МЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

10 ақпан 2014 - Гулёка
МЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

                                          Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы

Қарабұтақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет,

өзін – өзі тану пәндерінің мұғалімі

МЫРЗАҒАЛИЕВА ГҮЛДАНА ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

                                                                 Ғалым да, шахтер де бас иетін,                                                                                                             Ұстазым бар сенің қасиетің.                                                                                                                      Білім берген, ой берген, ақыл берген,                                                                                                   Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең…                  

         Осы тақырыпта эссе жазуда көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық маандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. 2007 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжіне түсіп, 2010 жылы аталған оқу орнынан «Негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі, іс жүргізуші» мамандығы бойынша диплом алдым. 2010 жылы Қарабұтақ орта мектебіне «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жұмысқа орналастым. 2010/2011 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап өз мамандығым бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі болып жұмыс жасап келемін. Сонымен бірге маған «Өзін – өзі тану» пәнін оқытуды қосып берді. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Өзіме сабақ берген ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл – білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім.«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгінде мұғалімдер арасына үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп – өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтереру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинше саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз болу кімнің де болса арманы. Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілегрілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Болашақта мұғадім мамандығы ең беделді, әрі жоғары ақы төленетін мамандықтың біріне айналуы үшін оны сүйіп, талмай еңбек ету қажет. Ұстаздық қызметте, шәкірттерімен қарым – қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең – есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң – үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын арттыруда ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді тәжірибеде жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады. Сондықтан бүгін білім берудің сапалы болуы үшін, біріншіден, ұстаздың жан-жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт. Мен қазір біздің елімізде қалыптасқан мұғалімдік мамандыққа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қабылдап, олардан орташа маман дайындап, оларды білім ұяларына жіберетін құрсаудың бұзылып, ұстаз мамандығы ең жоғары еңбекақы төленетін үздік мамандыққа айналса деп армандаймын. Өйткені, жаңа ғасырда ғылымның, техниканың, өндірістің қарқындап өсуі білім берудің барлық жүйесін жүйелі дамытуды талап етіп отыр, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек. Иә, қазір жаңа типті мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды балалармен жұмыс бағдарламасы жүзеге асу үстінде. Жастарды шетелдерде оқытуға мүмкіндік алдық. Жаңа буын оқулықтар, электронды оқулықтар білім беру ісіне ене бастады. Осындай жаңа даму үрдісі алға басып отырғанда Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» — деген еді. Біз осы сөзге сай болуымыз керек.

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніЖыр керуенін арқалаған Мұқағали

Өзін өзі тану"ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ - ӨЗЕКТІ ПӘН"

Ұстаз үніМЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Өзін өзі тану"ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ - ӨЗЕКТІ ПӘН"

Ұстаз үніОқушы бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141908

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар