Түлектерге арнау

23 маусым 2014 - Несипкул Утебаева
Түлектерге арнау

Арнау

Шәкірттерім кеше ғана бүлдіршін сияқты едің,

Ал, бүгін қанаттанып барасыңдар.

Түлектер боп самғайсыңдар ,

Түлектер боп жайнайсыңдар,

Түлектер боп мұңаясыңдар,

Түлектер боп қимайсыңдар

Түлектер боп сыйлайсыңдар

Түлектер боп толғанасыңдар

Түлектер боп сағынарсыңдар

Ұшқан алтын ұяларыңды,

Әрдайым еске аларсыңдар

Ал, енді қомданыңдар

Сапарға аттаныңдар

Бірің қалып мектепте,

Бірің енді ұшарсың

Мектеп өмірін ұмытпай

Сыйласыңдар бауырластай .

Туыстардай боларсыңдар

Жыраққа алыс кетсеңдер

Хат жазысып тұрыңдар

Әлеуметтік желілерден

Біріңді-бірің сағынысып

Әрдайым хабар алыңдар

Ұстазды да ойлаңдар

Сендерге әркез болысқан

Суыққа тоңып ұстаздар ,

Ыстыққа күйген ұстаздар

Тоғыз жылдың торабын,

Сендермен бірге өткердім.

Ілтипатпен қараңдар

Әр адамды сыйлаңдар

Қош енді өткен күндер

Өткерген өткелдер

Келмеске кеттіңдер

Алдарыңда ұзақ жолдар

Тура жолдан таймаңдар

Арыстарым -айбындарым

Соқтықпай, аптықпай,

Сара жолды таңдаңдар

Қайсарлы қырандарым,

Армандарға жетіңдер

Таңдап алған сапарлар

Сәтті болсын оң болсын

Мәртебелі мерейлерім,

Көңілімді көктем еткен

Шәкірттерім –ол сендер.

Қол жеткізіп арманға

Құстай сендер самғаңдар

Сәулелі шуақтарым

Өмірден орын табыңдар

Көзін ашқан бұлақтарым,

Қуаттана арқыраңдар

Толқындарым – арыстарым

Тоқтамасын ағыстарың

Еркелерім – серкелерім,

Енді кімді еркелетем.

Сөз көтерген ерлерім,

Кіммен енді сөз бөлісем.

Ақылды дарияларым,

Суатсыз қалам ба енді...

Нәр берген көңіліме,

Мән берген өміріме

Сән берген өміріме

Өлшеусіз үлес қосқан,

Мектептің өміріне,

Шырайлы — шәкірттерім.

Мен сендерді сағынармын.

Сендерді ойлап қамығармын.

Сендерді ойлап жабығармын,

Сендерді ойлап қуанармын,

Есейді ғой деп, шәкірттерім.

Өзімді қамшылаймын,

Сабырға шақырамын,

Қолымнан ұшырамын,

Сендермен қоштасармын...

Бір арнаға тоғыстыңдар,

Бір арнадан тарайсыңдар,

Өтіп бәрі сағымға ұшар

Қызықты өткен сол күндер

Ұстаз айтқан өсиеттер,

Санаға енді құйылар,

Өмірдің мәнін ұғарсыңдар,

Өмірге қадам басарсыңдар,

Есейіп енді аттанасыңдар,

Өмірден орын табарсыңдар

Ақ батамды шын ниетпен берейін,

Көгеріңдер, көктеңдер,

Кеңейсін өрістерің!

Кірпіш болып қаланыңдар,

Дүниенің тауып кетігін.

Ризамын, ризамын шәкірттерім,

Ұшырамын сендерді мен ұядан.

Қимаймын, қимаймын шәкірттерім,

Өмірдің заңына бағынармын.

Қомдаймын, қомдаймын шәкірттерім,

Талмасын сендердің қанаттарың.

Қолдаймын,қолдаймын шәкірттерім,

Шуақты сендерге мен шашайын.

Риза бол, риза бол, шәкірттерім,

Қастарыңнан мен енді табылмаймын.

Жүректер көзінен табылармын,

Шамшырағым – шәкірттерім!

Шырақтарың сөнбесін!

Жарық жұлдыз – шәкірттерім.

Сендермен болған әр күнім,

Сендермен болған әр жылым,

Тәтті екен ғой қайтейін,

Сендермен болған күндерім.

Зуылдап зымырап өткенін,

Аңғармаппын қайтейін...

Қоштасудың сәті келді,

Бәрі өтті. Кетті бәрі келмеске

Бәрі бітті.Қоштасайық біз енді...

Несіпкүл Өтебаева,

Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияның мұғалімі,

Түркістан қаласы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148619

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар