Ауыз әдебиет түрлерін пайдалана отырып тақпақ, жұмбақ, санамақты жаттату тәсілдері.

4 сәуір 2016 - Aigul Seisebaeva

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым  министірлігі

    Алматы облысы  Райымбек ауданы

«Балбөбек»бөбекжай балабақшасы  қазыналық  кәсіпорны.

 

Ауыз әдебиет  түрлерін  пайдалана отырып, тақпақ, жұмбақ,

санамақты  жаттату  тәсілдері.

 

                                                                       Тәрбиеші: Сейсебаева Айгүл

 

                                 2015-2016  оқу  жылы

 

Мақсатым:1.Балалардың ой-қиялдарын  дамыту, тіл байлықтарын  кеңейту.

                        Есте сақтау  қабылеттерін  арттыру.

                      2.Балаларды  тақпақ, жұмбақ, санамақ  жаттата отырып, зейін-

                          ділікке  тәрбиелеу.     

Міндетім: Балалалардың  ой-өрісін, тақпақ, жұмбақ, санамақ  арқылы

                      дүние  танымын  кеңейту

Халық  ауыз әдебиеті-халық  шежіресі.Ауыз  әдебиеті ауызша  айту  арқылы

таралады.Қазақ  ауыз  әдебиеті  талай  халқымыздың  ғасырлардан  келе жатқан  мұрасы. Қазақ  халқы  өз ұрпағын  бесікке салғаннан  бастап, оның  ақыл-ойын   ойдағыдай  қалыптастырып, ойлап  -сөйлеу  жүйесін  дамыту  жолында  өзіндік   әдіс-тәсілдерді  (ертегі, аңыз, жұмбақ, айтыс, терме, мақал-мәтел  т.б ) шебер пайдаланып  отырған.Әр  отбасы  өз  баласының  ойлау  жүйесін  дамыту   үшін  санамақтар, тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштардыдың   тәрбиелік   мәнін  әр  кез  қатты  ескерген.

Халық  ауыз   әдебиетінің  түрлері.

1.Жұмбақ.

2.Жаңылтпаш,

3.Мақал-мәтелдерү

4.Тақпақтар

5.Ертегі.

6.Санамақтар.

7.Шешендік  сөздер.

8.Айтыс.

9.Тиым  сөздер.

Ауыз  әдебиетінің  негізгі түрлерінің   ішінде  тақпақтар  мен санамақтар, жұмбақтарға  балалар  бақшасында   пайдалану  жөнінде  тоқталмақпын.

Санамақ  — бұл балаға  сан  үйрету  мақсатымен  шығарылған  халық  тәсілі.

Санамақ  балаға тек сан  үйретіп қоймайды, ол дүние  тануға жәрдемдеседі, оның  логикасы  мен  математикалық  ойлау  қабылетін дамытады.Мектепке  дейінгі  балалар  өз бетінше  оқып, жаттай  алмағандықтан  тақпақ, жұмбақ, санамақтарды  жаттатқанда  қиындықтар кездеседі   сол  кезде  осы қиындықтарды  жеңілдету  үшін  мына  төмендегі

әдіс-тәсілдерді  қолданамын.

Бір тақпақты  жаттату  үшін  6-7 әдіс-тәсілдерін  пайдаландым.

1.Жаттататын  тақпақтын  суретін  салу.

2.Қимыл-қозғалысын  жасау.

3.Көрсету.

4.Ойнау.

5.Суреттер  сериясын  пайдалану.

6.Санау.

7.Хормен  қайталау.

Бұл  әдіс-тәсілдер  балалардың  жаттауына  оңай,ұзақ  уақыт есте сақталады.

Мысалы: Санамақ

Бақшаға  жақсы  аға  көп  ойыншық  әкелді.

1-балық 

2-есек

3-үйрек

4-түлкі

5-бүркіт

6-арғымақ

7-жарғанат

8-саулық

9-тауық

10-торпақ  болма  есепке  шорқақ.

 

Тақпақ:  Қасқыр  келіп  қоянға.

          Жалғыз  жүру оңайма.

          Орман  біздің  ортақ  үй,

          Дос  болайық  жарайма.

Жаңылтпаш:  Қара  қарғалар

                            Ала  қарғалар

                            Қарғалар үйір.

Жұмбақ: Бірде  орақ

                   Бірде  табақ 

                   Ол  не?                 (ай)

 

Қорытынды:

Ауыз  әдебиеттің   түрлерін  тіл дамыту, көркем  әдебиет  сабақтарында

Пайдалана  отырып «Қазақшаң  қалай балақай» , Жұмбақты  кім тез  шешеді»    ,»Өнерлінің  өрісі  кең» атты ашық сабақтар, ертеңгіліктер  өткіздім.Балалардың ойлау қабылетін дамытып, білімге  деген құштарлығын  оятты.

 Еліміз  егеменді  алып ,өз алдына  мемелекет болып,қазақ  тілі мемелекеттік тіл  мәртебесіне  жетіп  отырған  уақытта, болашақ  ұрпақты  жан-жақты дамыған  азамат  ретінде тірбиелеу  біздің  міндетіміз.

Өлең –сөздің патшасы  сөз  сарасы.

Қиыннан  қиыстырар   ер  данасы,

Тілге  жеңіл, жүрекке  жылы  тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр  келген  айналасы- деп  Абай  атамыз жырлағандай, сөз

құдыретінің   мәнін  түсініп,  әдемі  де  әдепті , сұлу  да  ойлы  сөйлей

білуге үйренейік.

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148645

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар