Дарындылыққа апарар жол

19 мамыр 2015 - Гулайым Кариева

Дарындылыққа апарар жол

Кариева Гүлайым Хангерейқызы

Қандыағаш қалалық №4 қазақ

орта мектебінің география

пәнінің мұғалімі

Ел басы Жолдауында «Біздің ең басты мақсатымыз- 2050 жылға қарай ең дамыған 30 елдің қатарына кіру» деп көрсеткендей бәсекеге қабылетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазақстанның гүлденуіне, дамып өркендеуіне өз үлесін қосар, әлемдік деңгейде сапалы білімі бар жастарды тәрбиелеуіміз керек. Олай болса ұстаздардың алдында тұрған жауапты міндеттің бірі-қабылеті жоғары балаларды іріктеп, дамытып, дарынды жеке тұлғаны тауып, жетілдіріп шығару.

Ғылым мен білімнің қайнар көзі-орта мектеп, еліміздің болашағы осы орта мектеп қабырғасында қалыптасады. Бүгіңгі таңда оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту- өмірдің де талабы. «Жас бала жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет қашан тамырын тереңдетіп, жапырағын жайып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп-күтіп, үзбей баптауды қажетсінеді.Адам да сол тәрізді.

Қазіргі таңда «дарындылық» мәселесіне педагогтар мен психологтар ерекше мән беруде. Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі мен әдіс-тәсілі де жоқ. Ғылыми зерттеулерде баланың жас ерекшелігіне қарай қабілетті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтыны дәлелденген.Бейімділік-баланың белгілі бір іс-әрекетпен айналысуына бет бұрысы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Қабілеттілік- оқушының жеке психологиялық ерекшілігі. Ол жалаң білім мен дағды емес, соны тез игеру жолындағы баланың табандылығы мен ептілігі.Дарынды бала әдетте тез ойлай алатын, кең көлемде білім меңгеретін және ұзақ есте сақтай алатын болып келеді. Дарындылық бала бойындағы алғырлық, зеректік. Дарындылық-ең алдымен сана мен жүйкенің сапалық көрінісі. Дарындылық адамға берген табиғаттың сыйы болса, қабілеттілік ортаның әсері мен өмірлік тәжірибе негізінде пайда болады. Сондықтан табиғаттың бұл дара құбылысын тани білу тек жүйелілік деңгейде, өзін қоршаған ортамен тығыз байланыста, ерекшеліктерін екшелеуде жас мөлшері, қабылдау деңгейі көлемінде жүзеге асырылуы керек. Д.Ж.Рензули бойынша дарындылық дегеніміз-үш байланыстың үйлесімділігі:

а )Жоғарғы интелектілік,

ә) креативтілік (қызығушылық),

б)ынталылық.

Осы үш қасиеттің біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интелектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. Нәтижеге жетем деген ынтасы болмаса нәтиже де болмайды. Ал креативті қасиеті нашар болса, ондай адам тек орындаушылық қасиетпен шектеледі. Адам сүйіспеншікпен, жанымен қалап істеген ісін үнемі дамытып отырады.

Педагогтар оқушының шығармашық жұмыстармен айналысуына жетекшілік жасайды. Оқушының алдына өзекті мәселе қойып, оны шешу жолдарына бағыт беру, қолда бар мәліметтерге талдау жасау, қажетті әдебиеттерді іздестіру т.б. жұмыстарға басшылық жасау- ұстаздың міндеті.

Оқушы дарындылығын анықтауда бала қабілетін дамыта алатын оқу бағдарламасын құру керек. Дамытушы бағдарлама оқушы бойындағы қабілеттілікті шығармашылықпен арттырып отыратындай болуы қажет. Арнайы жасалған бағдарлама оқушы бойындағы қабілеттілікті шығармашылықпен арттырып отыратындай болуы тиіс және жалпы бағдарлама шеңберінен шығып, әрбір оқу материалы кең көлемде беріліп отырады.Оқушыға берілетін білім мазмұны оның қабілетін үнемі дамытып, өз бетінше ізденісте болатындай, белгілі нәтижеге жетуге жағдай жасайтындай болуы қажет. Оқушы шығармашылығының артуы ұстаз бен шәкірт арасындағы түсіністікке әкеледі. Ұстаз шәкірт алдына өзекті мәселе қойып, оны шығармашылық жұмысқа бастайды. Мұғалім оқушыдан нақты жауапты, нақты дәлелді талап етіп отырады.

Оқушы дарындылығын айқындаудың бір тәсілі- «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізетін «Ақбота», «Кенгуру», «Алтын руно» интелектуалдық ойындарына оқушыларды көптеп қатыстыру.

Дарынды баланы анықтауда мектеп психологының зерттеулері, сынып жетекшілері мен ата-ананың пікірі қоса ескеріледі. Осындай бірлесе атқарған жұмыстар ғана өз нәтижелерін береді.

Дарынды оқушымен жұмыс істеуде терең білімді, ұлтжанды жеке тұлға тәрбиелеуді өзекті мәселе ете отырып, төмендегідей мақсат-міндеттерді жоспарлау қажет.

Мақсат:

-шығармашылықпен ойлай алатын қабылетті жеке тұлғаны қалыптастыру

-оқушыларды қоршаған ортаны аялауға, адамгершілікке, демократия мен ізгілендіру талаптарына сай болуға тәрбиелеу

-оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту

-дарынды балалармен жұмыс жасау аясында ізденімпаз ұстаздар ұжымын топтастыру.

Міндеттері:

-оқушылардың тұлғалық қабілеттерін психологиялық-педагогикалық диагностика арқылы анықтау

-оқушылардың белгілі бір саладағы ерекшелігін танытуына жан-жақты әдістемелік және психологиялық қолайлы жағдайлар туғызу

-шәкірттердің шығармашылық ізденістері мен өзіндік жұмыс жасау дағдыларын одан әрі жандандыру.

Мектебімізде дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері:

1.Дарынды оқушыларды анықтау

2.Психологиялық диагностика

3.Секциялық жұмыстар

4.Мектептен тыс жұмыстар

5.Тренингтер, коррекциялық жұмыстар жүргізу

6.Пәнді, мұғалімді таңдауға ерік беру

Мектепте оқушылардың ғылыми қоғамы ұйымдастырылуы керек. Оқушылардың ғылыми қоғамының негізгі міндеті-сыныптан тыс және үйірмелік жұмыс жүйесін оқу-тәрбие үрдістерімен байланыстыра отырып, ғылыми деңгейге көтеру. Оқушылардың ғылыми қоғамының мүшелігіне пәндік олимпиада жеңімпаздары, үйірме, секцияларда, байқауларда қабілеттілігін көрсетіп жүрген оқушылар кіреді.

Соңғы жылдары Кіші Ғылым Академиясы және «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастыратын жобалар жарыстарына шәкірттерім қатысып жүр. Өзімнің география пәнінің мұғалімі ретінде «Өлкетану» арнаулы курс бағдарламаммен факультатив курсын өткізіп келемін. Курс бойынша алған білімдері оқушыларды ғылыми жоба жазуға, өз туған өлкесін танып білуге,

зерттеушілік қабылетін дамытуға, экологиясы туралы білімдерін жетілдіреді. Өз ауданының экономикасын, табиғатын, шаруашылығын терең білуге үйретеді.Оқушыларымның ғылыми жобаларының тақырыптары да «Мұғалжар өңірі-тарихи ескерткіштер өлкесі», «Жаңа-жол мұнай кен орнының экологиялық жағдайын бағалау», «Мұғалжар ауданы Орқаш шатқалының органикалық дүниесіне шолу» болып, жарыс нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды.

Ерте ме, кеш пе әр адам өзін қоршаған дүниенің бір бөлігі ретінде сезінеді (отбасы, көше, қала, ауыл). Бұл сезім тек қана қоршаған ортаға бейімделу емес, сонымен бірге өмірдегі өз орнын таба білумен қатар туған жеріне деген сүйіспеншілік сезім. Сондықтан туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімді тәрбиелеу мектептегі өлкетану жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.

Пән мұғалімдері төменгі сыныптан бастап жекеленген пәндерге қабілетті оқушыларды анықтап, олардың осы пәнге деген қызығушылығын арттырып отырады.Білім-өмір бойы ізденіс, оқу,үйрену, алған білімді қолданудан тұрады.Көп білу-көп ізденуден туады.Сондай жетістіктердің бірі- олимпиада.

Білім сайыстарында жоғары нәтижеге жету үшін баланың тек пәнді ғана жақсы білуі жеткіліксіз, мұғалім баланы жан-жақты танып, айқындауы қажет.

Жеке тұлға қабілетін айқындаудың 6 баспалдағы мынадан тұрады:

-оқушының дайындық кезеңінен өткізу;

-оқушының дарындылық, дербестік қабілетін анықтау;

-оқушы туралы мұғалімнің мәлімет жинауы;

-мектеп ішіндегі ғылыми қоғамына қабылдануы;

-оқушының ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту;

-көпшіліктің алдында жұмыс нәтижесін көрсету кезеңі.

Мұғалім оқушымен танысып, зерттеу жүргізеді. Зерттеу әңгіме-сұхбат, оқушының ұжыммен қарым-қатынасы қандай, көпшілік мәдени орында өзін ұстай білуі, әдептілік мәдениетті білуін қадағалау ата-анамен әңгімелесу арқылы жүзеге асады. Оқушының дарындылығын зерттеуде психологтар оқушымен әңгімелесіп, диагностикалық минимум, түрлі сауалнамалар, тест, тренингтер арқылы оқушының интелектуалдық шығармашылық қасиеттері мен қызығушылығын анықтайды. Мектеп-бала-ата-ана болып бірігіп, баланың бейімділігі мен бағытын анықтайды.

Табысқа жетудің негізгі факторлары төмендегідей дер едім:

1.Оқушыны өз бетімен ізденуге дағдыландыру;

2.Жоғарғы оқу орындарымен байланыс жасау, дәріс алып отыру;

3.Кітапханамен байланысты үзбеу;

4.Қажетті материалдармен, дискілермен, интернет материалдарымен қамтамасыз ету;

5.Дайындықтың үздіксіз жүргізілуі;

6.Оқушының алдына өзекті мәселе қойып, оны шешудің жолдарына бағыт беру.

Сонда оқушының алдына қойылған әрбір мақсаттың орындалуы келесі жетістікке жетелейтіндей көп деңгейлі болуы шарт.

Оқушыны дарындылыққа апаратын жол-ол дербестік, білімділік, шешендік, батылдық, шыдамдылық және өнерлілік.Оқушылардың дарындылықтарын дамыта отырып, облыстық, Республикалық олимпиадаларда жетістіктерге жетіп жүрмін.Шәкірттерім «Ауыл дарыны» кубогіне ие болып, облыстық олимпиадада және Республикалық олимпиадада жүлделі орындарды иеленді.

Осы бағытта өз бойындағы таланты мен шығармашылық ізденісін жұмсап, кәсіби шеберлігін арттыруға күш салған мұғалімдеріміздің еңбегі халқымыздың «ұстазы талапты болса, шәкірті талантты болады» деген ұлы сөзінің дәлелі.

Оқушы қабілетін дамыту, ізденгіштігін арттыру әр мұғалімге жүктелген міндет екенін естен шығармайық.Талабы таудай,қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой.

Осыған ұқсас жазбалар:

Химия​ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Іс-шара мәліметтеріҰстаздық шығармашылық

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119700

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар