Тері өңдеу

25 қаңтар 2016 - Болат Башахов

Башахов Болат Орынғазыұлы      

ШҚО Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылы

«Өкпеті» орта мектебінің технология пәні мұғалімі

Технология пәні

 Сабақтың  тақырыбы :Терімен былғары  құрақтарының  шетін өру тәсілдері.

Сабақтың  мақсаты :а)Былғары ментерінің көркемдейтін бейімдік қасйеттерімен  танысу.

Ә)Жіңішке  жіпше құрақтарымен, тұтас көлеңке формасын сақтай қиылған қиықты құрау жолдарымен,әдістерімен танысу.

Қажетті   құрал-саймандар:Пышақ,қайшы, сызғыш,қарындаш, тескіш, балға.

Қажетті  шикізаттар:Түсті  бояулы тері  мен былғары, жіңішке таспа, желім.

Көрнекі құралдар:Өру тәсілдері көрсетілгенплакат бет, көзілдірік пен кілтке арналған қап жасаудың технологиялық картасы.

     Сабақтың  жоспары:

1.Ұйымдастыру  кезеңі.

2.Өткен матералдыеске түсіру.

3.Жана сабақты түсіндіру.

4.Оқушыларға  сабақта алған түсінігі бабынша бұйым  жасату.

5.Сабақты бекіту.

6.Сабақты қортындылау.

     Сабақтың  барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Балаларбіздебүгінеңбексабағы.

2.Өткен  материалдыеске  түсіру

Біз өткен  сабақта  былғары мен теріні  өңдеу  туралы өткен  болатынбыз

1.Былғарының қандай  түрлерін  білесіндер?

-шегірен, сақтияр, күдіре, шылғи тері.

2.Теріні илеудін қандай түрлерін білесіңдер?                             

-Тері илеудің екі түрлі әдісі бар.

1.малмаға  салып илеу;

2.иді жағып илеу.

3.Теріні не үшін бояйды?

-теріге өң беру  үшін жәнетеріні су өтпестейшиырықтыру үшін.

4. тері ұқсату жұмыстарында қандай құралдар қолданылады?

-тері ұқсатуда созғы, талқы, қысқы деген құралдар пайдаланылады.

      ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

-Біз бүгінгі сабақта былғары мен теріні көркемдеп өндеу жұмыстарымен танысатын боламыз.

      Ерте замандардан бастап ата-бабаларымыз былғары мен теріні илеп қана

қойғаны жоқ, оларды әшекейлеп, көркемдеп, безендіріп, өндей білген. Осы әсемдеп көркемдеп безендірудің бірнеше түрлерін меңгеріп, жақсы дамытып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Міне біз сол ұрпақтың бірі болып, осы өнерді ары қарай дамытып, үйреніп жалғастырамыз.

          Былғары мен тері өндеуден ертеден келе жатқан мынадай түрлері бар: былғарыға бедер түсіру, қайыс өру, терілерден құрақ құрау, тон, аяқ-киім беттеріне кесте тігу, оларды кесіп, оюлау, бояп, күйдіріп, батыра өрнек ою, салу сияқты түрлері жақсы дамыған.

        Былғары мен теріні әшекейлеп заттар жасау үшін тел теріні илеу ғана емес, немесе өру, кестелеумен қатар өнердің негізгі әліппелерінің бірі композицияны  жасау мақсатын, пропорциясын, материалдың қасиетін және құрал-жабдықтармен сол затты көркемдеу әдіс технологиясын жақсы меңгеру керек.

         Былғары мен теріні көркемдеудің әдістері мыналар: былғары мен теріден құрақ құрау, терілерді кестелеу, құрақтардың шеттерін қосып өру.

         Былғарының шетін біріктіруде, немесе шеткі қыраларын әсемдеп өндеуде өрімдердің алатын орыны зор. Заттардың шетін өндеуге не жеке өрнектерді қолдануға арналған өрім түрлері көп. Құрақтардың не заттардың шетін қосуға арналған өрімдер қиындыларды біріктіріп, осымен қатар оларға әдемілік, әшекей береді. Өрімдердің түрлері бір-бірінен қиық, не заттың шетінде кесіліп ойылған тесік формаларына байланысты өзгеріп отырады.

         Өрімдер жеке жіңішкелеп тілініп алынған таспалар арқылы іске асырылады. Қарапайым бір таспалы өрім деп заттың шетін тесіп, таспамен өруді айтады. Өрілетін таспаның ені тесілген тесік еніне сәйкес келуі керек. Өру кезінде өрілетін заттың бетін жоғары қаратып сол қолыңызға ұстаймызда, таспаны бірінші тесіктен өткізіп, 1,5 см қалғанша тартамыз, ал қалған ұшын екі былғары арасына  желімдейміз.Осылай өру солдан онға қарай аяғына дейін жүріп отырады.

          Екі таспалы қарапайым өрім өргенде таспа бір тесіктен екі қайталанып өткізілдеі. Өру кезінде таспаны аяғына дейін қатттырақ тартып отырыңдар, сонда өрім біркелкі сұлу боп шығады.

          Айқас жүргіліген таспаларда, өрімдерде таспа бірінші тесікті баспай аттап екінші тесіктен өтеді. Жұп сандар ретімен жүреді. Өрім солдан оңға қарай жүргізіледі. Екінші жолда оңнан солға қарай жүріп тек бос қалған тесіктерден өткізіледі.

          Шолып алу өруде таспа екі рет өтіп мықты бекітіледі, екінші тесіктен өткеннен кейін екі тесіктің ортасын жалғастырған таспаның астынан өткізіп шолып алынып, келесі тесіктен өткізеді. Осы әдіспен өрімнің аяғына дейін жеткенше қатты тартылып өріледі.

          Былғары мен теріден заттар жасауда ең басты жұмыс былғарының шетін ең алдымен жасалатын затты қағаздан жасалған үлгі бойынша  былғарыдан қиып алумыз керек. Тесу– былғарының шеткі қырларын өндеуде өте маңызды орын алады. Тесуді дөңгелек формасы болаттан жасалған кескіштермен жүргізеді.

          Қазір былғарыдан жасалатын  көзілдірік пен кілтке арналған қапты толық  жасалу жолын, сурет арқылы көрсетілген технологиялық картасынан көріп, танысып үйренесіңдер. Бұдан соң жоғарғыда айтып  өткен былғары  шеттерін өру әдістерін бірін  қолдана отырып, көзілдірік және кілтке арналған қапты тігіп шығуымыз керек.

 

    Сабақты тиянақтау, қорыту.

        Оқушылар орындаған жұмыстары бойынша сабақта мынадай сұрақтар қою арқылы бекіту.

       -былғары мен теріге көркемдеп өндеудің қандай түрлері болады?

       -тері мен былғары құрақтарының шетін өрудің қандай түрлерін білесіңдер?

        -мына жасаған бұйымдарыңда өрудің қандай түрлерін қолданылады?

        -композиция, симметрия дегеніміз не?

Осыдан сұрақтарды қою арқылы сабақты бекітіп, оқушылардың орындаған жұмыс сапасы бойынша оқушыларды бағалау.

Осыған ұқсас жазбалар:

ТехнологияСабақтың тақырыбы: Ілмек бізбен іліп тоқу

Күнтізбелік жоспарТехнология 7 сынып, аптасына – 1 сағат, күнтізбелік, (қыздарға)

Күнтізбелік жоспарТехнология – 6 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат (қыздарға)

ТехнологияШи тоқу өнері

Күнтізбелік жоспарТехнология - 5 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат, (қыздарға)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119797

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар