ҚАРАКЕМЕР балалар театры

17 қыркүйек 2015 - Таланттар мектебі
ҚАРАКЕМЕР балалар театры

Асқар Наймантаевтың бұл жұмысы еңбекақысыз, дарынды балаларға көмек ретінде болды. Көктемде, 8-наурыз күні, балалар театры мәдениет үйінің сахнасында аналарға арналған қойылымдармен алғашқы өнерлерін көрсетіп, тұсауы кесілген.

Жақында, жаңа оқу жылының басталуына орай театр балалары тағы да бас қосып, "Қызық кәнсертә атты бағдарламамен ауыл жұртшылғын бір сергітіп тастады. Концертке Мәди Әлиасқар, Әлішер Асыл, Диас Мақұлбек,Әлібек Нұрадинов, Нұрсұлтан Бадаев сияқты театрдың актер-оқушыларымен бірге, «Мәдениет майталманы» медалінің иегері Арайлым Мамырбекова, мәдениет үйінің үйірме жетекшілері, "Әдемі" би тобы, Ұлан Қали сынды өнерпаздар қатысты. Асқар Наймантаев та жас шәкірттерімен шағын әзілдер ойнап көрерменді қуанышқа бөледі.

Кешке ауыл әкімі Алтынбек Исаков мырза демеушілік жасап, көрермендерге лоторея билетін ойнатып, бағалы сыйлықтар жасады. Бұл жақсы үрдісті "Қаракемер" балалар театры" ары қарай жалғап, аудан көлемінде гастрольдік сапарға шықпақшы. Театр ұжымы "Қазақ Хандығының 550-жылдығына орай өткізілетін мәдени шараға дайындыққа кірісіп кетті.

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз ұйымдастырушыШеберлік сабағы. Мастер класс Аскара Наймантаева

ҰстаздарғаЕРЕКШЕ ЕМТИХАН

Ұстаз үніӨнер үйренем деген балаға ала көзбен қарамаңыз.

Өзін өзі тану«Конферанс жанры. Конферансье»

Ұстаз үніБалаңыздан білімді, мәдениетті көрермен тәрбиелеп шығарыңыз

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083458

Пікірлер (2)
Askar Naymantaev # 18 қыркүйек 2015 в 13:09 +1
Рақмет!
Базаргүл Алтынбекқызы # 21 қыркүйек 2015 в 22:53 0
Қаракемер балалар театрына сәттілік тілеймін!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар