Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті

1 наурыз 2015 - Талғат Жүсіпбаев
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті

Қызылорда обылысы,

Шиелі ауданы,

№ 142 орта мектебі

Технология пәні мұғалімі

Жүсіпбаев Талғат

Сабақтың тақырыбы : Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті. Графикалық құрылым.

Сабақтың мақсаты: Нарықтық тепе – теңдік, тепе-тең баға, сұраныс бағасы, ұсыныс

тапшылық, артылып қалу ұғымдарын қолдана білуге үйрету.

Білімділігі : Тауарлы нарықта игіліктің артылып қалу және жетіспеу себебін, олардың

баға тағайындауда ықпалын түсіндіру.

Дамытушылығы : Сұраныс пен ұсыныс шамасын, нарықтық тепе-теңдікпараметрлерін

анықтау бойынша берілген тапсырмаларды шешіп, графикалық тұрғыдан

бейнелеу ісіне үйрету.

Тәрбиелігі : Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру жолдарын қарапайым өмірде жобалай білуге үйрету.

Көрнекілігі : Сұраныс пен ұсыныс кестелері.

Сабақтың түрі: Аралас сарамандық

Сабақтың өтілуі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, көрнекілікпен және дәптермен жұмыс.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына, оқушылардың оқу құралдарының түгелдігіне назар аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау сұрақтары:

1.Сұраныс. Сұраныс шамасы. Сұраныс заңы.

2.Ұсыныс. Ұсыныс шамасы. Ұсыныс заңы.

3.Сұраныс кестесі. / мысал/

4.Ұсыныс кестесі. / мысал/

ІІІ. Жаңа сабақ. Нарық тепе-теңдігі.

Нарықта сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетке түсуі нәтижесінде сатып алушылар мен сатушылар мүддесі қалай теңесетіндігін түсіну үшін шабдалы шырынына сұраныс пен ұсыныс мәліметтерін бір кестеге келтірейік.

Кестедегі мәліметтерге сүйене отырып 100 теңге мен 130 теңге аралығында құбылып тұратын баға сатып алушылардың тілегіне сай болғанымен сатушылар үшін тиімсіз екендігін тұжырымдауға болады. ( Тауар тапшылығы )

Бағаның деңгейі жоғары болған сайын ( 150 – 200 ) сатушылар нарыққа сол ғұрлым көп тауар шығарады, алайда бұл баға ендігі жерде сатып алушылардың көңілінен шыға бермейді. ( Шамадан тыс тауар )

Баға 140 теңге / л болғанда сатушылар мен сатып алушылар мүддесі теңеседі. Сатушылар нарыққа шығарған бүкіл тауарды тұтынушылар алып кетеді. ( Сұраныс шамасы Ұсыныс шамасына тең )

Сұраныс пен ұсыныс кестесі. Шабдалы шырыны

Баға, теңге / литр

Сұраныс шамасы / литр

Ұсыныс шамасы / литр

100

400

80

110

360

120

120

320

160

130

280

200

140

240

240

150

200

280

160

160

320

170

120

360

180

80

400

190

40

440

200

0

480

Кестедегі мәләметтерге сүйене отырып бір графикпен сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығын көрсетейік.

№1 слайд

Презентациямен слайд бойынша бірінші оқушы сұраныспен бағаны, екінші оқушы ұсыныспен бағаны қиюластырады.

Оқушы жауабынан кейін Нарықтағы тепе-теңдікті толықтырып өту.

Нарықтағы тепе-теңдік дегеніміз – сатушылар мен сатып алушылардың мүддесі теңеседі, демек сұраныс пен ұсыныс көлемі өзара тең. Нарықта тепетең баға қалыптасады, бұл кезде сатушылар ұсынған тауар саны мен тұтынушылар сатып алатын тауарлар саны өзара сәйкес келеді. Бұл жағдайда тепе –тең баға сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасы сәйкес келетін болады.

Сұраныс бағасы дегеніміз сатып алушылар әлгі тауар санын сатып алаған кезде төлеуге әзір барынша ықтимал баға.

Ұсыныс бағасы дегеніміз сатушылар әлгі тауар санын сатуға әзір барынша ықтимал баға.

Тепе – теңсіз жағдайлар: Тапшылық пен артылып қалу

Нарықтағы тепе-теңдік сатушылар мен сатып алушыларды бірдей қанағаттандыратын сәтті жағдай.

Алайда нарыққа сұраныс пен ұсыныс сәйкеспей, соның салдарынан «сілкініс» те болмай тұрмайды. Нарықтағы осындай жағдайларды талдайық.

Слайдпен жұмыс. № 2 слайд

Баға, теңге / литр

Сұраныс шамасы / литр

Ұсыныс шамасы / литр

Асып кетуі

Нарықтағы жағдай

100

400

80

320 л

Тапшылық

110

360

120

240 л

Тапшылық

120

320

160

160 л

Тапшылық

130

280

200

80 л

Тапшылық

140

240

240

Тең

Тепе-теңдік

150

200

280

80 л

Артылып қалу

160

160

320

160 л

Арьылып қалу

170

120

360

240 л

Артылып қалу

180

80

400

320 л

Артылып қалу

190

40

440

400 л

Артылып қалу

200

0

480

480 л

Артылып қалу

1 ші оқушы тапшылық деңгейін, 2 оқушы артылып қалу деңгейін көрсетеді.

Тапшылық дегеніміз сол нарықтағы сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан асып кететін нарықтық жағдай.

Артылып қалу дегеніміз сол нарықтағы ұсыныс шамасы сұраныс шамасынан асып кететін нарықтық жағдай.

Нақтылау: мұғалім сөзі

Нарықтағы тепе-теңдік қалай қалыптасады ?

Тауар тапшылығы бағаны қымбаттата отырып оған қысым жасайды: сатушылар сұраныс өтелмеген жағдайда ташылық көлемін төмендете отырып ұсыныс бағасын көтере беретін болады.

Тауар тапшылығы бағаны арзандата отырып оған қысым жасайды: сатушылар артық ұсыным жағдайында артық тауар көлемін азайта отырып ұсыным бағасын төмендететін болады.

Нарықтағы тепе-теңдіктің өзгеруі.

  1. Бағаның арзандауы немесе бағаның қымбаттауы нәтижесінде ;
  2. Сұраныс пен ұсынысқа бағадан тыс факторлардың әсер ету нәтижесінде.

Сұраныс:

  1. Нарықтағы сатып алушылар саны
  2. Сатып алушылардың табысы
  3. Талғамдары мен ілтипат білдірулері
  4. Өзара байланысты тауарлар бағасы
  5. Тұтынушылардың алағы күннен күтуі

Ұсыныс :

1.Нарықтағы сатушылар саны

2.Ресурстар бағасы

3.Технологиялар

4.салықтар

5.Басқа тауарлардың бағасы

6.Алдағы күннен күтулер

IV.Қорытынды:

« Сұраныс » тарауында сатып алушылардың экономикалық мүддесін талдай келіп тауар бағасы арзан болған сайын сатып алу сұранысы жоғары болғанын анықтаған едік. « Ұсыныс » тарауынан нарық жағдайында сатушылар қымбат бағасына тауарды көбірек шығаруға әзір екендігін байқадық. Нарықтағы тепе-теңдік дегеніміз сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық мүддесі теңеседі, демек сұраныс пен ұсыныс көлемі өзара тең. Бұл жағдайда сұраныс бағасы ұсыныс бағасына тең келетін болады.

V.Үй тапсырмасы: Сұраныс пен ұсыныс әрекетіне мысалдар келтіру.

Осыған ұқсас жазбалар:

Күнтізбелік жоспарТехнология – 6 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат (қыздарға)

ТехнологияШи тоқу өнері

Тәрбие жоспарыЭкономикалық білімдер әлемі

Күнтізбелік жоспарТехнология 7 сынып, аптасына – 1 сағат, күнтізбелік, (қыздарға)

Күнтізбелік жоспарТехнология - 5 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат, (қыздарға)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141118

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар