Педагогикалық эссе

7 наурыз 2015 - Майра Нурханова

Педагогикалық эссе

Мұғалім мамандығын таңдап тер төгіп еңбек еткеніме 31 жыл өтіпті. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Жақсы ұстаз— бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін және солай болуы тиіс. Бұл жемісті міндетті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыру үшін оқытудың көптеген жаңа әдіс- тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. «Математиканы оқытуда тапсырмалар жүйесін жобалау арқылы оқушы жетістіктерін бақылау» атты әдістемелік- шығармашылық тақырыппен жұмыс жасау барысында 9 сыныптың геометрия курсына арналған «Оқу жетістіктерін бақылау тапсырмалары» және әр тарауға байланысты оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау қабілетін дамытуға, жетілдіруге бағытталған «5-7 сыныптар үшін математикалық диктанттар жинағы» құрастырылды. Сонымен қатар, төмендегі мақалалар: «Математика сабағында жобалау әдісін қолдану», «Математиканы оқытуда тапсырмалар жүйесін жобалау арқылы оқушы жетістіктерін бақылау», «Тест тапсырмалары және оларды құрастыру» жарияланып, жинақтарға енді…

Құзіреттілік түріндегі білім беру жағдайында мұғалімнің рөлі білім берушіден оқушыларды білім алуға үйретуге ауысады. Сол себепті мұғалім оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау қабілетін дамыту, жетілдіру және қалыптастыруға көңіл бөлгені жөн. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау қабілетін дамыту, жетілдіру құралдарының бірі ретінде әртүрлі шығармашылық тапсырмалар қолданылады. Ондай тапсырмалар оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырады. Шығармашылық тапсырмаларға жобалар, қызықты, зерттеу, практикаға бағдарланған, интрегративті есептер және тағы басқалар жатады.

5 сыныпта «Ең кіші ортақ еселік» сабағының мақсаты оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектенуге бағыт беру болды. Сабақтың кіріспе бөліміне оқушылардың EXPO-2017 Халықаралық көрмеге байланысты білімдерін қалыптастыру үшін мынадай ауызша жаттығулар құрастырылды:

— 1851 саны қандай сан? (тақ сан, құрама сан, 3-ке бөлінеді) Осы жылы ең алғаш Лондонда EXPO өтті.

— 2005 саны қандай сан? (тақ сан, құрама сан, 5-ке бөлінеді).

Қазақстан 2005 жылдан бастап EXPO көрмелеріне қатысып келеді.

— ЕКОЕ(5; 13) неше болады? (5*13=65, себебі 5 пен 13 өзара жай сандар.)

Ал EXPO көрмелері бір жарым ғасырдан бері 65 рет өткен.

Осы сияқты сұрақтар мен есептер математиканың өмірмен байланысын көрсетіп, оқушылардың қызығушылықтарынтудырып, өздерін ізденуге бастайды.

Әр сабаққа тек тақырып бойынша қана емес сонымен бірге, ой-өрісін дамыту үшін мына сияқты логикалық есептер ұсынамын. Тапсырмалар мен сұрақтар, тест тапсырмалары алдын-ала жинақталып, іріктеліп бағдарламаға сәйкестендіріледі.Тоқсандық, жарыжылдық және жыл соңындағы қайталау кезінде қолдану оқушы жетістіктерінің нәтижесін көрсетеді.

Педагогикалық тәжірибемде жаңа білім беру парадигмасының талаптарына сай оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау қабілетін қалыптастыруға, дамыту, жетілдіру жолында математика пәнін оқыту үрдісінде шығармашылық тапсырмаларды осылай қолдану арқылы жүзеге асырылуда. Мысал ретінде 9 сыныптың геометрия сабақтарында қолданған тапсырмаларды айтуға болады.

Оқу жылының басында 9 сынып оқушыларының өткен жылы геометрия курсында оқып меңгерген тақырыптары бойынша білімін, дайындығын тексеремін. Ол үшін оқушыларға өткен оқу жылының, яғни 8 сынып геометрия курсының бағдарламасы бойынша ең негізгі тараулардың бірі — «Төртбұрыштар» тарауына арналған келесідей шығармашылық тапсырманы орындауға ұсынамын. Тапсырма оқушылардан тараудағы теориялық материалды схемалы түрде кескіндеуді талап етеді. Тапсырманы көркемдеу, безендіруге шек қойылмайды.Осы тапсырманы орындаған кезде оқушылар төртбұрыштар түрлеріндегі өзара байланысты анықтай отырып, салыстырады, жалпылайды, қорытындылайды. Төртбұрыштардың бір-бірінен айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды, ортақ қасиеттерін атап өтеді. Негізгі мақсат- ойды ояту, оқушыға өзіндік ой-пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Нәтижесінде:

-Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі.

-Бос отырған оқушы болмайды.

-Әркім өз деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады.

-Қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге қызығушылығы пайда болады.

-Ізденіс дағдысы қалыптасады.

Осыдан түйгенім: оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне байланысты. Олай болса, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлы Абайдың сөзі ақиқат екенін өмірдің өзі дәлелдеп отырған жоқ па?!

Пәні мұғалімі: Нурханова М. Х.

Осыған ұқсас жазбалар:

Физика​Білімді ұрпақ –ел ертеңі»

Өзін өзі тану"ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ - ӨЗЕКТІ ПӘН"

Ұстаз үніМЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Ұстаз үніМЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Өзін өзі тану"ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ - ӨЗЕКТІ ПӘН"

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150989

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар