Сочи олипиадасын қытайлар күлкі етті

2 наурыз 2014 - Админ
Сочи олипиадасын қытайлар күлкі етті

2014 жылдың 7 – 23 ақпан күндері Ресейдің Сочи қаласында өткен, 22 кезекті қысқы олимпиада ойындары жұрт есінен көтеріле қоймады, Сочидегі XXII қысқы Олимпиада ойындары 7 ақпанда Астана уақыты бойынша 22.17-де салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанаты “Фишт” стадионында өтті. Олимпиада қалай өтті? қандай қызықты оқиғалар болды, мұның бәрін тізіп шығу бұл жазбаның мақсаты емес, айтайын дегенім осы олимпиаданың ашылу салтанатындағы сәтсіздеу шыққан тұстар.

Ашылу салтанатындағы ғаламторда  кең таралған суреттердің бірі, Ресей премер министрі Дмитрий Медведовтың тәтті ұйқысы болды, ашылу салтанатын тамашалап отырған құрметті қонақтардың ортасында отырған Димекең ұйымдастыру жұмыстарына жүгіремін деп қатты қалжыраған болса керек, отырған бетінде ұйқыға басты.

medvedov

Ал шетел ақпарат құралдары мұны сан саққа жүгіртті, біреулер “Ашылу салтанаты орыс премер министрінің өзіне де қызық емес” десе, ал біреулері Ресей үкімет басшысының мәдениетіне сын көзбен қарады, қойшы әйтеуір не болса да Димекең көз шырымын алып алды.

Қызықтың көкесі бұл емес, бұдан да зор, әлем ақпарат құралдарына бір апталық азық тауып берген оқиға былай болды, олимпиаданың 5 шеңберден тұратын белгісі, стадион көгінде отшашу тәрізді ашылып, 5 шеңбер кезекпен бейнеленіп көрініс табуы керек болатын, қырсыққанда бесінші шеңбер ашыла алмай жұлдызша күйінде қалып қойды (суретте)

4shenber

сонымен шеңбер ашылмады, ол ашылмады екен деп олимпиада жабылып қалмайды ғой, жарыс басталды, бәрі орнында, спортшылар өз деңгейіне қарай өнерлерін көрсетті, ол жағы басқа әңгіме, ал дәл осы сәтсіздікті Қытай кәсіпкерлері ақшаға айналдыра білді, бұл жағынан қысық көз көршіні мойындамасқа болмас, дәл осы ашылмай қалған 5 шеңберлі олимпиада белгісі бейнеленген жаздық футболкаларды қазірден базарға шығара бастады, ол футболкаларды алғыңыз келсе Қытайдың Тау бау интернет магазины арқылы тапсырыс бере аласыз, төменде бірнеше суреттер қойдым, сізге ұнап қалуы да ғажап емес.

aa

aaa

bb

bbb                    ccc

dd

ddd

ff

fff

gg ggg

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147945

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар