Машина тігістерін жасау. Ы.Ж.Ө жұмыстары. (5-сыныпқа арналған)

18 маусым 2014 - infust
Машина тігістерін жасау. Ы.Ж.Ө жұмыстары. (5-сыныпқа арналған)

Көбеншеева Жайлаухан КөбеншеқызыБейнеу ауданы, «Бейнеу лицейі» ММ-нің технология пәні мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Машина тігістерін жасау. Ы.Ж.Ө жұмыстары. (5-сыныпқа арналған)

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Тұрмыстық тігін машинасымен жұмыс жасауды үйрету

б) дамытушылығы: Оқушыларды жинақылыққа, ойларын тұжырымдай білуге, тиянақтылықпен әсемдікке үйрету.

в) тәрбиелілігі: Басталған жұмысты жауапкершілікпен, шыдамдылықпен, ұқыптылықпен орындауға үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ. (ойынтүрінде)

Сабақтың көрнекілігі: Слайд көрсету, Жаңа технологияның бірнеше элементтерін пайдалана отырып сабақты қызықтырып өту.

Сабақ өту барысы:

І. Ұйымдастыру: а) Сәлемдесу. б). Оқушыларды түгендеу.

ІІ.Оқушы білімін тексеру. ( өткен тақырыпты қайталау)

1)Ең алғаш тігін машинасының жобасын ұсынған кім?

2)Тігін машинасының түрлерін ата?

3)Тұрмыстық тігін машиналарында жұмыс істеу ережелерін ата?

4)Ы.Ж.Ө жұмыстарының терминдерін ата?

5)Қол тігістерінің орындалу технологиясын атаңдар?

6)Қол жұмысы

кезінде қолданылатын құралдарды ата?

ІІІ. Жаңа сабақ

-Бір немесе бірнеше қабат материалды тігім арқылы қосқанда, тігіс алынады

Тігіс- бұл бөлшектердің жіппен жалғасқан орны.

Тігім- инешаншымдардың қайталану қатары, ал инешаншымдар-бұл иненің екі шаншымы арасындағы жіптер.

-Тігін машинасы тігістері: 1. Сырып тігу.2. Жөрмеу. 3. Қосып тігу. Бастыра тігу. 4. Бүгіп тігу.

-Тігін машинасында орындалатын жұмыстарға қойылатын талаптар.

ІV. № 6- Практикалық жұмыс.

Тақырыбы: Машина тігістерінің орындалуы.

1.Бөлшектерді көктеу және сыру.

2.Айыра үтіктеу.

3.Бір жағына жатқыза үтіктеу. 4. Бүктелген жабық қиықты тігістің орындалу реті.

-Сергіту бөлімі: «К

ім ұшқыр» ( мақал- мәтелдердің жалғасын табу)

1.Бүгінгі істі… қалдырма.

2. Жеті рет өлшеп,… кес

3. Өнерлі адам өрге шығар. Өнерсіз адам…

4.Өнерліден үйрен, Өнерсізден…

5.Дау қуған жау табады. Өнер қуған…

6.Батыр адам қорқақты сүймес, Шебер адам…

7.Өнерсіз болу…

-Бақылау сұрақтары: ( Мына сөздерге сәйкес мақал- мәтел құрастыр)

1.Талғам, талап. 4. Шебер, шешен

2.Ісмер, іскер. 5. Емер, Жеңер.

3.Таста, Жаста 6. Ерін

шек, Емін.

-Бақылау сұрақтарының жауаптары:

1.Талаппен баста, талғаммен аяқта

2.Іскердің іші пыспас. — Ісмердің бүлдіргенін үтік жөндейді.

-Іскерлік еңбекте шыңдалады. –Ісмерді ісіне қарай таниды.

3.Асыл-таста, өнер жаста.

4.Шешеннің сөзі мерген, Шебердің көзі мерген.

5. Ерінбеген емер, жалықпаған жеңер.

6. Еріншек адам- еміншек.

-Тақтадан маши

на түрлерін көрсету. Қазіргі заманғы бағдарламамен басқарылатын машина- компьютер.

1.Қолжетекті. 2.Аяқжетекті. 3.Электржетекті.

-Деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.

І- деңгей.

  1. Тігін машинасының тігістері қалай аталады?
  2. Тігіс, тігім дегеніміз не?

ІІ- деңгей.

  1. Тігін машинасында орындалатын жұмыстарға қойылатын талаптар.
  2. Тігін машинасымен жұмыс барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері.

ІІІ- деңгей.

1.Машина тігістерінің орындалу ретін көрсету. 2.Бүктелген жабық қиықты тігістің орындалу ретін көрсету.

Рефлексия. Тақтаға сәулесіз күн ілінеді. Оның беті жабылып тұрады. Оқушыларға күн сәулелері таратылады. Әрбір сәулеге оқушылар сабақтан өз әсерлерін, нені үйренгенін жазады да,іледі. Жағымды әсерлерден күн күледі.( Бетіндегі қағаз алынып, күлімдеп күн көрінеді). Мұғалім осыған байланысты сабақты қорытындылайды.

Үйге тапсырма: Машинада тігіс түрлерін тігу. Алжапқыш тігу жұмысын ұйымдастыру.

Оқушыларды бағалау.

Осыған ұқсас жазбалар:

Күнтізбелік жоспарТехнология 7 сынып, аптасына – 1 сағат, күнтізбелік, (қыздарға)

Күнтізбелік жоспарТехнология – 6 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат (қыздарға)

Күнтізбелік жоспарТехнология - 5 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат, (қыздарға)

ТехнологияШи тоқу өнері

ТехнологияСабақтың тақырыбы: Ілмек бізбен іліп тоқу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151080

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар