Эйнштейннің сұрағы (2% ға жатасыз ба әлде 98% ға ма)

18 қыркүйек 2014 - Админ
Эйнштейннің сұрағы (2% ға жатасыз ба әлде 98% ға ма)

Кезінде бұл сұрақты жатақханада бірге тұрған досым маған қойып шеше алсаң кафеге отырғызам деп ұтылған болатын, Эйнштейннің сұрақтары қаптап кеткен екен менде қоя салайын осында, бірақ қалай шешкенім есімде жоқ 10 жыл өтіпті содан бері.


Эйнштейн осы сұраққа әлемдегі 98% адам дұрыс жауап бере алмайды деп ойлаған. Енді сіз өзіңізді сынап көріңіз, мүмкін қалған 2% ішінде сіз бар боларсыз:

1. 5түрлі түске боялған 5 үй бар.

2.әр үйдің иелері әр мемлекеттің адамы, яғни, бесеуі бес елдің азаматтары.

3.бұл 5 адамның әрқайсысы әртүрлі сусын ішеді, әртүрлі темекі шегеді, әртүрлі үй жануарын бағады.

4. олардың сусындары, темекілері және бағатын жануарлары бір біріне ұқсамайды.

белгілісі:

1. Ағылшын қызыл үйде тұрады.

2. Швейцариялық бір ит бағады.


3. Даниялық шай ішеді.

4. жасыл үй ақ үйдің сол жағында.

5. жасыл үйдің иесі кофе ішеді.

6. PALL MALL маркалы темекі шегетін адам бір құс бағады.

7. сары үйдің иесі DUNHILL темекісін шегеді.

8. ортада орналасқан үйдің иесі сиыр сүтін ішеді.

9. Норвегиялық бірінші үйде тұрады.

10.Махорка шегетін адам мысық бағатын адамның үйінің қасында тұрады.

11. ат бағатын адам DUNHILL темекісін шегетін адамның үйінің қасында.

12. BLUE MASTER темекісін шегетін адам сыра ішеді.

13.Неміс PRINCE темекісін шегеді.

14. Норвегиялық көк үйдің қасында тұрады.

15. Махорка шегетін адамның көршісі минералды су ішеді.


сұрақ: кім балық бағады?

Осыған ұқсас жазбалар:

ТарихҚазақстан тарихынан сынақ сұрақтары (7 сын. оқулығы)

Тарих8 сыныптың Қазақстан тарихы бойынша сынақ сұрақтары

ТарихДүние жүзі тарихынан сынақ сұрақтары

ТарихДүние жүзі тарихынан сынақ сұрақтары

ТарихҚазақстан тарихынан сынақ сұрақтары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141985

Пікірлер (1)
Админ # 24 қыркүйек 2014 в 00:10 0

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар