Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі

22 қараша 2015 - Азизи Естаева

Сабақтың тақырыбы: Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі.

Мақсаты:

ØОқушыларға Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік

беру,Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.

ØЭкстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра алдын алу шараларын жүргізу.

ØОқушылардың бұған дейінгі білімдерін кеңейту, тақырыпты өз бетінше меңгеру, сыни ойлай отырып, өз ойын еркін жеткізе білу, талдау дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту нәтижесі: Оқушылар тақырыпты өз бетінше меңгере алды, экстремизм мен терроризм туралы мәлімет алып, топта жұмыс жасап қабілеттері қалыптасты, БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, өмір қауіпсіздігіне жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерін қалыптастыра білді.

Ресурстар: Видеоролик " «Менің елім — Қазақстан » видеоролигі, «Экстремизм опат болудың жолы» т.б жарнама роликтері, слайдтар, стикерлер, постер, интернет материалдары,қағаздар, оқу құралдары.

Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру

Сабақтың жүрісі:І. Ұйымдастыру кезеңі: (1 минут)
Салемдесу.Келген қонақтармен таныстыру.
Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгін біз сіздермен кезекті дінтану факультативінің кезекті сабағын бастаймыз. Сабағымызды бастамас бұрын оқушылар топқа бөлініп алайық.
Тарихшылар, дінтанушылар, саясаткерлер болып үш топқа бөлініп алдық, сол бойынша отырамыз.
Миға шабуыл (5 минут)
Алдымен «Менің елім — Қазақстан » видеоклипін тамашалайық.
ІІ.Қызығушылық ты ояту (1 минут)
Мұғалім: Сіздердің көргендеріңіз Тәуелсіз Қазақ елі.Қазіргі гүлденген Қазақстан- тұрақты экономикалық өсімі бар, қоғамдық келісім мен орнықты саяси жағдайы қалыптасқан көп ұлтты және көп конфессиялы ел болып табылады. Еліміз өзінің алдына қойған мақсатына үшін дүние жүзіндегі дамушы мемлекеттер қатарына жету жолына нық қадам басуда.Дүние жүзілік аренада еліміздің айрықша орын алуына көз тігуші мемлекеттер қатары көбеймесе азаймағанын бәріміз білеміз.Міне осындай елімізді әлсірету үшін көптеген себептер баршылық. Солардың бірі көпшіліктің санасына әсер ету. Елімізге 90 жылдардың бас кезінде бізге жат «Терроризм, экстремизм» деген сөздер ене бастады.Бұл сөздердің мағынасы қандай, неге елімізге енді? Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы қоғам ретінде өзіне тән саяси — әлеуметтік, экономикалық және рухани жүйелерден тұрады. Еліміздегі діни ахуалдың күрделі сипат алып тұрғаны соңғы уақыттағы зерттеулерден белгілі болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалды, Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әр — түрлі діни идеялар толтыруға тырысып бағуда.
Қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі, ең әлсіз тұсы дін дейтін болсақ, оның себептері, алдын алу шаралары, қолданылып жатқан заңдар жайлы бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастай отырып, өзіндік пікірлерін қорытып, тақырыпты меңгеруге тырысады.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына роликті көре отырып таңдайық.
ІІІ. Ой қозғау (15 минут)
-«Діннен адастырар теріс ағым » видеоролигін көре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз.
Топтарда отырған оқушылар видеороликтен:
— экстремистік, террорлық әрекеттерді,
— жарылыс, мешіттерді қиратушылар туралы,
— имам мен мәсхабты мойындамаушылар,
— қазақ халқының салт -дәстүрін, әдет- ғұрпына қарсы шығушылар туралы айтады.
Сонмен оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбын қалай деп атаймыз.
«Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі» деп алайық.
Жаңа тақырыпты меңгерту үш топқа бөлінген болатынбыз, ендеше әр топқа жұмыс жасауға барлығы 5-15минутқа дейін уақыт беріледі. Тапсырманы орындаған топ жауап беруге кіріседі.Қорғауға 3-5 минуттық уақыт беріледі. Жауаптар нақты, қысқа, нұсқа болу керек.
Оқушылардың жұмыстарын жеңілдету мақсатында сұрақтар арқылы жетелейін.
Дінтанушыларға: Сұрақ: Экстремизмнің шығу мен таралу жолдарын, әлеуметтік негізін, анықтау.Бұлардың әлеуметтік негізін кімдер құруда. Қазіргі кездегі қандай қауіпті діни ағымдар туралы білесіздер, олар туралы ойларыңыз?
Рахмет, хабарламаларыңызға.
Сұрақ тарихшыларға: Экстремизм, терроризм сөздері жаңа атаулар ма? Тарихына тоқталсаңдар?
Көптеген мәліметтер берген болашақ тарихшы оқушыларымызға рахмет айтамыз.
Саясаттанушылар: Сұрақ: Елімізде терроризмге қарсы күрес жүріп жатыр, біз бұл қиындықты да жеңетінімізге сенеміз.Ол үшін біз қандай әрекеттер жасауымыз керек деген сұрақтарға біздің саясаткерлеріміз жауап берсе. Қазақстан Республикасының экстремизмнің алдын алу бағытындағы заңдарына шолу.
Заңдарымызда баршылық екен, рахмет саясаткерлеріміз.
Енді теориялық негізге кішкене тоқталсам:
ІҮ. Мағынаны тану (5 минут ) Теориялық бөлім.
Соңғы онжылылдық ішінде діни ағымдар, олармен байланысы бар экстремистік құбылыстар туралы естиміз. Осы бағытта әр түрлі экстремистік және террористік ұйымдар пайда болып, жаһандық қауіпсіздік үшін үлкен қауіп төндіруде. Бұл мәселе бүкіл әлемге ортақ індет болғандықтан және ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда.Еліміз тыныштығы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан -2030" мерзімді дамму стратегиясының 7 басымдылығының алғашқы екеуіне тікелей байланысты фактор болып табылады. Сондықтан біз бұл мәселені қозғаудамыз.Бүгінгі айтылатын екі ұғымның да исламға ешқандай қатысы жоқ. Ислам сөзі арабтың тыныштық, бейбітшілік деген ұғымын білдірмей ме?

Экстремизм (латын тілінен–езіп, жаншу. )қоғамдық нормалар мен мемлекеттік ережелерге қатысты радикалды түрде терістеу арқылы әрекет жасайтын топтар немесе жеке тұлғалардың теріс пиғылды ісі.
Саясатта ең төменгі көзқарастарды көрсететін категория.Саясат, сонымен бірге басқа таптарға, жіктерге, жеке саясаткерлерге, қауымдастықтарға, билік құрыламдарына және мемлекетке күш қолдану іс-әрекет қарым-қатынасына құрылған. Жалпы көрінісі бойынша қоғамдағы ерекшеліктер мен заңдылықтарды радикалды түрде жоққа шығарып, соңғы көзқарас пен іс-әрекетке жақын тұрғандығымен сипатталады.Осыдан, этникалык экстремизм, саяси экстремизм, діни экстремизм деген түсініктер пайда болады. Экстремизм субъектілері болып, қоғамдық ұлттық, діни, саяси партиялар мен қозғалыстар, жеке тұлғалар, топтар тіпті мемлекет саналады. Діни негіздегі экстремизм–бұл діни соңғы іс-әрекет пен көзқарасқа жақын тұратындығы.
Діни экстремизм–діни жамылғы жамылған, діни қызығушылыққа мемлекеттік құрылымға күш колдану арқылы, билікті күшпен басып алу, мемлекеттік тұтастығына, егемендігіне нұқсан келтіретін, осы мақсатқа сәйкес діни қастандықты қоздыратын іс-әрекет. Діни экстремизм–бұл діннің шеткі көзқарас пен іс-әрекетке бағытталуы. Осындай экстремизмнің негізін күш қолдану, қатыгездік, агрессия кұрайды.
Діни экстремизм–бұл діни ықпалдастырылған іс-әрекет, осы мақсатта діни қастандықты, жеккөрушілікті қоздырушы, егемендікті және мемлекеттің территориялдық біртұтастығын бұзуға бағытталады.

№1 тірек-сызба. Экстремизмнің себептерін туғызатын мәселелер
— әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар;
— саяси құрылымдардың өзгеріске ұшырауы;
— тұрғындардың көп бөлігінің өмір сүру деңгейінің құлдырауы;
— оппозициямен басқа да түрдегі көзқарастарды биліктің қудалауы;
-өз мақсат -міндеттерін жылдам іске асыру үшін діни топтардың, саяси
партиялар жетекшілерінің амбициялары, ұлттық билеп-төстеу.
Діни экстремизм дегеніміз не? Идеологияда бұл:
— басқаша ойлаудың барлық түріне қарсы шығу, басып-жаншу;
— саяси және діни көзқарастардың өзіндік жүйесін қатаң түрде енгізу;
— көшбасшының бұйрығына көзді жұма отырып бағыну.
Ұйымдастыру түрінде бұл:
— ұйымның құрылымында жасырын түрде болуы;
— террор түрінде агрессивтіліктің болуы;
— мемлекет жариялаған және өмір сүріп отырған құрылымға өздерін қарсы қою.
Ал, терроризм дегеніміз-жеке тұлғалардың немесе ұйымдасқан топтардың, халықтың нақтылы топтарына немесе мемлекеттік органдарға заңды түрде шешілуге мүмкіндік болмаған жағдайда өз мақсаттарына жету үшін, саналы түрде қысым немесе күш көрсету.Терроризм — қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет не қоғам қайраткерлерiнiң қызметiн тоқтату немесе осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту;
-террорист — террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыруға қатысушы адам;
-террористiк топ — террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында бiрiккен екi және одан да көп адамдардан құралған топ;
-террористiк ұйым — террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыратын не өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкiндiктерiн мойындайтын, оған қатысты террористiк ұйым деп тану туралы сот шешiмi қабылданған және күшiне енген ұйым.
Кей уақытта экстремизмнің таралуы себептеріне демократиялық қайта жаңару нәтижесінде жарияланған ар еркіндігін жатқызады. Алайда ар еркіндігі азаматтардың бостандығын қазіргі құқықтық мемлекетте азаматтардың негізгі құнды еркіндігі деп түсіндіріп, діни бірлестіктерге толықтай еркіндік (яғни халықаралық жағыдайдағы) экстремизмдік идеологияның коғамда пайда болуына жағдай жасайды.
Діни экстремизм–бұл діни ықпалдастырылған және діни жамылғы жамылған іс-әрекет, осы мақсатта діни қастандықты, жеккөрушілікті қоздырушы, егемендікті және мемлекеттің территориялдық біртұтастығын бұзуға бағытталады.
Саяси және азаматтық құқықтар жөніндегі халықаралық пакт былай дейді: «Әрбір адам дін және ар еркіндігін, ой еркіндігіне құқылы. Бұл құқықка дінді қабылдауға немесе еркін болуға, сенуге таңдау еркіндігіне, өз дініне жеке сенуге, басқалармен бірігуге, жалпы немесе жеке түрде діни және ритуалды дәстүрлерді орындауға, оқуға құқылы» делінген.
Түсініктердің қарым-қатынасы қазіргі түсіну «діни сенім еркіндігі» (1), «ар еркіндігі» (2) және «ой еркіндігі және сенім» (3), графикалық тізбе бойынша былай берілген (сүлбе 1).
Экстремизм базасын маргиналды (латын тілінен) топтар, ұлт өкілдері және дін өкілдері, өмір сүру тәртібіне қанағаттанбайтын интеллигенцияның бір бөлігі, студенттер, кейбір әскери топтар кұрайды.
Маргиналды топтар–құндылықтар мен нормалардың өзіндік жүйесіне құлап сенетін, дәстүрлі мәдениет пен құндылықтарды жоққа шығарушылар.

«Діни сену еркіндігі» түсінігінің графикалық ара-қатынасы.
Діни негіздегі экстремизм саясатпен және ұлтшылдықпен тығыз байланысты, біртұтастықты білдіреді, сондықтан ғылыми әдебиетте «діни-саяси экстремизм» термині қолданылады.
Экстремизмді жақтаушылар демогогиялық жолмен, тәртіпсіздікті ұйымдастырумен, азаматтық бағынбаушылық актілерімен өмір сүріп отырған қоғамдық құрылымдарды қиратып, өздерінің мақсаттарына жетуді ойластырады. Сондықтан күш әдісі кеңінен қолданылады: террорлық актілер, партизандық соғыс т.б, келіссөз жүргізу, компромисс принциптерін жоққа шығарады.
Діни негіздегі экстремизм терроризммен біріге отырып, идеяға сенімсіздіктің нәтижесі ретінде өз өмірлерін құрбан етеді.
Қазіргі әлемде көптеген, сенім тудырмайтын діни ағымдар пайда болды («фанатикалық секталарды» атауға болады, олардың бүлдіргіш іс-әрекеттерінің алдын-алу мақсатында окып-үйренуге тура келеді). Топтар аз болған сайын, онда фанатизм күшейе түседі.Соңғы жылдары ақырғы заман идеясы орын алып отыр. Былайша
айтқанда апокалипсистік қозғалыс. Бұл идеяны уағыздаушылар зорлық-зомбылыққа шақырмайды және өзгеріп, қайта өрлеудің уағыздаушыларымыз немесе жаңа адамдардың туылуы деп есептейді.
Діни негіздегі экстремизм ақпараттық терроризм және кибернетикалық соғыс тактикасын қолдануы мүмкін. Компьютерленген қоғамда ақпаратты жасырын ұстау мүмкін емес, оны қорғау толық эффектілі емес. Экстремистердің мақсаттары да өзгеруде: енді саясаткерді өлтіру немесе топты адамдарға жарылғыш зат лақтырғаннан гөрі, бірнеше кнопканы басып, драмалық және кең масштабты нәтижеге жету.
Егер діни экстремизм өзінің іс-әрекетін ақпарат жүйелерінде әскери қимылдарға ауыстыруы, оның бүлдіру күші қарулардың басқа түрлерінен көп басым болады.
Діни экстремизм дегеніміз не деген сұраққа жауап беріп көрелік. Идеологияда бұл:
— басқаша ойлаудың барлық түріне қарсы шығу, басып-жаншу;
— саяси және діни көзқарастардың өзіндік жүйесін қатаң түрде енгізу;
— көшбасшының бұйрығына көзді жұма отырып бағыну.
Ұйымдастыру түрінде бұл:
— ұйымның құрылымында жасырын түрде болуы;
— террор түрінде агрессивтіліктің болуы;
— мемлекет жариялаған және өмір сүріп отырған құрылымға өздерін қарсы қою болып табылады.
Діннің атын жамылған жағымсыз құбылыстарға қарсы күресу тетіктерін қалыптастыруымыз керек. Президенттің айтуынша бұл бітімгершілікке саяды. Бітімгершілік — шиеленісті мүлде болдыртпайтын немесе болу мүмкіндігін сейілтетін алдын алу шараларының тұтас жүйесі. Экстремистер, террористер белсенділігін азайту үшін белгілі- бір іс- шаралар ұйымдастыру керек.Осы бағытта енді сіздердің ойларыңызды тыңдасақ:
Ү. Оқушылар шығармашылығы: ( 5 минут)
Оқушылар біз бүгінгі сабағымызда тақырыбымызға сай экстремизм мен терроризмнің елімізге қауіп екенін айтып өттік.Ал енді одан қалай қорғануға болады, сіздердің әрекеттеріңіз ?
Оқушыларға екінші тапсырма:
1 топ. Дінтанушылар.Жарнама жасап, таныстырып, отырған қонақтарға таратады
2 топ. Тарихшылар.Плакат, сурет салып, таныстырып, тақтаға іледі.
3 топ.Саясаткерлер.Видеоролик жасайды, көрсетеді. Нәтижесін. Екі жұлдыз, бір тілекпен бағалайды бір- бірін.
ҮІ. «Санаға сапар» Иландыруға арналған тест жүргізу. (5 минут)
Оқушыларға сұрақ: Қалай ойлайсыздар жастар осындай діни ұйымдарға қалай түседі?
Тестке арналған нұсқау
Бірінің астына бірін бес санына дейін жазыңыз 1,2 ,3, 4, 5. Осы сандармен бірге тапсырмалар беріледі. Ең бастысы тапсырма бойынша ойыңызға бірінші келгенді тез арада жазу керек.
Қайталанатын сұрақтар болмайды. Сол себепті егер Сіз жазып үлгермей жатсаңыз, онда қайтадан сұраудың қажеті жоқ. Одан да келесі сұраққа үлгеруге тырысыңыз.
Тапсырманың біткенділігін білдіретін «уақыт болды» деген сөз болады. Тап осы сөздің артынан тез арада келесі тапсырма оқылады.
Психолог дауыс ырғағына назар аударып, диктофонға жазылғандай тез арада жазып алыңыз. Сонымен, бастадық!
Кез – келген жазушының атын жазыңыз. Мысалы: «Гоголь»; кез- келген …«уақыт болды»
Кез- келген қысқа сөлемше жазыңыз. Мысалы «Жаз келді»; кез- келген …«уақыт болды»
Кез- келген заттың атын жазыңыз. Мысалы «Үстел»; кез- келген …«уақыт болды»
Кез- келген пішінді бейнелеңіз. Мысалы «Үшбұрыш»; кез- келген …«уақыт болды»
Кез- келген санды жазыңыз. Мысалы «9»; кез- келген …«уақыт болды»
Психолог тест оқып оқушылар орындайды.
Тесттің нәтижесі:
Тапсырманы орындау барысында, тапсырманың жауабы мысалымен сәйкес келсе онда, 4 балл беріледі.
Егер тапсырманың жауабы мысалға ұқсас болса, онда 3 балл беріледі.
Егер мағынасы жағынан сәйкес келмесе онда 2 балл беріледі.
Егер мүлдем ұқсас болмаса, онда 1 балл беріледі.
Тесттің қорытындысындағы алынған нәтиже 3 –ке көбейтіледі.
15 – 30 балл –иландыру деңгейі төмен;
31 – 45 балл – иландыру деңгейі орташа;
46 және одан жоғары балл – иландыру деңгейі жоғары.
(егер маман бұл адамдармен бұрын жұмыс жасаса, онда бұл иландыру емес, керісінше маманға деген сенімді білдіруі мүмкін)
Біз кішкене ғана тест арқылы әрқайсысымыздың илану деңгейіміздің қандай дәрежеде екенін анықтадық.
Сіздер бір үстел басында отырмыз деп елестетіңіздер. Менің қолымда әбден піскен, қанық, сарғыш түсті лимонды көріп отырсыздар.Мен қазір қолымдағы лимонды кесемін, кескен кезде одан қапелімде шырыны шықпайды, егер оны мен қыссам тамшылап шырын бөлінді солай ма? Сіздердің ауыздарыңызда да жемей ақ лимон шырынының қышқылтым дәм сезіледі. Оқушылар кімнің аузына алғашқы болып сезілді. Міне көрдіңіздер ме, мен сіздерді гипноздап лимон шырынын жемей-ақ оның ашқылтым дәмін сездіртім. Осыдан ақ біздің сенгіштік қабілетіміздің бар екендігін көрсеттік. Түрлі секта, ағымдарда осылайша өз әдіс тәсілдерін пайдаланып біздің сенгіштігімізді, осалдығымызды пайдаланып кетуде. Содан сақ болыңыз.
ҮІІ." Серпілген сауал" әдісін пайдаланып, жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігін тексеру:(5минут)
1 Экстремизм деген не? Экстремизмнің негізін не құрайды?
— Экстремизм (латын тілінен–езіп, жаншу.)
— экстремизмнің негізін күш қолдану, қатыгездік, агрессия кұрайды.
2 Бүгінгі шиеленіскен діни ортаға жастардың араласуының себеп — салдары қандай?
-түрлі ағымдарға рухани шөлдеген қоғамның арбалуы
-қоғамның діни сауатының төмендігі(ата -ана)
-жалған намыс, ұстаз сөзін тастамау, қаржылай кіріптарлық.
3. Діни экстремизм және оның алдын — алу үшін не істеу керек деп ойлайсың?
-жалған діни идеяларға қарсы ғылыми, ақпараттық, құқықтық шараларды ұйымдастыру.т.б.
-Рухани, діни мәдениеті мен білімі болуы қажет.
Оқушылар «Сұрақ жауап » арқылы бір-бірінің сауалдарына жауап береді
ҮІІІ. Рефлексия (3 минут) Кері байланысты орнату.
Бүгінгі сабақта сіз үшін не аса маңызды болды? Бүгінгі сабаққа қатысты қандай сұрақ сіз үшін аса маңызды болып табылады? Окушылар бүгінгі сабақта нені түсініп, түсінбегенін стикерлерге жазады.
Қорытынды сөз: Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты конфессияаралық тұрақтылық пен толеранттылықты сақтауға бағытталған.Біздің еліміз көне заманнан түрлі мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Біз Елбасымыз айтқандай, тұғырын нығайтып, түтінін түзу ұшыруға барын салған, асылын ардақтай білетін, бірлігіміз жарасқан елміз. Халқымыздың зияткерлік, шығармашылық әлеуеті өте бай. Біздің бірлігіміз бен ынтымақтастығымызға қол сұғуға ешкімге жол бермейміз, — деп сабағымызды аяқтаймыз

Осыған ұқсас жазбалар:

Қосымша пәндерДіни экстремизм мен терроризм: сипаты,таралу себебі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124481

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар