"Ғажайып алаң" интеллектуалды ойынының бағдарламасы

17 наурыз 2015 - Меруерт Аманова

«ОҚО арнаулы кәсіптік колледжі медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ, арнайы пән оқытушысы Аманова Меруерт Ашимхановна

Ойынның мақсаты:

1.Оқушылардың әр түрлі пәндер бойынша алған білімдерін іс жүзінде қолдана білулеріне қол жеткізу, білімдерін тереңдету.

2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін,өз ойларын толық жүйелі түрде жеткізе алу қабілеттіліктерін дамыту.

3.Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық белсенділіктерін нығайту.

Қажетті құралдар:

Бетіне пәндер жазылған айналмалы тақтайша, слайдтар.

Өткізу тәртібі:

Кіріспе. Білімді, сауатты, бәсекеге қабілетті адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан күні ертең ғалым, белгілі бір маман иесі болатын жастар мұны жақсы түсінуі тиіс.Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді. Жетекші халықаралық консалтингтік «МакКинси» компаниясының кеңесшілері айтқандай: «Алға қарай жүр немесе жол бер». Қазіргі бәсекелі дүниеде нақ осы қағида басшылық етеді. Және бұл қағида көп ретте өмірлік ұстанымдарды анықтауы тиіс.Бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты. Мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. «Жастық шақ — бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс...» — деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады. «Қазақстан» сөзі әлемдік аренада қуатты естілуі тиіс. Ал оның жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл, жас отаншыл патриот халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.

(ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзінен)

Ойынның шарты:

1.Ойынға қатысу құқығын алу үшін барлық оқушыларға іріктеу сұрақтары қойылады.Ойынға қатысу үшін жалпы 9 оқушы іріктеледі.Дұрыс жауап берген алғашқы үш оқушы І айналымда, кейінгі үш оқушы ІІ айналымда,қалған үш оқушы ІІІ айналымда ойнайды.Әр айналымға шыққан оқушылар барабанды айналдырады, ондағы бағыт қай пәнге тоқтаса, оқушы сол пәннен сұраққа жауап береді, ойлануға 1 минут уақыт бөлінеді.Дұрыс жауап берсе, І айналымның жеңімпазы болады, жауап дұрыс болмаса, ойын кезегі келесі оқушыға өтеді.Жеңімпаз анықталғанша жауап болмаса, барабанды 3 мәртеге дейін айналдыру құқығы бар, осы аралықта жеңімпаз анықталмаса, бұл айналымнан ақтық ойынға ешкім шықпайды.Келесі айналымдардың да шарты дәл осындай.

2.Үш айналымнан шыққан жеңімпаздар ақтық айналымда ойнайды.Бұл айналымның ерекшелігі пәндерден қойылған сұрақтардың жауаптарына ұпай қойылады.Соңында ең көп ұпай жинаған оқушы супер ойынға жолдама алады және І орынды иеленеді, келесі екі оқушы жинаған ұпайларына қарай ІІ және ІІІ орынды алады.Әр орынға өзінің арнайы жүлдесі бар.Жүлдегер жеңімпаздың супер ойынды ойнауға немесе ойнаудан бас тартуға құқығы бар.Егер ойыншы супер ойынды ойнап жеңсе, онда оған қосымша сый беріледі, егер бас тартса І орын жүлдесімен қалады.

Ойынның шарты осындай, ендеше құрметті көрермен ойынымызды бастаймыз!

ІРІКТЕУ СҰРАҚТАРЫ:

1.«Абай жолы» романының І томының І тарауы қалай аталады?(Қайтқанда)

2.Орталық Қазақстандағы тау (Ұлытау)

3.Жұмулы көзбен нені көруге болады? (түс)

4.ҚР туының авторы кім? (Шәкен

Ниязбеков)

5.«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» әңгіменің авторы кім?(Бейімбет Майлин)

6.ҚР Конституциясы қанша бөлім,қанша баптан тұрады?(9 бөлім,98 бап)

7.Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? (42 әріп)

8.ОҚО арнаулы кәсіптік колледжі ең алғаш қай жылы құрылған?(1948ж.)

9.Түркістанды астана еткен хан (Есім хан)

Ойыншыларымызды іріктеп алдық, ал енді ойынымызды бастаймыз.

Бірінші үштік айналым ортаға шығады, барабан айналдырылады.

Математика пәнінен сұрақтар:

1.Еш жерде қиылыспайтын түзулер (параллель сызықтар)

2.12 бұтағы бар алып емен

52 шыбық өсіп өнген

Шыбық сайын 7-ден жапырағы

Бар ма еді ағаш сондай көзін көрген? (12 ай,52 апта,7 күн)

3.Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1/8 бөлігін тартады.Жаңа туылған пілдің баласы неше кг.тартады? (125кг.)

4.Жоқ өзінде бас та,қас та, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)

5.ХVIІ ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик (Джон Непер)

Информатика пәнінен сұрақтар:

1.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

2.Адам мен компьютердің қарым-қатынас тілі (интерфейс)

3.19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)

4.Ең алғашқы программаны жазған адам (Ада Лавлейс)

5.«Көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті шағын компьютерлік программа (вирус)

Физика пәнінен сұрақтар:

1.Ток күші немен өлшенеді?(Ампермен)

2.Македонский заманында уақыттың көрсеткіші немесе өлшеуіші болып не табылған? (тауық)

3.«Электр» ұғымын физика ғылымына енгізген ғалымды атаңыз. (француз физигі Ампер Андре Мари)

4.Бұл тіршілік иелері өз жемтігін іздемейді.Б.э.д.30-шы жылдары Диаскард осы тіршілік иелерімен созылмалы бас ауруын емдеген.Оларды тірі «электр станциясы» деп атаған.(скат балығы)

5.Кернеу немен өлшенеді? (Вольтпен)

Әдебиет пәнінен сұрақтар:

1.Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, онан басқа нәрселермен оздым ғой деген нәрселердің бәрі ақымақшылдық. Кімнің сөзі? (Абай Құнанбаев 18 қ.с.)

2.Қазақтың бас ақыны деп кімді айтқан? (А.Байтұрсынов)

3.«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деген сөзді кім айтқан? (Сұлтанмахмұт Торайғыров)

4.Ш.Уәлиханов кадет корпусында қай жылдары оқыды? (1847-1853 жж.)

5.«Ләйлім шырақ» әнінің авторы кім? (Біржан Сал Қожағұлұлы)

География пәнінен сұрақтар:

1.ҚР елордасы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

2.Дүниежүзіндегі ең үлкен бұғаз (Мозамбик)

3.Су бетіндегі жүзіп жүретін мұз тау.(Айсберг)

4.Ақ жайықтың жағасында орналасқан қала (Орал)

5.Алтын адам табылған жер (Есік қорғаны)

Экономика пәнінен сұрақтар:

1.Түрікше «акче»,қазақша «ақша» сөзі «ақ» сөзіне қатысты, яғни қандай ақшаның түсіне байланысты шыққан? (күміс)

2.Шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару жағынан арнайы кәсіптік білімі бар жалдамалы басқарушы, бірақ өз әрекеттерінде мүліктік жауапкершілікті мойнына алмайды.Ол кім? (менеджер)

3.Болжамдау және жоспарлау,ұйымдастыру, жарлық беру,үйлестіру және бақылау процесі қалай аталады? (басқару процесі)

4.Макроэкономикалық теорияның негізін қалаған кім? (Джон Мейнард Кейнс)

5.Мүлікті уақытша пайдалануды, арендаға беру немесе алуды білдіреді, оның прокаттан айырмашылығы, жабдықтарды пайдалануына қарай жалға алушының фирмаға қарызын бірте-бірте өтейтін етіп 5-8 жыл немесе одан да көп жылға жалға беруінде, ол не деп аталады?(лизинг)

Ақша қаржы несие пәнінен сұрақтар:

1.Құнсызданған ақша бірлігін жою және жаңа ұлттық валюта енгізу қалай аталады?(нуллификация)

2.Қызметтің жаңа салаларына үлкен тәуекелділікпен салынатын инвестициялар қалай аталады? (венчурлық )

3.Кәсіпорын, компания, банк, сақтандыру компаниялары басшыларымен жасасқан келісім негізінде қаржы-шаруашылық қызмет жағдайын тексеруді, бақылау түрін не дейміз? (аудиторлық )

4.Табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлеріне салынатын ақша қаражаттары, машиналар, жабдықтар, басқа да мүліктер мен мүліктік құқықтар.

Латын тілінен аударғанда «салу» деген мағынаны білдіреді, ол не?

5.Ақша үнемі үш субьектінің арасында жүреді: жеке тұлғалар, шаруашылық субьектілері және… (мемлекет)

Бухгалтерлік есеп пәнінен сұрақтары:

1.Ең алғаш екіжақты бухгалтерияның тәжірибелі есеп кітаптары қай жерде басылды? (Италия)

2.Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде барлық тұжырымдарды анықтайтын негізі, бастапқы және базалық ережесі не болып табылады? (Қағида)

3.Мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен мемлекет пен кәсіпорындарға берілетін ақшалай нысандағы көмек. (субсидия)

4.Акционерлерге табыстар төленетін акционерлік қоғам пайдасының бөлігі (дивиденд)

5.Орауымен бірге тауар массасы қалай аталады? (брутто)

Маркетинг негізі пәнінен сұрақтар:

1.Адамның өзіне қандай да бір заттың жетіспеуін сезінуі.(мұқтаждық)

2.Талап пен мұқтаждықты қанағаттандыра алатын және нарыққа сатып алушының назарын аударту, сатып алуы, пайдалануы, тұтынуы үшін ұсынылатын және айырбасқа айналатын өнімді не дейміз? (тауар)

3.Ұзақ мерзімге жасалынған жоспар қалай аталады? (стратегия)

4.Тауардың қасиеті туралы хабарлама, ол үшін фирма мол көлемде шығындар жұмсайды, алайда сонысына қарамастан оның фирма үшін пайдасы бар.Ол не? (жарнама)

5.Тұтынушылардың мұң-мұқтажы мен мінез құлқына, жүріс-тұрысындағы айырмашылықтарға сәйкес топтарға бөлу процесі қалай аталады? (нарықты сегменттеу)

Тарих пәнінен сұрақтар:

1.Дүниежүзілік дамыған Үлкен жетілік елдердің алғашқы қатарындағы ел қай ел? (АҚШ)

2.Ұлыбританияның тарихи ұлттық үш аймағының бірі? (Шотландия)

3.Оңтүстік және Орталық Еуропадағы «Ергежейлі» елдердің бірі.(Ватикан)

4.Еуропа Еуразияның қай бөлігін алып жатыр? (Батыс)

5.Қазақстан қанша мемлекетпен шектеседі? 5(Өзбекстан, Ресей,Қытай,Қырғызстан, Түркіменстан)

Салық және салық салу пәнінен сұрақтар:

1.Тауар бағасына қосылатын және сатып алушымен төленетін жанама салықтар (акциз)

2.Белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдерді не дейміз? (салық)

3.Тікелей табыс бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін ұлттық табыстың ақша түріндегі табысы қалай аталады? (жалақы)

4.Салық кезеңіндегісалық төлеушілердің салық салу обьектілерінің саны, салық базасының шамасы және төленетін салық төлемдерінің мөлшері көрсетілген ресми құжаты болып табылатын қандай құжат? (салық декларациясы)

5.Тауар бағасына қосылып, тауар сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынатын салықтың тағы бір түрі? (ҚҚС )

Статистика пәнінен сұрақтар:

1.Статистикалық зерттеу әдістерінің 3-ші кезеңі қалай аталады?( талдау)

2.«Варияция » терминінің мағынасы. (өзгермелілік)

3.Статистикада «f» әрпінің атауы (жиілік)

4.Өсіңкілік-экономикалық терминде қалай аталады? (динамика)

5.Бухгалтерлік есеп оперативтік және статистикалық есептен қалай ерекшеленеді?(екі жақты жазу)

Ақтық ойынға шыққан ойыншылар барабанды айналдырып, пән бойынша сұраққа жауап береді, бұл айналдымда ұпай жиналады.Пәндер бойынша қойылатын ұпайлар, келесі тәсілмен есептелінеді:қай пәннен қанша сұрақ қалды ,әр сұраққа 10 ұпай.Мсыалға экономика пәнінен 2 сұрақ кетіп қалды,қалғаны 3 сұрақ болса, яғни ұпай саны 30 болады және т.с.с.

Сонымен жеңімпаздар 2 мәрте айналымда ойнайды, осы аралықта жинаған ұпайлары есептелініп орындар тағайындалады.

Супер ойынға шыққан жеңімпазға сұрақ:

Ежелде бухгалтерлерді кім деп атаған? (ел кезушілер)

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,

Айналаң, бәрі сенің көрерменің.

Тілеймін, дәл осылай барлығыңның

Тек қана биіктерден көрінгенін, — дей келе отырып, бүгін ойынымызды аяқтаймыз, сау саламатты болыңыздар!Қатысып, атсалысқандарыңыз үшін шексіз рахметімізді айтамыз!

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаздарға«Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері».

ҰстаздарғаИнтеллект шоу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062312

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар