .
1. Сергіту сәті.(би қимылы)
2. Топқа бөлу.
Қағазға киімнің стиль түрлерін жасырып, үш топқа бөлу.
1 — т классикалық стиль.
2 — т спорттық стиль.
3 — т жастар стилі.
3. Топ ережесін еске түсіру.
Топ басшысын сайлау.
(бағалау парағын беремін)
Оқушы әрекеті
1. сергіту жаттығуларын орындайды.
2. Топтарға бөлініп отырады.
І топ: классикалық стиль.
ІІ топ: спорттық стиль.
ІІІ топ: романтикалық стиль
3. Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді.
Топ басшысын сайлайды. бағалау парағының бөлімдерімен танысады.
 ÌÌ. Қызығушылықты ояту   .  Сұрақ- жауап
І топ

1.      Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.

2.      Киім дегеніміз не  ?

3.       Киімге сипаттама бер.

4.      Костюм дегеніміз не ?


ІІ топ

1.    Жұмыс басталардың алдындағы қауіпсіздік техникасы.

2.    Сән ұғымына сипаттама бер .

3.    Стиль дегеніміз не ?

4.    Қандай стильдерді білесіңдер ?


ІІІ топ

1.      Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы .

2.      Композиция дегеніміз не ? 

3.      Киім түрлерін ата .

4.      Киім түрлеріне сипаттама бер.  


 

ÌÌÌ. Мағынаны тану.
Ітоп. Классикалық стиль
Іǀ топ.Спорттық стиль

ІІ Ітоп. Романтикалық стиль
Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыстанып, постер дайындайды және қорғайды.
ǀѴ. Ой толғаны

1топ. Көркемдеп модельдеу. Конструкциялау .

2топ. Техникалық модельдеу.

3 топ. Бұйымга қойылатын негізгі талаптар.    

 Ѵ. Өзін-өзі басқару.

« Сымбат » сән үйінің президенті —   мен « Қазақстан Үржар » телехабарының тілшісі сұхбат жүргізіп, осы модель үйінің жұмысымен таныстырады.

Диолог .

Тілші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Бүгін біз киім туралы қызықты , мәліметтерді біліп, үйренеміз. Олармен бізді « Сымбат » сән үйінің президенті Гүлмира Жанатқызы таныстырады.

— Гүлмира Жанатқызы, « Адам көркі – шүберек » деп біздің халқымыз айтқандай, сіздердің жұмыстарыңыз сәнді киім-кешек тігуге негізделген, соған орай өз жұмысыңыз туралы айтып берсеңіз, өйткені киім-кешек ұғымы туралы біздің телекөрермендерімізден көптеген сұрақтар келіп түседі.

— Киім дегеніміз адам денесін мүшелеп немесе бүркеп тұратын жабдықтар жиынтығы. Киім – кешек ұғымы адамның жаңалыққа, өзгеріске шынайы талпынысынан тұрады.

Тілші: Киімді әркім өз бетінше таңдайды ғой, ал таңдау барысында адам жеке талғамымен мода, сән ағымына сүйенеді емес пе ?

-Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Қоғамының дамуына және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де өзгеріп отырады.

Тілші: Адам мен киімді бір-бірінен бөле-жара қарауға болмайды. Адамзат қоғамы дамыған сайын, мода да үнемі жаңарып отырады. Ал, ол немен негізделген ?

-Ол киімдер ассортиментіне байланысты. Киім жалпы белгілері бойынша бірнеше түрге бөлінеді. Оны сіздерге сән үйінің модельдері көрсетіп береді.   

Ѵǀ. Оқушылардың техникалық іс-әрекеттері.

 Ортаға стильдерге байланысты киінген қыздар тобы шығып, олардың киімдеріне сипаттама беріледі.

1-      Топ. Классикалық  стиль

2-      Топ. Спорттық стиль

3-      Романтикалық стиль

Тілші: ( Эпиграфты оқып ): М.Горький: « Киім – сұлулықтың бір түрі » деп жазыпты .

-       Киімге қандай талаптар қойылады ?

-       Әсемдігі, ыңғайлылығы, гигиеналылығы, ұзақ мерзімге жарамдылығы, мықтылығы басты талаптар.

Тілші: Ал киімнің осы талаптарға сай келуі неге байланысты ?

-       Модельер – суретшіге, құрастырушы мен пішушіге, адам денесіне зиян келтірмеу керек, матаны дұрыс таңдауына байланысты.

-       Николай Семашко дәрігер гигенист былай деген « Костюмнің фасоны адам ( денесіне) қимылын  шектемейтін мол болуы тиіс, ол демалыс пен қозғалыстың еркіндігіне әсер етеді. Дене пішімі әркез әсемдіктің үлгісі болып келген және бола да бермек ».

Тілші: Сізді алтын уақытыңызды бөліп келіп, сұхбат бергеніңізге көп рахмет айтамын! Шығармашылық табыс тілеймін !

Ѵǀǀ. Өлшем алу .

Ортаға екі қыз шығып өлшемдерін алып, көрсетеді.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124381

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар