Ұлттық ою – өрнектердің түрлері

25 қаңтар 2016 - Болат Башахов

      Башахов Болат Орынғазыұлы

ШҚО Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылы «Өкпеті» орта мектебі технология пәні мұғалімі                               

   Технология пәні   V-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою – өрнектердің түрлері.

Сабақтың мақсаты:   Ою өрнектің құдіреттілігін, әрбір оюдың терең мағынысын аша отырып, білімін артыру. Ою-өрнектердің түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық:Оқушыларды халқымыздың салт-дәстүріне, қолөнеріне терең үңіліп, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды халқымыздың тұрмысына керекті бұйымдарды эстетикалық  талғаммен, көркемділікпен, әсемдікпен жасалғанына көздерін жеткізе отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас теориялық, тәжірибелік сабақ.

Сабақты оқыту әдісі:әңгімелеу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу.

Пән аралық байланыс:әдебиет, тарих, сурет және сызу пәндері.

Сабақтың құрылымы: 1)Ұйымдастыру бөлімі.

                                        2)Жаңа сабақ.

                                       а)Ою-өрнектің шығу тарихы.

                                       ә) «Ою хан мен жаю хан» ертегісінен көрініс.

                                       б) Ою-өрнектің түрлері.

                                        в)  Ою-өрнектің қолданылуы.

                                        г) Ою-өрнектің жасау кездегі сақталатын негізгі       заңдылықтары.

                                        ж) қағаздан ою-үлгілерін жасау технологиясы.

3. Сарамандық жұмыс.

4. Жұмыстарды сақтау, қорытынды,

Сабақтың көрнекілігі:

1. Қағазды төрт бүктеп оюды нұсқау картасы

2. Ою-өрнекті дайын бұйымдар.

3.Ою-өрнек түрлерінің плакат беті.

4. Буклеттер.

5.Әдебиеттер.

Керекті құрал- жабдықтар: түрлі-түсті және ақ қағаз, қайшы, қарындаш, желім.

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру бөлімі.

  а) сабаққа қатысуды бақылау.

 ә) Сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру.

2. Жаңа сабақ

    Балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  «Ұлттық ою-өрнектің  түрлері» атты сабағымызды өтеміз. Қазақ халқы қолөнерге өте бай халық. Сол қолөнер  бұйымдарында ұлттық ерекшелігін сипаттайтың ерекше нақыш белгілері бар. Ол  нақыш белгілері ою-өрнек нақыштары «Ою», «өрнек» сөздері бір мағынаны латынша орнамент яғни сәндеу,әсемдек деген сөзді білдіреді.Бедері түсірілген үлгіні қиып, ойып, кесіпжәне екі затты кесіп қиюластарды- ою деп атайды.Ал киім-кешекке, олошағы, басқұр мен қоржынға түсірілетін ерекше бедерді –өрнек деп атайды. Өрнекті тасқа, металға, ағашқа да түсіруге болады Ою-өрнек ата-бабамыздың өте ертеден келн жатқан  халықтың мұрасы. «Өнер таусылмас азық, жұталмас байлық» деген халқымыз ою-өрнекті қазақ халқының байырғы тұрмас –тіршілігін, дүние танымымен асқан шеберлікпен, эттетикалық  талғаммен ою-өрнегі  арқылы бүгінгі ұрпаққа  жеткізе білген.Ою-өрнектің шығу тарихына байланысты, ел арасында мынадай аңыз әңгіме қалыптасқан. «Ою хан мен Жою хан» ертегісінен көрініс. Міне бұл көріністен халқымыздың ою өнері арқылы өзінің тұрмвс тіршілігін жеткізе білген. Ою-өрнек тарихы өте ерте заманнан сақ, ғұн тайпларында дамығаны тарихтан белгілі.Бұған дәлелі Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» мүсініндегі нақыштар бейнеленген. Бұдан басқа  ою-өрнекті көне тәсілімен, өте шеберлікпен жасалғанын көне ескерткіштерден, ғимараттардан, кесенелерден көруге болады. Мысалы; Айша -бибі  кесенесі,Қарахан кесенесі, Арыстан бап,Қожа Ахмет Иасауидің кесенелері. Халықтың ою-өрнегі  басым қолданылған Қазақтың  ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп.Бізге  сол ою-өрнектердің түрлері де атауларыда көп. Бізге сол ою-өрнектердің  осы заманға дейін  жеткен 200-ден астам түрлері белгілі.Ғалымдар қазіргі кезде ою-өрнек түрлерін іздестіруде. Ою-өрнектерді төрт топқа бөледі

1.Жан-жануарлар  әлеміне байланысты ою-өрнектер.Бұнда жануарлардың табиғи және қимыл белгілері бейнеленеді. Бұларға: қошқар мүйіз, сынық мүйіз, қос мүйіз,қыныр мүйіз. құс қанаты, түйе табан қаз мойын, ит құйрық т.б, ою-өрнектер жатады.

2. Өсімдік әлеміне байланысты ою-өрнектер. Бұл топқа: ағаш, гүл, жапырақ, жауқзын, шивршық гүл, бәйшешек, түйе жапырақ т.б  ою-өрнектер жатады.

3.Ғарыш әлеміне байланысты ою- өрнектер.  Бұл топқа: шеңбер, бітпес, төрт құбыла, айшық, төртқұйрық т.б ою-өрнектер жатады.

4.Геометриялық кескіндер, денелерге байланысты ою-өрнектер. Бұл топқа: үшбұрыш, сүйір, тұмарша, ирек, жіліншік, балта,қармақ т.б жатады.

         Осы топтағы өрнектің қай-қайсысын бейнелегенде, ұлттық бір екшелік «мүйіз» оюы үнемі араласып отырады.

         Ал ою-өрнекті қолданылуына қарай  ерекшеліктерін былай жүйелеуге болады. Үй жиһаздары: текемет, сырмақ, түскиіз, сандық қап, аяқ қап,ұлттық киімдер сияқты киізге, матаға түсірілетін ою-өрнектер негізінен «қошқар мүйіз» өрнегі  байлық, молшылық белгісі және  жан-жануарларға  байланысты ою-өрнектер басым болады. Ал, алаша, кілем-қоржын, киіз үй баулары, басқұр сияқты өнер туындыларында   нақыш арқауы –геометриялық денелер  бейнесіндегі  ою-өрнектер басым   бөлігін құрайды. Сонымен қатар  ағаштан жасалған  бұйымдар ағаш төсек, кебеже, сандық, саба алқ, тегене,  тостаған, уатқыш т.б бұйымдарының басым нақыш белгілері өсімдік пішіндес өрнек әуендері  басым болып келеді.Ал сәндік зергерлік бұйымдары: сырға, шолпы,  алқа, өңір жиен, білезік, сақина,қапсырма, ат-әбзелдерінең: жүген,құйысқан, ер-тұрмандарда қолданылатын ою-өрнек нақышының басым бөлігі ғарыш әлеміне байланысты өрнектерді құрайды.Яғни,ғарыш әлеміне байланысты өрнектер  мәңгілік қозғалыстың, үзілмейтін  өмір жолының белгісі.

       Бүгінгі біздің  заманымызға дейін жеткен ою-өрнектер  талай ұрпақтың ақыл-ойымен шеберлігінің, эстетикалық  талғамының  ғасырларға созылған үздүксіз ізденісінің жемісі болып табылады.

       Ою-өрнек қазіргі кезде де ұлттық ерекшелігіміздің  білдіретін ерекше нысаны. Оған дәлел  мемлекеттік туымызды «қошқар мүйіз» өрнегімен бейнелеуі. Бұдан басқа Астана қаласында  жаңадан салынып жатқан ғимараттарда, сәулетті мешіттерде ұлттық ою-өрнегіміздің  бейнеленуі  үлкен мақтаныш.

          Кез келгенбұйымға  ою-өрнектесақталатын заңдылықтарды білуіміз керек.Әрбір жануар немесе затты бейнелейтін оюдың қасиетіне қарай тақырыптың мағынасы, компазициясы сақталуы тиіс.Компазиция дегеніміз өрнектң бұйымның бетіне реттеп орналастыру. Мысалы: көлемі шағын бұйымға ірі өрнек салмайды, асқан дәлдікпен жарасымды болуы керек. Өрнек салған кездесиметрия сақталуы керек.Симметрия дегеніміз ою-өрнектің екі  жағының бірдей болуы.Ою-өрнекті болғанда немесе екі түсті нәрсеге салғанда  бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуын колорит деп атайды. Мысалы: қара түсті ақ, сары түстердің ашуы. Ою-өрнектің бір элементінің қайталанып отыруын ырғақ деп атайды.Мысалы; туымызда қошқар мүйіз өрнегінің  қайталанып келіп отыруы.

      Қазір бізс осы аталған заңдылықтарды  сақтай отырып,қағазды төрт бүктеп ою үлгісін жасап  үйренеміз. Кез-келген затқа ою салу үшін ең алдымен үлгісін жасап алуымыз керек. Қағазды төрт бүктеген  кезде  түсіру әдісін үйренеміз.Мына суретте көрсетілгендей  қағазды үшрет бүктеп төрт бұрышты етіп  аламыз.Содан кейін қарама қарсы бұрыштарды қосатын сызық бойымен жебе бағытына  қарай тағы бір бүктейміз.Сонда  қағазымыз  тұмар тәрізді үшбұрыш  болып шығады. Енді тұмардың, бітеу қырын болашақ оюдың нақ ортасы деп есептеп, қарындашымызбен ою үлгісін сызамыз. Салған оюымызды  қайшымен абайлап кесіп аламыз.

3.Сарамандық жұмыс.

Оқушыларға өз беттерімен қағазды  төрт бүктеп ою үлгісін жасату.

4.Қорытынды.

 -Міне балалар, кез-келген заиқа ұлттық ою-өрнек түсіру үшін үлгі жасау әдісін үйрендік.Қазақ халқы «Өз үйінде  ою оймаған адам, кісі үйінде сызу  да сыза алмас» деген даналық сөз бар.Яғни  өнердің ешқандай жаманы жоқ. Оны үйрене білу керек. « Олжаның үлкені-үйренген» деген ұлы сөз осы.       

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103652

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 7 ақпан 2016 в 00:15 0
Ұлттық ою-өрнектеріміз қайта жаңғыруда, түрленуде.Болашақ шәкірттерге үлгі-өнеге.Қуану керек.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар