Білім жетілдіру-әрбір ұстаз алдындағы міндет

22 мамыр 2014 - Жанар Жумахаева

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін

ең алдымен азаматтық пен білім қажет»...

Ш.Уәлиханов

,

«Ел болашағы – білімді ұрпақта» десек олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар болуы тиіс. Шығыс ғұламасы «Орташа мұғалім айтып береді, жақсы мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім қанаттандырады, шабыттандырады» дейді. Сондықтанда кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға бүгінгі таңда барынша назар аударуда. Қазіргі қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана емес, теориялық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан-жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан мамандарды талап етіп отыр. Жылдам өзгеріп отырған мына ғаламда мектеп мұғалімінен үлкен өзгеріс қажеттігі күтілуде. Жаһандану ғасырында мұғалім «ХХІ ғасырда нені оқыту керек? Оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген ұғымның қажеттілігін түсінуі тиіс. Әрбір педагог сонда ғана әлемдегі өзгеріске өз үлесін қоса алады. Заманауи әдістің негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімін ғана иеленіп қоймай, оны өмірлік тәжірибеде қолдана білуі басты ерекшелік болып отыр. Осы бағытты ұстанған Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бірінші деңгей бағдарламасының негізгі мақсаты – мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру. Осы орайда мен өз білімімді шыңдау мақсатында Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасы бойынша білім алудамын. Осы әлемдік жаңғыртулардан өзіміз еңбек ететін мектептерге лайықтысын зерделеп енгізуіміз қажет. Осы өзгерістерді енгізу барысында әлем елдеріндегі білім реформаларына зер салып қарап, соның ішінен өз мектебімізге қажеттісіне баса назар аудардым. Әлем елдерінің білім беру ерекшелігімен таныса келе Жапония, Ұлыбритания, Финляндия мемлекеттерінің білім беру жүйесіндегі ерекшелігі маған үлкен ой салды. Сингапур еліндегі адамдарға өмір бойы білім алуға талап қойылады екен. Осы тұста Елбасының мына сөзі еріксіз ойыңа түседі:«

Өмірбойыбілімалу» әрбір қазақстандықтыңжеке

кредосынаайналуы тиіс...», яғни Елбасының бұл сөзінен қазақстандықтардың өмір бойы білім алуына жағдай жасалып жатқанына көз жеткіземіз.Заманауи әдіс-тәсілдің ең түйінді ерекшелегі оқушылардың алған білімдерін жай ғана меңгеріп қана қоймай, оларды өмірде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Мектеп жұмысы мен оқуышы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім болып есептелетін болса қандай да бір өзгерістер енгізгіміз келсе, біз алғашқы қадамды мұғалімді өзгертуден бастауымыз керек деп ойлаймын.

Заманымыздың заңғар ойшылы, лингивист ғалым Ахмет Байтұрсынов айтқандай — «Мұғалім қандай білімді болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шығады». Солай болған соң мектепке керегі-білімді, педагогикалық әдістемеліктен хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Еліміздің ертеңі жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар оқу мен оқытудың әлемдік деңгейге көтерілген әдіс-тәсілдерін үйрену керек. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін заман талабына сай, жаңа үлгіде жүргізіп, әрдайым құзіреттілігін дамытуы керек.

Қорыта келгенде, мектептің даму үдерісіне әрбір мұғалімнің қосар үлесін көшбасшылық, коучинг, тәлімгерлік тәсілдерді тарата отырып арттыру, кәсіби деңгейі жоғары мамандарды даялау арқылы болашақ ұрпағымыздың алған білімдерін өмірде өз бетімен пайдалана алуына дағдыландыру. Сонда ғана сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз.

Осыған ұқсас жазбалар:

Физика​Білімді ұрпақ –ел ертеңі»

Ұстаз үніМЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Өзін өзі тану"ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ - ӨЗЕКТІ ПӘН"

Ұстаз үніМЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Өзін өзі тану"ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ - ӨЗЕКТІ ПӘН"

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141181

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар