АУЫЛ МЕКТЕБІ: + пен –

21 мамыр 2014 - Админ
АУЫЛ МЕКТЕБІ: + пен –

Ауыл мектептерін тексеру­ші­лер жиі маңайлайтыны жасырын емес. Мысалы, білім басқармасы мектепті жылына төрт рет тексерсе, СЭС-тегілер екі реттен төртке дейін, Төтенше жағдайдағылар үш рет, прокуратура да жылына осы шамада тексерулер жүргізсе, ІІД, қаржы бақылау комитеті, аудандық әкімдік, мәслихаттағылар да жылына бір-екі рет бас сұғады екен.

Яғни, мектепте аптасына бір тексеру болып тұрады деген сөз.Бірақ, осыншама тексеріс мұғалімдердің жұмысына кері әсерін ти­гізетіні анық, онымен тұрмай білім са­ласындағы былықтарға тосқауыл бола алмай отыр.

Сондай-ақ, еліміздегі апатты мектептердің 93 пайызы және спорт залдары жоқ мектептердің 80 пайызы ауылдарда орналасқан. Ауылдағы жо­ғары санатты мұғалімдер саны 11 пайыз. Бұл қаламен салыстырғанда екі есеге дейін аз.

Қаладағы білім мен ауылдағы білім сапасының арасындағы айырма­шылықтың ұлғайып бара жатқаны Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша анықталған екен.

Ал, апатты жағдайда деп анылған 7 мың мектептің 75 пайызы ауылды жерлерде орналасқан, олардың 4 мыңнан астамы шағын жинақты мектептер. Ал, еліміз бойынша апатты мектептердің көпшілігі Оңтүстік Қазақ­стан және Шығыс Қазақстан облыстарында екен. Үш ауысымды мектептердің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыс­тарының үлесінде.

Сондай-ақ, ауылдағы педагог­тардың орташа жалақысы 55-60 мың теңге. Бұл орташа республикалық деңгейден екі есеге төмен.

Мақала отандастар сайтынан алынды.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150686

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар