Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

5 ақпан 2014 - Гулёка
Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ селосы.

Қарабұтақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі

 

МЫРЗАҒАЛИЕВА ГҮЛДАНА ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

Мен, Елбасының «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы бойынша өз туған жеріме келіп, білім беру саласына өз үлесімді қосып жүрген жас маманмын.

17 қаңтар — қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн. Елбасы Қазақстан халқына жаңа «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жолдады. Жолдаудағы Нұрсұлтан Әбішұлының әрбір сөзі жүрекке жылылық ұялатып қана қоймай, біздің болашаққа деген сенімімізді еселей түсті.

            «Қазақстан 2050 стратегиясы» болашақта бізге жол көрсетер бағытымыз екенін  барлық жастар біледі. Жолдауда айтылған барлық бағдарлама біз үшін өте қымбат. Көздеген мақсатқа жету үшін қандай қадамдар жасайтынымыз бізді қатты ойландырады. Жастардың  қосар үлесі мол. Бізді қуантатын жағдай ол – халқымыздың әлеуметтік жағдайының жақсарғандығы, ол Елбасымыздың халық жағдайын бірінші орынға қойғандығы. Қазір өрлеу жолында болғандықтан,  дамыған 30 елдің қатарына кіру бәсекелесі — басты мақсат.

Жаңа Қазақстанның болашағы — біздің қолымызда! Біздің бойымыздағы патриоттық рух Отанға деген құрмет сезімімізді оятып, әр жастың бойына жігер береді. Біз Болашақ жастары осы міндеттерімізді атқаруды бір сәтте естен шығарған емеспіз.  Елбасымыздың «Мәңгілік ел» қатарынан Қазақстанның өшпес орнын табу Елбасымыздың  дұрыс саяси бағытына байланысты. Елдігіміз бен бірлігіміз шыңдалған бұл шақта Қазақстанды мәңгілік ел болып қалуына өз үлесімізді қосамыз. Сонымен қатар дамушы елдер қатарынан инновациялық технологияларды  қолдана алатын  жаңа Қазақстан  құрамыз. Бұл жолдау біз үшін жүрегімізде үміт отын жандырды.

Елбасы өз Жолдауында студенттердің шәкіртақысы және білім қызметкерлерінің жалақысы өсетіндігі жайлы айтты. Яғни, білім және ғылымға аса зор көңіл бөлді.

«Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды» деп тіл мәселесін де зор қатарға қойды. Мемелекеттік тілге байланысты атқарылған жұмысқа назар аударсақ, 2025 жылға дейін қазақстандықтардың 95%-ы қазақ тілін толық меңгеретіндігі сөзсіз.

Биылғы жолдау реттілігі бойынша он сегізінші жолдау екені белгілі. Барлық осы жолдауларда жастар мәселесі үнемі назарда. Жастар республикадағы халықтың 3/1 бөлігін құрайды. Жастар — елдің болашағы, мемлекетті алға қарай жетелейтін үлкен стратегиялық күш. Елбасымыз айтқандай, «Жастары мықты ел – Мәңгілік ел бола алады», — деді ол.

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» — атты биылғы Жолдауда, «Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!», – деп Елбасымыз Отанымыздың ұлы мұратқа жету жолындағы жастардың рөлі зор екенін айшықтап берді.Ұлт Көшбасшысының дұрыс бағыт — бағдар беруі нағыз заңғар тұлғаның, болашаққа нық қарайтын салиқалы, көреген адамның ұлылығы деп түсінеміз.

Елбасының «Жастарымыз Қазақстанды әрдайым мақтан тұтсын, туған халқы үшін ұялмасын. Еңсесі биік, кеудесі тік, басқалармен тең жүрсін» дегені әр жастың көкейінде сақталып тұруы тиіс.

 

Елбасы аса көрегенділікпен, жастарды қолдады, сенім артты, жастар үшін «Қазақстан – 2050» стратегиясын жасады. Біз жастар – қашанда ел көшін алға бастауда, Елбасымен біргеміз! Жастар болашаққа бастайтын ең басты күш екені – бізді алға ұмтылдырады. Биылғы Жолдауда жастарға зор сенім артылды, сенімнен шығу жолында аянбай еңбек ететін боламыз. Мәңгілік елмен бірге – жарқын болашаққа бірге қадам басайық!

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніАятжан Ахметжан. Басынан шіріген бастауыштық жүйе

Ұстаз үніҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!

Ұстаз үніБІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ АЛАЛАУ НЕМЕСЕ ІРІКТЕУ МЕ, ӘЛДЕ ІРІТУ МЕ?

Ұстаз үніАятжан Ахметжан. ОҚУЛЫҚ ОЛҚЫ БОЛСА, ОҚУШЫ ҚАЙДАН ОҢАДЫ?

БаяндамаҚазақтың Сен – Сұлтанысың

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096928

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар