«Samsung SMART class» жазба жұмыстардағы тиімділігі

20 желтоқсан 2014 - Бақытжан Баянбаев
«Samsung SMART class»   жазба  жұмыстардағы тиімділігі



 Өскемен қаласы № 2 Мектеп- гимназиясының         
педагог- ұйымдастырушысы және 

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі   

Бақытжан Бақытбекұлы 

                              

                                                                                                      «Samsung SMART class»   жазба  жұмыстардағы тиімділігі 

 

             ХХІ ғасыр жаңа технологияларымен, заманауй ақпараттық құралдарымен,  иновациялық дамуымен ілгері қадам басты.Соның ішінде білім саласы да көштен қалмай ілгері дамуда.Толықтай жаңа технологиялармен қамтылмаса да, мектебізде екі, үш сыныптың бөлмесіне интерактивті, яғни интербелсенді тақталар қойылған.Интернет желісіне қосылған мұндай тақталардың, білім беруде ұстаздарға тигізер көмегі орасан зор.

Қарапайым тақта мен бордан қарағанда, әрине заманауй технологиялар білім алушыға көбірек әсер етеді.Себебі заман ағымы, бағыты солай болып келе жатыр.Тәжирбемнен байқағаным, тақтаға ілінген сурет, кестеден қарағанда  флипчарттағы немесе слайдтағы аудиожазбасымен берілген материалдарға оқушы көбірек қызығады.Себебі оқушыға қатып тұрған суреттен немесе кестеден қарағанда өз қолымен орындайтын жаттығулар ұнайды. Міне осыдан-ақ оқушы үшін де ,ұстаз үшін де электронды көрнекіліктердің маңызы аса жоғары екенінін байқаймын.Оған қоса интернет ресурстарындағы оқулықтарды  пайдалансақ, біз келешек ұрпақтың білімі үшін де, тәрбиесі үшінде, ұялмаймыз деп айта алар едім. 

        Осындай өзімді қызықтыратын біздегі санаулы сынып бөлмелерінің бірі « Samsung SMARTclass »  кабинеті.

 деген сөз  « ақылды сынып »дегенді білдіреді қазақшалағанда. Басқа кабинеттерден оның артықшылығы  тақта арнайы қондырылған бағдарлама арқылы проекторсыз көрсете алады, және жиырма планшеті бар.Мұғалімге арналған компютері мен принтері бар бұл кабинеттің, интербелсенді тақтасы аса үлкен емес, басқа тақталардай сенсорлы экранды, арнайы қаламмен  немесе қолмен жұмыс жасай беруге болады. 

   Бұл кабинетті  2013 жылы қазан айында мектебізге «Samsung» компаниясының Қазақстандағы өкілдері орнатып берді. Олардың айтуынша Республикада  Астана қаласынан кейінгі екінші болып біздің мектепке орнатылған бұл жобаның мақсаты «Samsung» компаниясының өнімін білім беру жүйесінде бәсекеге қабілеттілігін тексеру. 

    Бұл сыныптың келу тарихы «Samsung» компаниясы 2012-2013 оқу жылының аяғында қазақтілінде « Менің мектебіме  Samsung SMARTclass не үшін керек?» атты тақырыпта шығармаға Республикалық  байқау жариялаған.

Осы байқауда бір оқушымыздың жолы болып, жалғыз жүлде бас жүлде осы кабинетке қолжеткіздік.Бұл әрине бюжеті сын көтермей тұрған білім департаменті үшін де, біз үшін де зор қуаныш.Күнде болмаса да анда — санда сабақ беретін сыныбыммен бұл кабинетке кіру бақыты  маған да бұйырып тұрады.Ал енді осы планшеттер мен тақта маған және өзге де әріптестеріме, сабақтың қызықты өтуіне, біршама көмегін тигізуде.Алғашқы жылы үйренумен тәжирбе ретінде қолданып, кейін қызығушылығымыз арта түсті.Әсіресе жазба жұмыстарында  планшет, дәптерден қарағанда тиімді, бірақ бұл кабинет күнде бола бермейтін болған соң, дәптермен міндетті түрде жұмыс істейміз.Бір артықшылығы сіз планшеттегі оқушы жұмысын, тақтадан бақылай аласыз.Ол үшін сізге интернеттің қажеті жоқ, міне «ақылды сынып» деп аталатын себебі  осы. 

  Планшетпен жұмыс істеудің ерекшелігі    қазақтілі сабағында  оқушы  өзі орындаған ауызша немесе жазбаша жұмысын өзісақтауға болады, уақытыңыз болмаса кейін  тексеруге де болады.Жазба жұмыстарын  оқушылардың өздеріне бағалатуға болады.Топтық жұмыстарда пайдасы өте көп,әр топ планшеттегі жұмысын интерактивті тақтаға түсіріп барлығына көрсетіп ,қорғай алады.Ешқандай қағаз, маркердің қажетіжоқ.Міне  «Samsung SMART class»  — тың тиімділігі осында.Жазуы нашар оқушыны көркем жаздыруға да көмегі бар. Ең бастысы оқушы үшін қолға ықшам,қолайлы.Қытайдан интеракивті тақталар алғызғанша министрлік осындай еліміздегі «Samsung» компаниясына тапсырыс беріп жатса, сапалы оқу құралдарына қол жеткізетін едік. Осындай сыныптар көбірек болса, білім сапасына да септігін тигізері даусыз.Екі ауысыммен оқитын біздің мектебізде «Samsung SMART class» ты  қосқанда үш кабинетке  ғана интерактивті тақта қойылған.Жақында бір мақалада биылғы 2014 жылы да «Samsung SMART class» кабинетін Алматы және Шымкент қалаларының екі мектебі ұтып алғанын оқыдым.Бұл әрине ұстаздар үшін де, оқушылар үшін де үлкен жетістік.Мемлекетке салмақ түсірмей осындай игі істер жасап жатқан «Samsung» компаниясына үлкен алғысымды білдіремін.  Алдағы уақыттарда Елбасы жолдауында айтқанындай білім саласының материалдық базасын жаңартуға қаржы бөлінсе, осындай сапалы оқу құралдарымен қамтамассыз етілсе нұр үстіне нұр болар еді.Бұндай «Samsung SMART class» сияқты жобалар білім саласындағы бәсекеге қабілетті өнімдер ретінде  елдегі  барлық мектептерге тараса екен, солай болатынына сенейік, деген тілекпен сөзімді аяқтаймын. 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаздарға​ Математиканы оқытуда ББД бағалаудың нормасы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119721

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар