Шығармашылықтың шыңына өрлеу

1 шілде 2014 - Несипкул Утебаева
Шығармашылықтың шыңына өрлеу

Шығармашылықтың шыңына өрлеу

Тәуелсіз Қазақстанның ұстаздары үшін ұрпақ тәрбиесі мен білімі алдындағы жауапкершіліктен қымбат міндет жоқ.Осы тұрғыда көздеген мақсат-мүддеге жету үшін Өтебаева Несіпкүл Мейманханқызы 1983 жылдан бастап мемлекеттік қызметкер ретінде педагогтық қызметін атқарып келеді. Ол, алдыменен Сайрам ауданына қарасты Көмешбұлақ ауылындағы№67 мектебінде, содан кейін Түркістан қаласындағы Ахмет Байтұрсынов мектебінде еңбек еткен.Ал 1993жылдан бастап Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мектеп -гимназияда бір орында тапжылмастан қызмет етіп келеді. Ол осы аталған мектеп-гимназияның (1993жылға дейін тек орыс бөлімі болатын) тұңғыш рет ашылған қазақ бөліміндегі қазақ сыныбының тұңғыш мұғалімі. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Несіпкүл Өтебаваның осы уақытқа дейін жеткен үздіксіз жетістіктері ұшан-теңіз. Бұл мұғалімнің өмір сүру образында өзіндік терең гуманистік білімі, бағыттылығы басым.Білім саласындағы бай әдіснамалық негіздегі тәжірибесінің арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізген мұғалім.Мысалы, 2003жылғы қала бойынша тұңғыш пәндік олимпиададан (50-ден аса мұғалім қатысқан) бас жүлдені, облыс бойынша ІІІ дәрежелі орынды иемденген болатын.2008жылы қалалық «Ұстаз және Ғанекең» атты шығармалар бәйгесінен ІІІ орынды қанжығасына байлаған болатын. Ол бірнеше дүркін тамыз айында өтетін қалалық педагогикалық оқудың және конференциялардың жеңімпазы.Қалалық, облыстық семинарларда озық үлгілі ашық сабағын бірнеше рет көрсеткен.Соның айғағы ретінде еңбегі облыстық білім департаменті мен облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ғылыми-оқу әдістемелік кеңесінің №4 хаттамасында 28.10.2005ж. қаралып, баспаға шығаруға ұсынған еді.Осы аталған еңбек – «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» Шымкент 2007 атты әдістемелік құралы 2007жылы жарық көрді.Бұл еңбекте көп жылғы ізденісімен ұстаздық тәжірибесі қарастырылған.Әдістемелік құралда оқушылардың қазақ тілі пәнінен оқу материалдарын терең меңгеру үшін сабақ барысында қолданылатын деңгейлік тапсырмалармен дидактикалық тапсырмаларды топтастырған.Құрал мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу арқылы жеке дарындылықтарын ашуға ыңғайланған тапсырмалардан тұрады.Шығармашыл мұғалім мұнымен тоқтап қалмай, Шымкент қаласында 2010жылы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, оның озық еңбегі «Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары» Шымкент-Москва 2010 жинағының 2-ші кітабында жарық көрді.Аталған еңбек қазақ тілі мен әдебиетін меңгертуде жаңа инновациялық технологияларды қолдану жолдары тарауындағы 300-304-ші бетінде жарияланған.

Ол шығармашылық пен эстетикалық құндылықтың — жүйелілік,әдемілік, логикалық ойлау операцияларының элеганттылығы, шешімінің тапқырлығының арқасында қоғамға және мектепке орасан зор пайдасын тигізіп, өз үлесін қосып жүр.Қоғамның дамуына өзінің көп жылдан бергі бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы жазған сан тараудағы қонымды мақалалары арқылы ықпал етіп жүр. Несіпкүл Өтебаева қалалық білім бөлімінің жанындағы «Ұстаз», «Түркістан ұланы»газеттерінің штаттан тыс тілшісі.Оның облыстық ,қалалық бұқаралық ақпарат құралдар бетінде осы уақытқа дейін 200-ге жуық мақаласы жарық көрген.Көптеген кәсіби жетістіктері мен шығармашылық ізденісінің нәтижесін елеп ескерген БАҚ мамандары оған Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшелік билетін 2013 жылы тапсырды. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Несіпкүл Өтебаева – ақпараттық коммуникациялардың жаңа формаларының дамуына да өз үлесін қосып жүрген ұстаздардың бірі. Жаңа технологиялар бойынша (интернетті қолдана біледі)Республикалық «Отандастар интернет»газетінде де біраз мақалалары жарық көрген.Ол Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталында (ped.kz сайты)жарияланған мақалалары үшін “Үздік ұстаздар“қатарында, рейтингі бойынша 346 ұстаздардың ішінде алтыншы (02.05.2014ж. тіркелген) орында. Бұл порталда Несіпкүл Өтебаваның 39 мақаласы жарияланған.

«Ұстаздан-шәкірт озар»дегендей, оның білім беріп тәрбиелеген шәкірттері қаулап өсіп келеді. Атап айтсақ:өнер саласынан президентіміздің грантын жеңіп алған ,Қазақстан Республикасына танымал — жас қобызшы Ақерке Тәжібаева, мектепті алтын белгіге бітіріп, ең жоғарғы оқу орнын да қызыл дипломмен бітірген -Ерлан Мүлкібаев,Қазақстан Республикасының «Болашақ» бағдарламасы бойынша Америкада оқып келген-ҚанатТөлекбаев, ХҚТУ-да тарих кафедрасында методист -Мөлдір Сейсембекова(өз қызы), журналист-Дариға Тұрғынбаева, Сайрам ауданының соты-Ерғали Мауленов, Көмешбұлақ ауылындағы №67мектеп директоры Ербол Қуанышов т.с.с. шәкірттері бар.

Жоғары өрлеу перспективасы ашық, білім беру процесін жетік меңгерген,үздіксіз білім – толассыз, тоқтаусыз білім алуды өзіне серік еткен Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі-Несіпкүл Өтебаева Мейманханқызы педагогикалық іс-әрекетінде бірнеше дүркін сыныптар шығарған, осындай тынымсыз еңбегімен ерекшеленген дара тұлға, ізденімпаз,үлгілі жоғары санаттағы педагог, бұқаралық ақпарат құралдар жүйесінде де қызмет ететін қарымды қаламгер.

Некрасов атындағы№9мектеп-гимназия әкімшілігі,

Түркістан қаласы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068766

Пікірлер (2)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru