Мектебімізге 80 жыл

                                 Мектебімізге 80 жыл

       

        Белгісіндей болмасада өткен күннің,

        Сексен жылдық тарихы бар мектебімнің.

        Мектеп тарихы сонау  1933  жылдан бастау алады. Сол жылы күзде Бірлік колхозында мектеп ашылды. Бастауыш мектептің дайындық класына « 25 мыңшылдар қозғалысының»жолдамасымен келген коммунист Әбдікерім Әбілқасым 12 оқушы ер балаларды қабылдады. Мектебіміздің алғашқы оқушылары және алғашқы түлектері: Жаппасов Әкірше, Раңбасов Темірхан, Шакетов Хасен, Маханбетов Тұрсынбек, Қалеекев Мүсілім, Оспанов Жалғасбаек, Әйтілеуов Халық, Өтебаев Дауылбай, Байдүйсенов Сейітхан, Еділбаев Яғмус, Әбілов Әседілла, Балабеков Ілияс болатын.

         Мектеп- кеме, білім-теңіз. Білім атты теңізде №55  С.Қожанов  атындағы   орта  мектебінің  жүзіп  келе жатқанына  80 жыл толып отыр. Бұл-тарихи оқиға, мерейлі той.

        Осы 80 жылдыққа байланысты мектебімізде «Ел болашағы-білімді ұрпақ» тақырыбында 10-19 наурыз аралығында онкүндік өткізілді.Іс-шара жоспары бойынша 10 наурыз күні ашылу салтанаты өтті. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Ахметова онкүндікке арналған іс-шара жаспарымен таныстырды. Онкүндік ішінде апталық спорттық іс-шара да қолға алынды.  Спорттық іс-шараның ашылуы салтанатты түрде өтті.Оған дене-шынықтыру пәнінің мұғалімдері, ардагер ұстаз Қ. Айтбаев ағай, осы мектепте алғаш рет күрес үйірмесінің іргесін қалаған О. Жошиев  ағай және волейбол командасының іргесін қалаған ардагеріміз Қалекеев Әбжан атамыздың зайыбы Пернеш апамыз құрметті қонақ болды. Салтанатты шеру эстафеталық ойындарға ұласты.Оқушылар арасында мини-футбол, ерлер арасында волейбол, әйелдер арасында баскетболдан мектепшілік жарыстар, аудан көлемінде күрестен жарыстар өткізілді.Осы іс-шара бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімдері Қыдырәліұлы Қуатбек, Бекбергенов Мәди, Ибраев Берік, ИскаковаАйгерім, Н.Бердалиев, Ж.Бердиев, Д.Молдағұлов, А.Әлайдаров, Ыдырыс Бекендер жұмыла жұмыс жасада.

        «Өрелі елдің-өнерлі ұрпағы» атты ертеңгілік бастауыш сыныптардың ұйымдастыруымен ауылдық мәдениет үйінде концерттік бағдарлама ретінде өткізілді.

Мектебіміздің мектеп деректорының міндетін атқарушы Б.Өтетілеуов  және оқу ісі жөніндегі орынбасары  А.Әбжаппаровтардың   ұйымдастыруымен «Қайтсек ауыл мектебін көтереміз?» атты дөңгелек үстел өтті. Ауыл адамдарымен сұхбат жүргізе отырып, пікірлерін білу арқылы ортаға кезек күттірмес кесек мәселелер тасталып, одан шығудың жолдары жайлы мұғалімдер арасында қызу пікірталас болды.

        Іс -шара барысында  «Ұрпақ тәрбиесі- ұлт болашағы» тақырыбында аудандық семинар 14 наурызда болып өтті. Семинарға барлық мектептің тәрбиесі жөніндегі орынбасарлары шақырылды. Енді осы семинарда қойылған іс-шараға тоқталсам.

Мектеп атымен емес, шәкіртімен даңқты.Мектебімізден шыққан түлектер бүкіл Республика, әлем  мемлекеттеріне танымыл. Физика-математика ғылымының кандидаты, әлемдік математика саласына қосқан үлесі зор Рахматулла  Тұрғаналиев атамыз, ҚР прокуратура органында қызмет атқарған, әділет генерал-майоры  Әбдіқадыр Нұрмағамбетов атамыз бен ҚР қарулы күштерінің полковнигі, әскер тарихы және саясаттану ғылымдарының докторы Сатыбалды Ділманов  аталарымыз, жазушы-жуналистер Ғайыс Егембердиев, Жолтай Әлмешов, ҚР-ң  ақыны, еңбегі сіңген мәдениет қайраткері  Манап Көкенов, жазушы Тынымбай Нұрмағамбетов, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, М.Әуезов атындағы сыйлықтық лауреаты, жазушы филология ғылымдарының докторы, профессор, ХҚТУ-дың кафедра меңгерушісі Жұмабай Әбілов,  сонымен бірге елімізге қызмет етіп жүрген жас түлектеріміз Ибрагимов Қанат, Сопбеков Нұрланды да айтуға болады. Мектебіміздің түлектері біз үшін мақтаныш. Осыған орай  « Ағалар ізімен болашаққа» атты тәрбие сағаты 10-сыныптың жетекшілері Л. Сәрсенова, Ш. Ильясованың ұйымдастырумен ойдағыдай өтті.

        Терең ойлы ғалымды, жазушы мен ақынды, ел қорғаған  батырды, ұлағатты ұстазды өсірген мектеп.  Осы мектеп түлектері болып саналатын жоғарыда аты аталған лауазымды кісілерді таныту мақсатында  «Мектеп түлектері –елінің мақтанышы» атты аймақтық танымдық жоба ұйымдастырылды.Оған жауапты адам  ғылыми істер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Г.Қошқарова.Танымдық жобада 6 оқушы бақтарын сынады. Әділқазылар аудандық білім бөлімінің тәрбие ісіжөніндегі орынбасары М.Жандарбекова, мектебіміздің тарих  пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз Ә.Әділханов, кәсіподақ төрағасы Ж: Жошиев сарапшы болды. Нәтежиесінде І орынды «Ақ сүмбеден ұшқан аққанат ақсұңқар» атты тақырыппен №55 мектептің 9ә сынып оқушысы Н.Тұрсынбай иеленсе, ІІ орынды №55 мектептің 4ә сынып оқушысы Машрап Әли « Т.Нұрмағамбетовтың шығармашылығындағы ауыл көрінісі» тақырыбымен, №54 мектептің 9-сынып оқушылары Бәденова Анель, Біржанова Берік «Мен мақтанамын өзіңмен» тақырыбымен жеңіске жетті, ІІІорынды« Жүрегі жырдан жаралған» атты тақырыппен Манап Көкенов жайлы жобаны қорған 8ә сынып оқушысы С.Рысбай және 9а сынып оқушысы Әділ Жаппар « Жолтай Әлмешов» атты жобаны қорғап иеленді.

І орын -двд, ІІ орын-үтік, ІІІорын- сағат және басқа да сыйлықтармен марапатталды.

       Танымдық жобамен қатар, жұдырықтай жүректері мектебім деп соққан «Мектебім- мақтанышым» атты аймақтық ақындар мүшәйрасы болды. Ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г. Есдаулетова. Әділқазылар мектеп кітапханасының меңгерушісі Т. Жайсаңбаева апай, тіл маманы қазір зейнеткер,ұлағатты ұстаз А.Әміржанова апай және №52 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Өтебаев. Ақындар мүшәйрасына №54 мектептен Мағжан Салтанат,№164 мектептен Әлімбек Айдана ,№161 мектептен Әбсадықова Нүргүл,№180 мектептен Шынтемір Әйгерім,№86 мектептен Сапарбек Фариза,№55  Шоқыбай Мадияр, Манап Ғафурғұлам, Жанболат Жания сынды оқушылар қатысты.Сараптау нәтежиесі бойынша 6 мектептен 8 оқушы қатысып, жүлделі орындарды өзара бөлісті.

       « Аққан жұлдыз-өзіңді мақтан етем» атты танымдық кешті мектеп кітапханасының меңгерушісі Т. Жайсаңбаева және ауылдық кітапхананың меңгерушісі К. Сұлтанбаева өтті. Семинарға келген қонақтарды сергіту мақсатында мектептің орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету курсының І деңгейін  оқып келген үздік мұғалім Э.Қарабаева «Алты қалпақ»  атты тренинг өткізді. Келген қонақтар ойларын ірікпей жеткізіп, сергіп қалды.

        Аймақтық семинарды аудандық білім бөлімінен келген тәрбие ісі жөніндегі әдіскер М. Жандарбекова қорытындылады.

       Онкүндік барысында «Сырлы әлем сыр шертеді», «Өнер көзі-халықта» атты қолөнер, сурет көрмелері жұмыс жасады. Сурет көрмесін ұйымдастырушы сурет пәнінің мұғалімі Н.Есіркепов,қолөнер көрмесін технология пәнінің мұғалімі Г.Жамалова ұйымдастырды. « Біздің жетістіктеріміз» атты мектептегі үздік пән мұғалімдердің жетістіктері жайлы әдістемелік көрме ұйымдастырылды.

      « Жетелі жігіт елге келіп тәжім етеді» деген мақал бар. 80 жылдық тарихы бар мектебіміздің мың сан түлектері әр салада абыройлы жұмыс жасауда.

«Аталар жолы, ағалар ізімен» тақырыбы бойынша бір кездегі осы мектептің түлектері, қазірде әр салада лауазымды қызмет атқарып жүрген, осы сайдан шыққан, елдің азаматтары мен мектеп оқушылары арасында кездесу өтті.Кездесуге аудандық маслихаттың хатшысы, аудандық «Ынтымақ» ЖСШ төрағасы, кәсіпкер Құтыбаев Рахымбаба, аудан әкімінің орынбасары Бүркітбаев Қаржыбек, аудандық жылжымалы мүлік мекемесінің директоры Тұрысбеков Медетбек, аудандық білім бөлімінің әдіскері Оралбеков Қайрат, аудандық әділет басқармасының бірінші орынбасары Құрықбаев Ербол сынды азаматтар қатысты. Сонымен бірге осы кісілерге тәлім-тәрбие берген, білім нәрімен сусындатқан ардагер ұстаздар Байдүйсенов Сейітхан, Қошқарбаев Әбибулла, Әбжаппаров Нәжмуддин және еңбек ардагері Ошанов Әбдіхалық қатысты. Кездесу барысында барлығы өздерінің жүріп өткен өмір жолдары жайлы сыр шерте отырып, мектептегі кезеңдерді, ұлағатты ұстаздарын еске алды.

        Сондай ақ, іс-шара барысында «Балалық шаққа оралу»  ( мұғалімдер жайлы естеліктер), 80жылдық  мектеп тарихына орай эссе, әңгіме, мақала жазу байқауы өткізілді.

        Іс-шара наурыздың 19 күні қорытындыланды.

       21наурыз күні «Ауыл руханиятының қара шаңырағы-алтын ұя мектебімізге 80 жыл» атты іс-шара № 55 С.Қожанов атындағы орта мектебінде шақырылған қонақтарды салтанатты түрде  қарсы алудан басталды. Мектепте білім алған, осы мектепте жұмыс жасаған кісілердің үлкен сағынышпен келгендері көрініп тұрды. Мерекелік көңіл-күймен ішке беттеген кісілер демеушілікпен жасақталған география және бастауыш сынып кабинетінің ашылу салтанатының куәгері болды.   География кабинеті Сарсенбек Қалдыбаев атамыздың атында ашылса, бастауыш сынып кабинеті  бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасаған ұлағатты ұстаз Гүлназ Нарымбетова апайымыздың атында. Осы мектепте ерлі-зайыпты С.Қалдыбаев және Г.Нарымбетова екеуі ұстаздық қызмет атқарып, елге еңбегі сіңген.Соған орай ұрпақтары сол кісінің атынан пән кабинеттерін ашып беруді қолға алып, демеушілік жасады.  Кабинеттер  мектепте география пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған ардагер ұстаз Қалдыбаев Сарсенбек атамыздың  Қалдыбаевтардың отбасылық  демеушілігімен қайта жабдықталып ашылды.Қалдыбаевтар отбасы ауылдағы үлгілі отбасы болатын. Ұл-қыздарының барлығы жоғары білім алып, қоғамның әр саласында аянбай еңбек етіп, тер төгіп жүр. Олардың елге жасаған жақсылықтары бір бұл ғана емес. Өткен жылы Бірлік ауылында өткізілген Наурыз мерекесінде де үлкен демеушілік жасады.   Алдағы уақытта да қолдан келсе елге қызмет жасайтынын айтты.  Сонымен бірге ашылу салтанатына атамыздың келіні мен немересі, қыздары келді. География кабинетінің меңгерушісі география пәнінің үздік мұғалімі Ж.Жошиев, бастауыш сынып кабинетінің  кабинет меңгерушілері К.Жәрімбетова, Э.Құрбанбековалар.  Салтанатты жиын ауылдық мәдениет үйінде жалғасты. Салтанатты жиын Ы.Алтынсариннің  «Кел, балалар, оқылық»  атты өлеңімен бастау алды да, ары қарай жалғасын тапты. Мерейтойға арнап жазылған мектебіміздің түлектерінен келген бірнеше құттықтаулар оқылды. «Е ислам» ақпараттық парталының бас редакторы-Әбдраманов Жасұлан ағамыздан, ҚР Журналистер одағы мүшесі, «Евразия» телеаранасының редакторы- Сопбеков Нұржан ағамыздан, Республикалық Ұлан 0112 бөлімінен-ҚР Республикалық Ұлан 0112 әскери бөлімі басқармасының майоры, автомобиль қызметінің бастығы — Өтенов Ерік сынды азаматтарымыздың аттарынан құттықтау хаттар келіп түсті. Жоғары оқу орнынан, сол жоғары оқу орнында оқып жүрген  шәкірттеріміздің атынан келген бірінеше алғыс хаттар оқылды.

     Сексен жылдықты құттықтауға келіп жатқан,

     Қонақтарға ретімен сөз береміз,-дей отырып келген қадірлі қонақтарға ретімен сөз берілді.  Мектебіміздің 1977 жылғы түлегі, қазір аудан әкімінің орынбасары Қаржыбек ағамыз,  Аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары, осы мектептің түлегі  Бұлдырықов Нұрымжан, Ауыл әкімі, мектеп түлегі Мұсаев Әскер  сөз сөйледі. Мектебімізде шәкірттерінің сүйікті ұстазы бола білген, ал мектеп ұжымында сыйлы, адамгершілігі мол, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан ардагер ұстаздарымыз- Бейсенбиев Мүтан ағай, Қошқарбазев Әбила ағай, Арасат ағай мен жұбайы Зарипа  апайымызға сөз берілді.Мерейтойдың қадірлі қонақтары, осы алтын ұя мектебімізден ұшып шыққан түлектер-Раханов Сексенәлі, Сүгірбаев Әлібек,Әлмешов Жолтай, Нұрмағамбетов Тынымбай, Егізбаев Керімхан, Құтыбаев Рахымбаба, Әйтілеуов Әбдіхалық,Әжібеков Қалқазэбек, Бүркітбаев Қаржыбек, Нәлібаев Алмасбек, Ақбалаев Әбдіқарым, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі-Сопыбеков Адырбек  сынды ел ағаларын қошеметпен ортаға шақырып, лента тағып,құрмет көрсетілді.

      «Толған ел -тарихын таспен жазады» деген. Мектебіміздің тарихы  тереңде жатыр. Бастау бұлағы 1933 жылдан басталатын №55 С.Қожанов атындағы орта мектебінің ұзын-сонар сүбелі тарихы жөнінде мектептің ардагер, ұлағатты ұстазы тарих пәнінің мұғалімі Әділханов Әметхан ағайымыз «Ауыл руханиятының қара шаңырағы» атты  кітап жазып шығарды. Оның тұсаукесері ауылдық мәдениет үйінде шақырылған қонақтармен бірге  21 наурызда өтті. Кітаптың тұсаукесер лентасын мектебіміздің құрметті түлегі, ардагер ұстаз Әйтілеуов Әбдіхалық атамыз қиды. Салтанатты жиын осымен өз мәресіне жетіп, келген қонақтарды  қазақы салтымызбен ақ дастархан басында күтуге жалғасты.

         Білім берудегі күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық  дарыны бар, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа жаны құмар жан-жақты тұлға шеше ғана алады. Құрметті №55 мектептің ұстаздары! Ауызбіршілік танытып осындай ұлы істі атқарып отырмыз. Қашанда еңбектеріңіз жана берсін!  «Ұстаз бақыты озып туған шәкірті» десе, аттарымызды Ай-Әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріміз көбейе берсін!

        Адамзаттың өлшеуі бойынша-қария, мектептің өлшеуі бойынша- мәңгілік балалық. Ашылу, кездесу қуанышы, қоштасу, мұңаю. Бір сөзбен айтқанда мәңгілік қозғалыс.

  

                                                                       №55 С.Қожанов атындағы орта мектептің

                                                      қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Кембілбекова  

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068832

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru