Ши тоқу өнері

Ши тоқу өнері

   Сабақтың мақсаты: Табиғат байлығын пайдалана білуге тәрбиелеу. Күнделікті тұрмыста қажетті, сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай қолөнер бұйымын жасап шығару. Оны қазіргі заман талабына сай жаңа дизайн үлгісінде әсемдей білуге үйрету.

     Білімділік мақсаты: шидің тоқылуы мен өңделуін білу, білімдерін шыңдау.

     Дамытушылық мақсаты: қолөнер туралы ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қол шеберліктерін қалыптастырып, талғамдарын ұштау.

     Тәрбиелік мақсаты: ұмыт бола бастаған ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру. Талғампаздыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа,  еңбекқорлыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

 

    Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

     Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-сарамандық, Веен диаграммасымен жұмыс.

    Пән аралық байланыс: тарих, биология, бейнелеу өнері.

    Қажетті құрал жабдықтар: жиек ағаш, түрлі-түсті тоқыма жіптер, ши, қайшы, ПВА желімі.

   САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.

   І. Ұйымдастыру кезеңі.

   ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: оқушыларға карточкалар тарату арқылы үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

   Ши тоқу халқымыздың ерте заманнан келе жатқан өнер мұрасының бірі. Шиді қолданатын мақсатына қарай бірнеше түрге бөлген

   1.Ақ ши,

   2.Орама ши,

   3.Шым ши.

   Ақ шиді өре жасап құрт, ірімшік кептіруге пайдаланған.

   Орама шиді жылылық үшін керегенің сыртынан айналдыра құрған.

   Шым ши әр түсті жіппен, жүнмен өрнектеліп тоқылады. Бұл есіктің екі жақ босағасына ұсталған. Ши — өте төзімді болып келуімен бірге, қүнделікті өмірде қолданылып, халық өнерінің қайнар көзіне айналды.

     Ши еліміздің дала, шөлейт аймағында, тау беткейлерінде, әдетте суға жақын жерлерде өседі. Шилі жер қыста жақсы мал жайылымы. Шидің сабағынанши тоқылады, гүл шоғыры мен қысқа сабағынан сыпыртқы жасайды. Біздің ауылдың маңайында ши қалың өседі. Сабаққа қажетті табиғи материалды дайындауға мүмкіндігіміз мол.

 

     Шиді қолданыста ұстауды жүзеге асырып, осы бір өнерді заман талабына сай түрлендіріп қажетті әсемдік бұйымдар мен заттар жасау жолымен қайта жандандыруға болады.

     Сарамандық жұмыс.

     1.Қауіпсіздік ережесін таныстыру.

     2.Жиек ағашқа ара қашықтығы 10-15 см. етіп жіп керу.

     3.Оқушылар  дайындап әкелген эскиздерін жіптің астынан жиек ағашқа бекіту.

     4.Шиді суреттің төменгі шетіне қойып сурет бойынша белгілер салу.

     5.Белгілер бойынша суретке сөйкес түсті жіптерді орау.

       6.Орапған шиді алғашқы орнына қойып сабақ жіпті шалып байлау.

    Келесі шиді алып алдыңғы шидің жоғарғы жағына қойып белгілейміз. Осылай жиек ағаштың шетіне дейін тоқып шығамыз. Байланған жіпті жиек ағаштан босатып алып шидің төменгі жиігіне шашақ жасап, жұмысымызды аяқтаймыз.

Жаңа сабақты бекіту.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар қою.

Оқушыларды бағалау.

Оқушылардың бүгінгі өткен сабақтағы тоқу деңгейіне қарап бағалау

   Үйге тапсырма.

  Бүгінгі сабақта бастаған дизайнды шым шилерін аяқтап келу

                                                                                         

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Күнтізбелік жоспарТехнология – 6 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат (қыздарға)

ТехнологияСабақтың тақырыбы: Ілмек бізбен іліп тоқу

Күнтізбелік жоспарТехнология 7 сынып, аптасына – 1 сағат, күнтізбелік, (қыздарға)

Күнтізбелік жоспарТехнология - 5 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат, (қыздарға)

ТехнологияМашина тігістерін жасау. Ы.Ж.Ө жұмыстары. (5-сыныпқа арналған)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1109993

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар