75жылдық

13 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Түркістан қаласындағы қазақ тілі қоғамының

төрағасы – Мұсахан Дүйсекейұлының

75 жылдығына арнау.

,

Түркістанның Баһадүрі

Түркістанның шамшырағы,

Шашылады нұр шуағы.

Даңғазаны ұнатпайды,

Тек шындықты ұғады.

,

Сұхбаттасса жігер берер,

Әр ісіңе дем берер.

Өзі тұрып, биік шыңда,

Көкке сені көтерер.

-

Елдің қамын ойлаған,

Тілдің жайын қаузаған.

Астамшылықты құрықтап,

Сабырды насихаттаған.

-

Адалдықтың туын ұстап,

Ұстаздықты кәсіп еткен.

Шәкірттерді тәрбиелеп,

Бұйырғанды нәсіп еткен.

-

Жүрекке иман ұялатып,

Бір Аллаға сыйынған.

Халқы үшін медет сұрап,

Меккеге де барып келген.

-

Елге атанып кемеңгер,

Бағаланды төккен тер.

Елмен бірге тыныстап,

Жетістікке жеткен Ер.

-

Дәруіштей өмір сүрген,

Сәулелі ғұмыр кешкен.

Тек еңбекпен өрлеген,

Ол баһадүр –Мұсахан,

-

Шалқар шабыт иесі,

Сөздерінің бар киесі.

Дуалы ауыз ел ағасы,

Сөз саптауы – ел ырысы.

-

Шер толқыта шығарды,

Хат тұғырға қондырды.

Кең толғана арнады,

Өміршең асыл сөздерді!!!

-

Несіпкүл Өтебаева

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072419

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар