ХАТ (Асқар Наймантаев. "Мұқағалиға")

11 қаңтар 2015 - Таланттар мектебі
ХАТ (Асқар Наймантаев. "Мұқағалиға")

Ассалаумағалайкөм!

Қалай аға, зерігіп отырсың ба?

Әлде, Лашын тәтем барғалы,

Жамбастап жатырсың ба?

Айтпақшы, мынаны айтшы,

О дүние кәсіпті өзгертпей ме,

Әлі де ақынсың ба?

Ой, бізде не жаңалық болушы еді?!..

Сол, баяғы Алматы – өзің айтқан «тас қалпы»,

Көктем сайын мүжілетін асфальті.

Сол баяғы,

Есебі бар ақындар – трезвый,

Өсегі бар ақындар – «мас қалпы».

Оразалыны кетіп ед, барған шығар,

Жұмсағанда тіліңді алған шығар,

Жақсы көрсе жанынан шықпаушы еді,

Қайтпады, сені қимай қалған шығар.

Таң болушы ем, талғам мен талабына,

Оразжан биік еді, сай емес заманына.

Биіктігін салыстырсам тауыңмен,

Хан-Тәңірі бататын табанына!

Ұнасаң езу тартып, әнімен аялайды,

Ойы дәл. Сөзі өткір. Өтірік боямайды.

Байқамай намысына тиіп қойма,

Онда бітті! Аға мен бауыр түгіл,

Мұқағали болсаң да аямайды!

Ол баламен тарқатасың құмарды,

Ініңе өзің түкіріп бер тұмарды…

Оу, айтпақшы, бұл қалай, өзің жаққа,

Ағалар да,

бір-бірлеп кететінді шығарды?

Зәкең кетті үндемей, Алтекең де,

Ұрысуға жасы үлкен,

Қайтсем екен бұларды?!

Ұлы Мұқа!

Өкпе айтты деп сен маған ренжімегін,

Түсінесің ойымды, мен білемін.

Бүгін заман жаңарды, ескілікті жою керек,

Ол жақтың жоспарын кестелеп ою керек.

Игі жақсы бұл жаққа да керек қой,

Шетінен әкеткетді қою керек!

Олар барда кедергі, жар болмайтын,

Жалғыз аяқ соқпағың тар болмайтын.

Олар барда көңілде мәңгі көктем,

Шілдеде қабағымда қар болмайтын.

Қазір де бар… «жақсы аға»…

керіліп тұрады,

Елім деп еңіресең де,

бөлініп тұрады,

Онысы пиғылынан

көрініп тұрады,

Жарылқап тастағаны былай тұрсын,

Жылы сөз айтуға ерініп тұрады.

Мұның бәрін саған айтып қайтейін,

Жоғарыдан өзіңе көрініп тұрады.

Оттаңқырап кеттім бе мен, қалай?

Артық айтып кетпедім бе байқамай?

Биыл тағы туған күнің, ұмытпа,

9-ақпан, Сарай. Жылда солай.

Ал, жақсы, давай!

Осыған ұқсас жазбалар:

СценарийАРЫСТАННЫҢ ЕСЕП БЕРУІ

Қосымша пәндер"Өлімнің рөлі" немесе жаңа кино. (сатиралық монолог)

Қосымша пәндерАКТЕРЛЫҚҚА ТҮСУ ҮШІН НЕ,ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУ КЕРЕК?

Ұстаз үніӨнер үйренем деген балаға ала көзбен қарамаңыз.

Қосымша пәндер"Конферансье" мамандығына оқыту" бағдарламасы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103654

Пікірлер (4)
Askar Naymantaev # 11 қаңтар 2015 в 19:44 +1
Өзім өткізіп жүрген "Бүгін менің туған күнім" кешінде оқығамын. Ертесі "Жас алаш" басып шығарған.
Таланттар мектебі # 11 қаңтар 2015 в 19:53 0
sahnaass@mail.ru # 12 қаңтар 2015 в 11:21 0
Биз сол концертте болп едик. Осы оленинизди окыганынызда ел тебиренип кетип еди. Есимизде али.
Базаргул Агимбекова # 28 маусым 2015 в 23:33 0
Қазақтың біртуар дарынды ақиық ақыны Мұқағалиға арнаған шумақтап жазған хатыңыз керемет, рахмет.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар