Ата-ана мен мектептің қарым-қатынасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы

Ата-ана мен мектептің қарым-қатынасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы

     Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол — ата, әке, бала.

     Әке-әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.

     Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы осы қара шаңырақтан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы- оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін еш нәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Қай бала болмасын өз ата-анасын үлгі тұтып, мақтан етеді. Олай болса, ата-ана өз ұрпағына, өзінің келешегіне құрметпен қарап,үлгі болуы тиіс. 

    Негізі, ой санасы дамыған адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды көздеген тәрбие мәселесіне мектеп те, ата-ана да бей-жай қарай алмайды. Ал тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата-аналар  арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста.Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата-ана. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алып өседі.

  Қазіргі таңдағы мектеп пен отбасының байланысы нақты қай түрде көрінуі керек десек, бала тәрбиесінде мұғалім мен ата-ана ынтамақтастығы бір-біріне ауадай қажет. Себебі, жанұя-әрбір бала үшін алтын бесік болса, баланың жақсы өсуі -тәрбиеден болмақ. Баланың ата-анасы ең алғашқы тәрбиешісі болса, сол тәрбиенің дұрыстығы-тәрбиешісінен. Ал, ұстаз-бала бойына білім дәнін себетін тұлға.

    Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп, жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. 

   Мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек, себебі баланың бір жақты тәрбие алуы мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істегенжағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.

    Осы тұрғыда Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылындағы орта мектепте оқушы, ұстаз, ата-ана ынтымақтастығы жүйелі жұмыс жасайды. Негізгі мақсатымыз- әр баланың мектепте, мектептен тыс уақытын дұрыс пайдалануын қадағалау және тәрбие жұмысында, алуан түрлі бірлескен іс-шаралар барысында оқушы, ұстаз, ата-ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыру. Осы мақсатпен атқарылуға тиіс негізгі іс-шараларды міндеттедік.

   Біріншіден:

-ата-аналардың өзін-өзі басқару жұмысының қалыптасуын ұйымдастыру мен ұстаздық көмек көрсету;

— мектеп пен отбасының біріккен тәрбиелік қызметін жоспарлау;

Осы міндеттерді шешу барысында мектепте жоспарлы түрде ата-аналар апталығы, ата-ана, ұстаз, оқушы атты айлықтар жүргізіледі. Ата-аналар ұйымы  ашық есік күндерінің кезекшілігін жасап, ата-аналардың мектеппен  жүйелі түрде байланыс жасауына және мектеп оқушыларының материалдық-әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілуіне көмек беріп отырады.Жетекшілер мен ата-аналар тығыз байланыста болып, сынып сағаттар мен сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысуға ықпал жасайды.

     Мектепте жылма-жыл  "Ең үлгілі отбасы"  байқауы өтіп отырады. Сонымен қатар ата-аналар апталығында "Ата-аналар белсенділігін қалай атқаруға болады?" тақырыбында дөңгелек үстел,  "Мен ата-анаммен мақтанамын" тақырыбында альбомдар, буклеттер, ата-аналар бұрышы,"Өз үйім-өлең төсегім" тақырыбында ұйымдастырылады.Мұндай іс-шаралар ата-анамен баланың арасын одан әрі жақындата түседі. Сынып жетекшілері мен мектеп психологтары ата-аналармен жеке әңгімелер жүргізіп, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты анықтау барысында сауалнамалар алып, қорытындысы бойынша түзету жұмыстарын жүргізеді. Мектепте ата-аналар мен балаларды біріктіре отырып жұмыс жасау, түрлі шаралар өткізу, оқушылар мен ата-аналар арасында көзге көрінбейтін белгілі бір бәсекелестікті туғызады.Ата-ана мен балалар бір-біріне түрткі болып, өзара біз неге мұндай шараларға қатыспасқа, біз неге көрінбейміз деген ой тудырады.Мұндай бәсекелестік ата-ананың мектеппен байланысын арттыра түседі. Мұндай ата-аналар өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетіментек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.

      Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар "Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ" дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше,үй ішінің үлкендері әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартатындар бар."Көрінген таудың алыстығы жоқ" дейді.Ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз? Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынын азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек.Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?! Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға, әртүрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады.Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, "Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің" демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата-ананың басты парызы. Отбасында негізгі туыстық қатынас-ерлер жағымен есептелген.

 

 

 

 

 

   

      

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніБІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ АЛАЛАУ НЕМЕСЕ ІРІКТЕУ МЕ, ӘЛДЕ ІРІТУ МЕ?

Сайт туралыПортал туралы аз сөз

Қазақ әдебиетіӘкетайым!

ЖаңалықтарОқулық сапасының жыры әлі де жалғасуда

Ұстаз ұйымдастырушыПедагогикалық шеберлік

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115545

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар