Тақырыбы: Шуағын төккен, төрт көктем!

15 маусым 2014 - Лаззат Сейсенбаева

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

«Бейнеу мектеп — интернаты» мм- нің

бастауыш сынып мұғалімі

Сейсенбаева Ләззат

Тақырыбы: Шуағын төккен, төрт көктем!

Мақсаты: Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру. Әр баланың ерекшелігін таныстыра отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарды құрметтеу білуге, білімге деген құштарлығын арттыру.

Көрнекілігі: фотомонтаж, слайд, шарлар, гүлдер.

Барысы: Кіріспе сөз.

Вальс.

1-жүргізуші:

Қадірлі ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен

2-жүргізуші:

Сондай-ақ біздің еркелігімізді көтеріп, оң-солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

1-жүргізуші:

-Иә, осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби едік, сөмкемізді әрең көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік, арасында үйімізді, ата-анамызды сағынып жылап алатын ойын баласы едік.

2-жүргізуші:

Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

1-жүргізуші:

Сағымдай өте шыққан жылдар-ай десеңші! Осы 4 жыл ішінде талай ұмытылмас,қимас қызықты бал күндер өтті.Оның бәрін енді тек сағынышпен ғана еске алатын боламыз. Олай болса, сол бал күндердің қызықты сәттеріне бір көз жүгіртіп көрейікші.Ендеше, тақтаға назар аударсақ.

Видеоролик көрсетіледі.

1-жүргізуші:

Жаннұр, мен саған бір жұмбақ сурет көрсетемін, сен соның шешуін тапшы.

2-жүргізуш:

Жарайды, Біржан тырысып көрейін.

Біржан:

Олай болса мына суреттер қандай мағына береді деп ойлайсың?

Экраннан сурет көрсетіледі.

Жаннұр:

Керемет сурет екен, Біржан. Осы суретке байланысты менің есіме бір мақал түсіп тұр.Ол « мектеп- кеме, білім-теңіз»

Біржан:

Тамаша, ендеше кемеге балаған мектептен қаншама адам тәлім алады десеңші! Біздің атамыз,әжеміз, атаанамыз, енді бізде осы мектепте тәлім алудамыз.

Жаннұр:

Ендеше, ән-жырымыз саған арналады қасиетті мектеп!

Ал енді, сыныптастар, Жаннұр екеуміздің өздеріңе дайындаған әр пәнге байланысты сұрақтарымыз бар. Ендеше, мұқият тыңдап кезекпен жауап берсеңіздер екен.

Жаннұр:

Өте тамаша, қойған сұрақтарымыздың бәріне дұрыс жауап бердіңдер, ал енді Біржан, келесі сұрақты саған қойғым келіп тұр, қарашы мына ағаштар неге әртүрлі?

Біржан: Соны да білмейсің бе, біреуін сарған, екіншісін күтпеген яғни қарамаған.

Жаннұр: Ой, қойшы, онда тұрған не бар?

Біржан: Жоқ, олай деме, адамдар да сол сияқты.

Жаннұр: Шын ба, қалайша сонда, түсіндіріп берші!

Біржан: Адамды тәрбиелеп, білім берсең, қатесі болса түзетіп, мына ағаш сияқты баптап, күтсе ол адам ақылды болып өседі.

Жаннұр: Олай болса, бізге білім мен тәрбие берген, бізді мәпелеп, болашақта жасы адам болып ержетуімізге жол көрсеткен ұстаздарымыз бен тәрбиешілерімізге рахметімізді айтып, ән-жырымызды арнайтын кез де келді.

Біржан: Бұл өлең жолдары тек сіздерге арналады, құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер!

Талаптанып, білім шыңға самғауға, Мен мектепке алғаш рет барғанда. Ләззат апай, қарсы алып ең біздерді, Мерейіңіз биік болсын қашанда!

Жаннұр:

Сырғып артқа сәби шағым, жас шағым, Өте шықты бастауыш та қас-қағым. Жанар апай таныстырды біздерді, Компьютердей жаңа заман аспабын.

Нұрмұханбет:

Жасау үшін жас өскіннен шын дарын, Білмеуші едік көп нәрсенің анығын. Мөлдір апай үйреттіңіз біздерге, Өзін-өзі танудың көп сырларын.

Айнұр: Қай кезде де бағыт сілтеп көлемді, Бізге үйреттің шеберлік пен еңбекті. Қамар апай, ісіңізден бақ тауып. Үйреттіңіз талай-талай өнерді.

Назерке: Жетілдіріп жеткіншектер білімін, Сырын ашқан ағылшынның тілінің. Айсұлу апай еңбегіңді бағалап, Сізге шексіз алғыс айтар сыныбым

Ұстазым әні.

Ата-аналармен,ұстаздармен ойын ойнатылады

Біржан:

Мың бұрала билейтін, Биді жақсы көретін. Қыздарымыз бар біздің, Қазақ биін билейтін.

«Маусымжан» биімен қыздар тобын қарсы алайық!

Қай кезде де сыныптастарыңмен, достарыңмен бірге жүрген қызықты сәттерге не жетсін. Бала күндердің ұмытылмас күлкілі кездері де көп.Олай болса, алаңсыз бала күндеріміздің бір сәтіне тағы бір көз салайық.

Видеоролик көрсетіледі.

Жаннұр:

Міне, сыныптағы бұл алаңсыз бала күндеріміздің бір көрінісі. Ал осылайша, алаңсыз, уайымсыз оқуымызға жағдай жасап, бізге үлкен қамқорлық жасап отырған ата-анамызға қалайша алғыс айтпаймыз, Біржан!

Біржан:

Иә, Жаннұр, дұрыс айтасың, ендігі ән- жырымыз аналар тек сіздерге ғана арналады.

Ән: Анашым.

Көрініс: «Менің атым Қожа»

Айтыс.

Тілектер айту.

Біржан:

Бастауышым-балбұлағым, Алдым сеннен балдың дәмін. Әріп танып, білім алдым, Рахметімді жаудырамын.

Ұстаз деген ұлық атты сыйлаймыз. Жақсы әдетті сол жандардан жинаймыз. Болашаққа ұмтыламыз үмітпен. Әйтсе де әлі бастауышты қимаймыз

Жаннұр: Мынау өмір арнасымен ағады, Білімді жан әркез жолын табады. Сіздерменен бастауыштар қоштасып. Көгершіндер самғап қанат қағады.

Білімді жан әрқашанда бағалы, Білім барда ақ шашың да даналы. Көрерменім аман-сау бол осымен, Ақкөгершін самғап ұшып барады!

Қорытынды.

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыТәуелсіз елім - Қазақстаным

БастауышСәлем саған, Алтын күз!

БастауышТәуелсіз елім- Қазақстан!

БастауышМенің елім - Қазақстан!

БастауышҚош бол, құтты әліппем!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110091

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар