Қоғамдық қатынастардың жаһандану жағдайындағы мұғалімнің жаңа мәртебесі

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы,

Лингвистикалық бағыттағы жалпы білім беретін

№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

М.Қ.Сәрсенбаева

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының қабылдануына байланысты Қазақстан ғылымы мен білім беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде. Білім берудің ең негізгі, өзекті мәселесі – адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру. Сондықтан бүгінгі білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек. Өзге мемлекеттер тәрізді Қазақстан да әлемдік өркениеттер қатарынан лайықты орынды иеленуге ұмтылуы қажет екендігі белгілі. Мұндай биік мұраттардың орындалуында мұғалімнің оқушылардың танымдық құзіреттілігін дамытуда атқарар қызметі мен қосар үлесі зор. Еліміздегі білім беру бағытының дамуы үшін құзіреттілік тәсілдің қажеттілігі «Қазақстан Республикасында 2015 ж дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының» негізгі қағидаларында белгіленген. [1]

«Құзірет» — тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білім, білік, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы. Құзіреттілік білім шеңберінде өз орнын тауып, жаһандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттерінің бастысы – білім беру жүйесін жетілдіру, елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыру, қоғамдық өмірдің беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты, экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолына түстік.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі – мект еп қабырғасында берілетін білімнің, оқытушылардың кәсіптік білім деңгейлерінің сапасымен тікелей байланысты екенін көрсетті. Бұл, еліміздің тағдыры және ұлтымыздың болашағы мұғалімнің қолында деген сөз.

Жалпы алғанда, оқу-оқушының өзіндік қызметі, қызметтің осы түрі арқылы оқушы білім алады, білік және дағдылар жүйесімен қаруланады. Оқу жас ұрпақтың бойына ес, зейін, қиял, логикалық ойлау және тағы сол сияқты қасиеттерді тәрбиелейді, оқу – ойлау қабілеттерін жетілдіреді, жеке бастың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Оқытудың міндеті жас ұрпақтың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, оны өмірге баулу, өндірістегі еңбекке дайындау, қоғамға пайда келтіретіндей практикалық іс-әрекетке үйрету, сондай-ақ оның жан-жақты дамыған жеке бас тұлғасын дамыту болып табылады [1:5,10]

Міндетті деңгей – нақты меңгеруге тиісті және нәтижеге жетуге бағытталған материал [6].

Мүмкін деңгей – оқушылардың ой-өрісінің кеңеюін, шығармашылық қызметті ұйымдастыру арқылы әр баланың қабілетінің дамуын қарастырады. Бұл деңгейге әр оқушы жеке дара қол жеткізетін болады [6].

Бастауыш мектептегі тың өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін зерделей отырып, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере оқыту, тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін ескеру арқылы оның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу, жүзеге асырудың нәтижесінде көрініп отыр.

Жаңа педагогикалық технологияларды қолданып оқытуды бастауыш білім беруді дамыту мен жетілдірудің негізгі құралы ретінде қарастыру керек. Әр баланың кейінгі және болашақтағы білімі бастауыш буындағы білімнің сапалылығына тікелей байланысты. Кіші мектеп жасындағы оқушының негізгі ерекшелігі – білімді қызығушылықпен алуы. Ол үшін оқу үрдісін әр оқушының жеке бас ерекшелігін ескере отырып, бала талпынатындай және қызығатындай етіп ұйымдастыру керек. Білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін, оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, оқу үрдісін құру – мұғалім құзырындағы іс [3, 4].

Бүгінгі таңда көптеген мұғалімдер бастауыш сыныптың оқу үрдісінде Д.Выготский, В.Давыдов, Л.Занковтар негізін қалаған дамыта оқытуды кеңінен пайдалануда. Оқыту дамытудың алдында болатындығы, яғни құзіретті тұлға қалыптастыруда баланы дамытуға жетелейтіні даусыз. Мұғалімдер жеке тұлғаның дамуына көп мән беруі және осыған сәйкес оқу үрдісін құруды ойластыруы қажет. Сонымен қатар Ш.А.Амонашвилидің ізгілендіру педагогикасы, В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдарын, Ж.А.Қараевтың саралап-даралап оқыту, М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологияларын, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологияларын» кеңінен пайдаланудамыз [2]

Қоғамдық қатынастардың жақандану жағдайында, құзіретті тұлға қалыптастыруда, жеке тұлғаға жаңаша талаптар қойылуда, адамдық потенциалдың мәні жоғарылауда. Белсенділік, жүйелілік, өз бетінше білім алуға бейімділік басқа жеке тұлғалық сапалармен қатар қазіргі жеке тұлғаның ерекше қасиеттері болып табылады. Мектептегі үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі базалық звено ретінде, оқушының тек табиғи қабілеттерін ашуға ғана игі әсерін тигізіп қоймайды, сонымен қатар жеке тұлғаның негізгі салаларын әр түрлі әрекеттерге бейімделуін қарастырады [3, 7].

Ол әлеуметтік тұрғыдан неғұрлым жоғары көтерілген сайын, оның жеке тұлға ретінде құндылығы өсе түседі. Жеке тұлғаның негізгі белгісі – белсенді, белгілі бір мақсатты көздеген әрекеті. Бұл әрекет қоғамды және жеке тұлғаны өзгертуге және жақсартуға бағытталады. Тұлғаның жеке бас ерекшеліктерін теориялық талдау мұғалім үшін маңызды. Мұғалім әрекетінің әр түрін оқушыны дамытудың мүмкіндіктері мен сол мүмкіндіктерді жеке тұлғаның оқу-ойлау қабілеттерін қалыптастыруды жүзеге асыру үрдісінде дамиды [4]

Қазіргі философтар жеке тұлғаны жеке қабілеттері мен әлеуметтік негізін, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасында емес, оны өзгерте білуінде деп есептейді. Философтардың бұл ілімі педагогика ғылымы үшін өте маңызды, себебі педагогикалық үрдіс барысында адамның тек білім, білік қабілеттері қалыптасып қана қоймайды, сонымен қатар тұлғаның әлеуметтік дамуы жүзеге асады [7]

Жеке тұлға үнемі даму үстінде болу үшін әрекет шығармашылықпен байланыста болу қажет. Оқу әрекетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіншіліктері белгілі педагог-психолог ғалымдардың (Ш.А.Амонашвили, В.В.Давыдов, М.Мұқанов, Т.С.Сабыров) ұдайы назарында болды[7]

Мұғалімдер оқу әрекетін оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-ойлау қабілеттерін жетілдіру табиғатын терең білуі тиіс. Оқу әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу әрекетін қалыптастыру барысында тұлғалық қасиеттер-мақсаттылық, ұйымшылдық, жауапкершілік, табандылық т.б. қалыптасады [8]

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-тұлғаның үлттық және жалпы азаматтық, құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау» — деп көрсетті. Бұл мақсатқа жету үшін біздің оқу үрдісіміз алдына жаңа маңызды талаптар қояды. Жеткіншек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бүгінгі күнде аса зор үміт күттірер жол болып отыр. Білім жүйесін жетілдіру және сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті, шығармашыл, барлық істі сауатты шеше білетін тұлғаны тәрбиелеу-мақсаттың бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес «әр баланың жеке бас ерекшелігіне қарай интеллектуалды дамуы жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер қарастырылып отыр. Әр оқушының болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеліп отыр.

Мұндай міндеттерді шешу үшін мектептерде:

1. Оқушыға берілетін білім негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқыту.

2. Оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын түбірімен жаңарту.

3. Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру.

4. Педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге енгізуді жүзеге асыру қажет [11].

И.Левитовтың пікірінше, оқушылар жаңа іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және олардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің жаңа көрінісі болуы тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілеті, олардың белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы – жаңашыл іс-әрекеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да әрбір педагог балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің, келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіші екенін ұмытпай, оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларды соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауы керек. Осы тұрғыда әрбір мұғалімнен оқу үрдісін қайта қарауды бұрыннан қалыптасқан әдістермен технологияларды жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен ұтымды ұштастыру талап етіледі.

“Білімнің негізі – бастауышта” демекші, білімнің мызғымас ірге тасын қалау-бастауыш сынып мұғалімінің басты мақсаты. Озық білім беру жүйесінде ұстаздардың білім – біліктілігі, танымы, мәдениеті, төзімділігі өте жоғары болу тиіс.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында “Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейі мен айқындалады” деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Жас ұрпақты біз жеке тұлға деп алып қарағандықтан, демократиялы қоғамда осы жеке тұлғаның жан-жақты дамытуға аянбай еңбек етуге тырысамын.

Әдебиеттер:

1. ҚР Жалпыға міндетті білім берудің Мемлекеттік стандарттары. Жоба.12 жылдық білім беру, 2006 ж, №1.

2. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2008.

3. Бастауыш мектептегі дамыта оқыту технологиясы. Әдістемелік нұсқаулық, 1999 ж.

4. Эльконин-Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы». Педагогикалық шығармалар, 1998 ж.

5. Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері. Психологиялық білім және білім беру, 2003, №1.

6. Волкова Г.Л. Повышение уровия компетенции педагогического коллектива – основа результативности учебно-воспитательного процесса, «Завуч», 1999, №7.

7. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002.

Осыған ұқсас жазбалар:

БаяндамаМЕКТЕП ПЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ САБАҚТАСТЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

БаяндамаОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПАРАДИГМАСЫ ЖӘНЕ ОҚУЛЫҚ: ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жаңалықтар2015 жылы шілдеден бастап мұғалімдердің жалақысы өседі

ҰстаздарғаҮздік мұғалім

ҰстаздарғаМұғалімге кімнің жаны ашиды?

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103636

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар