Өлеңдер. Әдемі Садуова

11 мамыр 2016 - Адеми Садуова
Өлеңдер. Әдемі Садуова

Садуова Әдемі Сәлімқызы 1976 жылдың 20 тамызында Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі  Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Мұқыр ауылында     дүниеге келдім.

І –санатты бастауыш сынып мұғалімімін. 20 жыл еңбек өтілім бар. Отбасым, бала-шағам бар.

Қазірде жұмыс бабымен Айыртау ауданының Антоновка селосында жұмыс істеймін.

 

Тәуелсіз еліме 25 жыл!       

Ұлан-байтақ неткен жер!

Дәнді-дақыл еккен жер.

Жеттік міне  арманға

Қазақстан-Ерікті ел!

 

Талай боздақ өткен жер,

Маңдай терін төккен жер.

Тәуелсіздікке қолы

Қиындықпен жеткен жер.

 

Өзіңде бар Елбасы

Туыңда бар,әрине

Елтаңбаң бір ертегі

Әнұраның тәрбие.

 

Енді қанат жаялық

Қыран құстай самғайық.

Туымызбен тұғырлы

Бірге желек қағайық.

 

Егеменді ел болдық

Ел намысын сақтайық.

Қазақстан байлығын

Бөтен елге сатпайық!

 

Салт-дәстүрін қазақтың

Жаңғыртайық, жасайық!

Үлгі етіп ұл-қыздарға

Үлкен үміт артайық.

 

Тілді сыйлап, шұбарлатпай

Қастерлейік халайық!

Қазақ тілін дамытуға

Күшімізді салайық!

 

25 жыл міне, толып отыр,

Егеменді еліме.

Өрт салмасын бөтен елдер

Атамекен жеріме.

 

Аңсап күткен бұл тойымыз

Құтты болсын бәріңізге

Ұзақ ғұмыр, бірлік, табыс

Тілеймін жас-кәріңізге.

 

Мен қазақпын.

Мен қазақпын әуелден қарапайым

Қонақ келсе қарсы алып,құшақ жайдым.

Мен қазақпын деймін мен мақтанамын

Қонақтарға тосатын қою шайын.

Қонақ келсе әуелі қабақ керек

Қабақтан соң әрине тәтті ас керек.

Ата-бабам қашаннан бар дәмдісін

Қонақтарға әрдайым сақтап келед...

Мақтана алам «жомарт» деп ата-бабам

Қазақтарды қолдайды Қызыр бабам.

Көңілінде қазақтың шек жоқ деп

Мен әрине ойланбай айта алам.

Қадірлі ғой қазақта әрбір ана

Аналардан туған ғой небір дана.

Сәбит, Мағжан… ұлдары қазағымның

Ұмытылмас тұлғасы әрбір дара.

Қазақпын деп айтамын шаршамаймын

Ұлтың кім?-деп сұраса қайталаймын.

Атам қазақ, қазақ боп өтемін мен

Жасай берсін қазақтар әр жыл сайын.

Намысшыл боп келеді әрбір қазақ

Қазақпын деп мақтану қандай ғажап!

Ұлтын, салтын сыйлайтын ұрпағың бар

Жаңғыртайық дәстүрді ұмтыл қазақ!

 

 

Ыстық қой, шіркін, туған жер!

Бар менің туған жерім Мұқыр аты

Өзінің таңғажайып табиғаты.

Әр түні ыстық маған әрбір күні

Бір күнге алыс кетсем сағынатын.

Әрқашан ауылым деп ән саламын.

Жүректен арнап оған жыр жазамын.

Болса екен көркі жақсы ауылымның

Көрген жұрт таңдай қағып, тамсанатын.

Елімнің болашағы болса  деймін

Бақ құсы ауылыма қонса деймін.

Той тойлап,қызық көріп ел мен жұрты

Қазаны ет пен майға толса деймін.

Жыр жазсам ауылым деп таусылмайды

Ән-күйсіз көңілім де ашылмайды.

Әрқашан күліп-ойнап біз жүрейік

Айналып өте берсін уайым-қайғы.

 

 

Туған жерім-Мұқыр елі

Ыстық қой шіркін, туған жер

Көлбеген көл, жасыл бел.

Менің туған ауылым

Мұқыр деген шағын ел.

Табиғаты таңқаларлық

Тарихы оның қаншама

Өзен-көлі, орман-сайы

Сыр шерткендей баршаға.

Торыатөлген, Кірпішсоққан

Күреңбие, Өгізатқан

Шиелісі,қасымбегі

Жерлері бар аңыз болған.

Ауылымды мақтан етем

Артық одан жер бар ма екен?

Көктем келсе егін егіп,

Ағаларым терін төккен.

Шөбі шүйгін, жері жайсаң

Жаз келгенде көзің салсаң

Жидектері бал татиды

Аузыңа сап дәмін татсаң.

Маған ыстық орман-нуы

Дертке дауа бұлақ суы

Айта берсең таусылмайды

Туған жердің тәтті жыры.

 

Анашым-асыл жаным

Ана деген -асыл сөзі қазағымның

Мағынасы қаншама осы ұғымның.

Бала деген адамның бауыр еті

Бала деген көзінің қарашығы.

Шаңырақта ана ғой үйдің сәні

Менің де бар анашым асыл әнім.

Болмайды екен анасыз өмір мәні

Қымбатсың, Сен алтыннан, асыл жаным.

Ақ сүтіңмен асырап бізді өсірдің

Қатемізді жіберген сен кешірдің.

Құдіреттісің анашым құрметтейді

Аман болса қасыңда бүлдіршінің.

70 жыл мерейтойың құтты болсын!

Шаңырағың қуаныш пен нұрға толсын.

Ауырмай қызығын көріп балалардың

Анашым ортамызда жүре берші.

 

Әкеме арнау

Абзал жан бар өмірде әке деген

Мені анамдай әкем де мәпелеген.

Маған ыстық өмірде осы екі жан

Құшағында жасымнан еркелеген.

Енді міне ержеттім,өстім,өндім

Құдайдың жазғанына мен де көндім.

Айрылдым әке деген асыл жаннан

Оған да  биыл міне 23 жыл болды.

Жан әке орның бөлек сағынамын.

Әрқашан өзіңді аңсап тарығамын.

Қайғырып болмайды екен асыл әке

Тағдырдың жазғанына бағынамын.

Жазмыштан озмыш жоқ дейді халық.

Бұл өмір мәңгі емес дейді налып.

Тірі адам тіршілігін жасайды екен

Жұма сайын аруағын есіне алып.

Әкешім ұрпағың бар еске алатын.

Қызың бар өзіңе арнап жыр жазатын.

Жан әке ұмытпаймыз еске аламыз.

Аруағың қолдап жүрсін бізді әрдайым.

Әкешім, жатқан жерің мамық болсын.

Қашанда алдың сенің жарық болсын.

Анамның өзіңе арнаған дұғалары

Қашанда қабыл болсын,қабыл болсын.

 

Боларсың сен, ғарышкер!

Әр баланың арманы

Ғарыш барсам, алыс жер...

Көп оқысаң талпынып

Боларсың сен ғарышкер.

Шынықтырсаң денені

Сүйсіндіріп күллі елді.

Мақсатыңа жетерсің

Зерттеп аспан әлемді.

Талғат, Тоқтар ағаңдай

Еңбек етсең бір тынбай

Әлі-ақ самғап өтерсің

Байқоңырдан сен зулай.

Оқы, талпын жас ұлан

Қазір ғылым дамыған.

Арманыңа жетерсің

Талаптансаң жасыңнан.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147837

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар