ОҚУШЫЛАР ТЕАТРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.

1 наурыз 2015 - Askar Naymantaev
ОҚУШЫЛАР ТЕАТРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ.

«Жоқ» — деп айта алмайтын әдет осы! Бұл ауылдан өтініш түскелі біраз болған еді. Балаларды көріп тұрып, қимадым. Қалай келісім бергенімді өзім де байқамай қалдым. Енді міне, бүгін жұмысты бастап кеттік. Балалар өздерінің аналарына арнап 8-наурыз қарсаңында алғашқы өнерін көрсете отырып, осы театрдың шымылдығын ашпақшы. Оқу жылы аяқталғанша Наурыз мерекесінің жаңаша қойылымын, Қазақ хандығының 550 — жылдығына, Жеңістің 70- жылдығына орай қойылымдар қойып үлгереді. Дайындық бүгін басталып кетті. Суреттерін көргілеріңіз келсе парақшама жеке фотоальбом ашып қоямын. Әншейін коллаж мынау. Ең "Үлкен" актер 9 айлық Ерасыл! Бесікте жатқан рөлді қатырып ойнайды!

Актер болу мақсат емес, білімді, сауатты азамат болу міндет! Балаларға осына түсіндіріп, дайындыққа қоса «актер шеберлігінен» дәріс бере бастадым. Үйірмеге жазылған 14 баланың саны көбейіп кетті. Жақын ауылдан да келіп оқуға ниет білдіріп жатыр.Енді өзіме алла қуат берсе, ден-саулық болса, осылардың үмітін алдамасам деп отырымын.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148684

Пікірлер (2)
Таланттар мектебі # 2 наурыз 2015 в 07:34 +1
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылында бұл үйірме. Сәт сапар! Қадамы құтты болсын!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар