Көктем аруы

22 қаңтар 2016 - Тыныс Қаирбекқызы

«Көктем аруы»атты сайыс

Өтілу формасы:Конкурс (сайыс)

Міндеттері:Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығуылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын сауық, жарыс.

Көрнекілігі:Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, сурет көрмесі, қолөнер бұйымдары.

Жоспары

І. Ұйымдастыру бөлімі:

— сайыстың тақырыбымен таныстыру,

— сайысқа қатысушы қыздармен таныстыру,

— әділқазы алқаларымен таныстыру.

— сайыстың сайыстарымен таныстыру, 

ІІ. Сайыстың барысы:

ІІІ. Сайыс қорытындысы.

 

Сайыс барысы:

1-жүргізуші.

Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

2-жүргізуші.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

 Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

 Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

 Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

 Ер жеткізіп елге берген баласын,

 Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

 Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

 Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді ..................................................................................................................... береміз.

1-жүргізуші.

 Әркімнің де өмірден аласы бар,

 Аласы бар адамның анасы бар.

 Мерекесін құттықтап аналардың,

 Ән жолдайтын апалардың баласы бар- дей отырып барлық аналардың құрметіне… орындауында… әні,қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші.

Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,

Өнер –білімге икемді болсын деп,

Бәйтеректей бойшаңдансын деп,

Өрен-өршіл өркенді болсын деп,

Жақсы жолды таңдайық.

Жамандық тәлім алмайық,

 2-жүргізуші.

Дарынды мектеп дәстүрін

Жаңалайық, жалғайық,

Ары адал, жаны жаз,

Арулар жолын таңдайық, — деп «Көктем аруы-2013» атты кешімізді бастайық.

1-жүргізуші.Бүгінгі сайысқа 8-9 сыныптар арасынан әр сыныптан өнерлі, ақылына көркі сай, әдемі аруларымыз келіп отыр.

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.

2-жүргізуші. Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін.

1-сайыс. «Сәлем – сөздің атасы»

2-сайыс. «Салт-дәстүрді білесіңбе?»

3-сайыс.«Кім жылдам?»

4-сайыс. «Тіл өнері»

5-сайыс. «Сізге ұқсағым келеді»

6-сайыс.«Әдемілік бізге көптік етпейді!»

7-сайыс. «Қою қолаң шашым бар......»

8-сайыс. «Өнерліге өз басым таңқаламын»

 

1-жүргізуші.

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын.

-....................................................................................................................................

-....................................................................................................................................

-....................................................................................................................................

-....................................................................................................................................

-....................................................................................................................................

2-жүргіжуші. Сонымен бірінші сайысымыз «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр қатысушы қыздар өздерін таныстырады. Таныстыру өлеңмен, әнмен айту керек.

 

1-жүргізуші.

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ – жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты– дей отырып келесі «Салт-дәстүрді білесіңбе» атты сайысымызды бастайық. Сайыста әр қатысушыға салт-дәстүрден және қазақтың ырымдарынан 2 сұрақ қойылады.

1

ØЖеті қазынаны ата (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)

ØСүйінші дегеніміз не? (қуанышты хабарды жеткізуші адам сүйінші сұрайды. Жеткізуші адамға сыйлық береді)

2

ØЖеті атаны ата (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)

ØШілдехана дегеніміз не? (өмірге сәби келгенде куанып, жасалатын ойын-сауық)

3

ØЖеті жұтты ата (құрғақшылық, жұт, өтр, оба, соғыс, топансу, зілзала)

ØТұсаукесер дегеніміз не? (тусау кесу тез жүру үшін жасалады. Баланың тұсауын ала жіппен кеседі. «ала жіп» елдің ала жібін аттамасын, біреуге жамандық жасамасын деген ұғымды білдіреді)

4

ØЖеті жоқты ата (жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ)

ØТоқым қағар дегеніміз не? (жас адам алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүр. Сапарға шыққан адамның аман-есен оралуын тілеу үшін бас қосу.)

5

ØҮш жұртты ата (ағайын, шағашы, қайын)

ØБата дегеніміз не? (ақ тілеудің белгісі. Кез келген жерде айтыла бермейтін рухани ұғым. Батаның түрлері көп.)

6

ØҮш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)

ØЖасау дегеніміз не? (қызға берілетін дүние мүлік)

7

ØҮш байлықты ата (денсаулық, ақ жаулық, қорадағы он саулық)

ØБастаңғы дегеніміз не? (үлкендер жол жүріп кеткенде, ауыл жастары сол үйге жиылып ойын-сауық құрады.

8

ØБес нәрсеге асық бол (Абай өлеңінен) (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым)

ØБазарлық дегеніміз не? (алыс жолдан келген адамдардың әкелетін силығы)

9

ØБес нәрседен қашық бол (Абай өнеңінен) (өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

ØБайғазы дегеніміз не? (жаңа киім алғанда берілетін сыйлық)

 

        

2-жүргізуші. «Кім жылдам?»

а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр»

ә) Картоп тазалау

б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).

в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).

 

1-жүргізуші. 4-сайыс. «Тіл өнері»

Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп, және мақалды толықтыру керек.

1-қызға.

Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.          (Ине)       

 

Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың.                            (Тұз) 

   

Дос жылатып айтады,

… (дұшпан күлдіріп айтады)

Еңбектің наны тәтті,

… (жалқаудың жаны тәтті)

 

  2-қызға.

Екі семсер айқасқан,                                                  

Оқта-текте шайқасқан.                 (Қайшы)               

                                                                                      

Арық ат қарны қабысқан

Бір көлді ішіп тауысқан.                   (Қасық)    

 

Оқу білім бұлағы,

… (білім өмір шырағы)

 

Жақсылық ағаш басында,

… (жамандық аяқ астында)

 

3-қызға

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,                                  

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.        (Дастархан)    

 

 

Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртыңда.

Бәрі содан шығады,                                                      

Ірімшік май құртыңда.                            (Сүт)           

 

Әдепті бала арлы бала,

… (әдепсіз бала сорлы бала)

 

Ашу дұшпан, ақыл дос,

… (ақылыңы ақыл қос)

 

4-қызға

Дастарханға шуылдап,

Күніне үш жиылар,

Жарты сағат қимылдап,                                    

Жарты сағат жуынар.                (ыдыс-аяқ)        

 

Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер                   (Қол)    

 

Жауынменен жер көгерер,

… (батаменен ел көгерер)

 

Жаман аттан аяғым артық,

… (жаман достан таяғым артық) 

5-қызға

Инеден өзі бір елі де қалмайды,

Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды.                (Жіп)

 

Киім деуге жатпайды,

Киімді кірден сақтайды.                     (Алжапқыш)

 

Досы көпті жау алмайды,

… (ақылы көпті дау алмайды)

 

Ауырып ем іздегенше,

… (ауырмайтын ем ізде)

 

6-қызға

Тұмсығы мықты ,

Қыр мен ойды тегістеп шықты.       (Үтік)        

 

Біреуге киін дейді,

Ал өзі киінбейді.                 (Тігін машинасы)

 

Дос жылатып айтады,

… (дұшпан күлдіріп айтады)

 

Атаңнын баласы болма,

… (адамның баласы бол)

 

7-қызға

Суда туады, суда өледі.        (Тұз)                

 

Саусаққа киіп ем тобатай,                               

Инені жүгірттім оп-оңай.                         (Оймақ)                  

 

Өзге елде сұлтан болғанша,

… (өз еліңде ұлтан бол)

 

Ағаш тамырымен мықты,

… (аддам досымен мықты)

 

8-қызға

Сүңгіп батып бұл мықты,

Бүтіндейді жыртықты.                  (Ине)            

 

Екі басы дөңгелек, екі ұшы сүйір

Қиғанға үиір                                        (Қайшы)      

 

Жетті жұрттың тілін біл,

… (жеті түрлі білім біл)

 

Ата көрген оқ жонар,

… (ана көрген тон пішер) 

9-қызға

Аузынан ішкені мұрнынан шығады.     (Шәйнек)

 

Зерленген құмғанды,

Шөмелеге төңкердім                       (Тақия)

 

Білікті бірді жығады,

… (білімді мыңды жығады)

 

Батыр тусы ел ырысы,

… (жаңбыр жауса жер ырысы)

 

2-жүргізуші. 5-сайыс. «Сізге ұқсағым келеді» сайысы. Өзіңіздің пір тұтатын қазақтың ару қыздары жайлы қысқаша баяндама айта кетсеңіздер.

 

 

1-жүргізуші.

Әйелдерді еркектерден көп дейді,

Ойбай, ойбай бола берсін көп мейлі.

Әйел деген әдемі ғой әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді – деп Мұқағали атамыз айтып кеткендей келесі сайысымыз «Әдемілік бізге көптік етпейді» деп аталады. «Қыздың көркі шүберек» деп бабаларымыз айтып кеткендей қазір аруларымыз өздірінің күнделікті өмірдегі киімдерінен сән үлгісін көрсетеді.

 

 

2-жүргізуші. 7 сайыс «Қою қолаң шашым бар....» қазақи дәстүрімізді, аналарымыздың ақ жолымен, ата-салтын жалғаған қыздардың бұрымдарын сынға салатын сәтте жетіп қалды. Бұл сайыста аруларымыздың шаштырының ұзындығы мен шаш өру сәнін тамашалайтын боламыз.

 

1-жүргізуші.

«Өнерліге өз басым таңқаламын»   — қыздар өз өнерлерін ортаға салады. Ән айтып, би билейді.

 

2-жүргізуші.

Бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды. Әділ қазылар ұпай сандарын есептегенше ортаға… орындауындағы… қабыл алыңыздар.

  Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

 Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

 Қош болып тұрыңыздар көріскенше

 Осымен концертіміз аяқталды.

 

 

 

 

Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119787

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар