«Айықпас дерт» сахналық қойылым

26 қазан 2015 - Ақкүрең Бақытова
«Айықпас  дерт» сахналық  қойылым

«Айықпас дерт» сахналық қойылым

Рөльдерде:

Жүргізуші: Тұрғанбаева Гауһар

Анасы: Оразмағанбетова Зулфия

Баласы: Аханов Қыдырқожа

Оқушы: Тағанов Данияр

Есірткі таратушы: Джанабаев Данияр

Көше бұзақылары: 1-бала: Тіленбаев Аслан

2-бала: Аханов Нұрқожа

Жүргізуші: Құрметті көрермендер! Жаңаөзен қаласы Қашаған Құржыманұлы атындағы № 8 орта мектеп оқушыларының «Айықпас дерт» сахналық қойылымын тамашалаңыздар.

Есірткі-ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде.Бірақ, ол оңай алдырар жау емес екен.Есірткі бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар.Олар – кісінің көз жасынан, қайғы-қасіретінен алтын ақша тауып отырған қаныпезерлер.Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны-өсіп келе жатқан көк өрім жастар.Көкнәр деген шөп болады.Есірткінің біразын осы шөптен жасайды.Көкнәрдың көз жасын ішкен адам,өмір бойы жылап өтеді деген сөз бар халықта.Ия, есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді.Тек өзі ғана емес ата – анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады.

Көше бұзақылары: 1-бала :Қалайсың бауырым? Не хабар?

2-бала: Болады,өзің қалайсың?

1-бала: Шүкір.Не істедің тауарды? Саттың ба?Өтіп жатыр ма?

2-бала: Иә, жәйлап.

1-бала:Өткізу керек.

2-бала:Әне, көршінің баласы келе жатыр ғой.Осы клиент болады-ау деймін.

1-бала: Шақыршы, сөйлесейік.

(Екі оқушы бала сахнаға шығады.Көріседі.)

2-бала:Қалайсың? Сабағың қалай?

1-оқушы: жақсы,4 пен –ке оқып жатырмын.

1-бала: Ей, сен сабағыңды қойшы, кел темекі шегіп көрсеңші…

1-оқушы: Жо-жоқ! Мен темекі шекпеймін.

2-оқушы:Қыдырқожа, сабаққа кеттік.

1-оқушы :Қазір-қазір.

2-бала: Мә, көрсеңші шегіп.

(Бұзақылар қыстап қоймаған соң,1-оқушы темекіні шегіп көреді.Осы кезде2-оқушы қолын сілтеп сахнадан шығып кетеді.)

Жүргізуші: Арада 3-4 ай өткен соң…

(Әлгі 1-оқушы 3-4 ай ішінде есірткіге құмары артып, бұзақылардың біріне шаруамен келеді.)

1-оқушы: Ағасы, сізге бір шаруа айтайын деп едім.

1-бала: Иә, не болды? Айта бер.

1-оқушы: Сіз маған қарызға шылым тауып бере аласыз ба?

1-бала :Қарызға дейсің бе?! Мен қарызға бере алмаймын.Даладан сұрағанша,үйіңе бар.Анаңда ақша көп қой.Анаңнан сұра… Бар,үйіңе бар.

(Сөйтіп олар сахнадан шығып кетеді.Көрініске ана қосылады.)

Жүргізуші:

Кім мұндайды естіпті,

Есірткі жұртты есіртті.

Иіскеген жастардың

Жан – тәнін түгел кесіпті.

Сақ болайық, ағайын,

Қатерлі жау-есірткі!

(Сахнаға басы төмен салбыраған, бала шығады.Бала-нашақор.Азған.Жүдеген.Қиналған.Нашақорлық ауруынан жанын қоярға жер таба алмай тұр.)

Жүргізуші: Ей, жас жігіт,

Жан едің сен гүл жүзді,

Солып қапсың,

Тынышыңды кім бұзды?

Бала: Апа, кешір мені.Кешір… Мен осындай күйге ұшырадым.Білесіз бе?! Мен… Мен-нашақормын.Мен үшін бұл дүниенің қызығы жоқ.Атып келе жатқан таңға қарап қуана алмаймын.Адамша сөйлеп, адамша күле алмаймын, анашым...!.. мен үшін өмірдің… бар қызығы – наша… наша… Наша тауып берші, апа.Наша тапшы.Жанымды қоярға жер таба алмай өліп барам.Өліп барам, апа.Наша, наша… Мені аясаң, мені балам десең наша тауып берші, анашым...(жылайды)

Анасы: Құлыным-ай,құлыным...Қалай тап болдың бұл пәлеге?! Наша дегенің-көрініп келген ажал еді ғой! Соны біле тұра… сорлы балам… ажалмен ойнағаның не болғаның?!Өміріңнің бар қызығынан,қуанышынан айырып, сені қасіреттің қара құрдымына батырған қаныпезер кім?! Сені осыншама сорлатқан қай тасжүрек?

(Осы кезде шатыр-шұтыр құлақ тұндырар үн естілді.Сахнаға есірткі таратушы шығады.Үстінде қара киім.Бетінде адамның бас сүйегінің маскасы.)

Есіркі таратушы: Ол қаныпезер кім дейсің бе? Ол мен! Мен… мына менмін! Не істейсің маған, байғұс?

Ана : Сен бе едің? Сен бе едің, жүзіқара!Құлынымды адамдық жолдан тайдыратындай не істеп еді ол саған?! Не жазығы бар еді?!

Есірткі таратушы: Рас, оның еш жазығы жоқ.Сенің балаңда ұзын да өшім,қысқа да кегім жоқ.Бірақ...Қазір дүниені ақша билеген заман… Оны өзің де жақсы білесің.Ақша, ақша, ақша!.. Егер сенің балаң сияқтылар болмаса, сол ақшаны мен қайдан аламын? Кім береді маған оны?

Ана: Ақша, ақша дейсің.Ақшаңдап қалғыр...Қай заманда адамнан ақша қымбат болып еді?! Ақшаның жолында құрбандыққа шалынардай не күнәсі бар еді,құлынымның?!

Есірткі таратушы: Күнәсі деймісің? Күнәсі-әлсіздігі.Балаң «керек емес» деген сөзді айта алмайды екен.«Керек емес» деген сөзді айтуды үйретпепсің балаңа.Маған да керегі-сондай адамдар. Мен оны, балаңды айтам, көшеде қармаққа іліктірдім.Мен оған экстази ұсындым.

Ана: Экстази деймісің… Ол неменесі тағы да?!

Есірткі таратушы: Экстази деген- есірткінің осындай жас балаларға арналған түрі.Оны қабылдаған бала шаршағанын,қарнын ашқанын, шөлдегенін білмейді, билей береді, билей береді…

Ана: Құлынымның мойнына тұзақты ең алдымен осылай салдым десеңші…

Есірткі таратушы: Ия, балаңнын мойнына алғашқы тұзақ осылай салынды.Кейін сол тұзақтың ұшын тарта бердім, тарта бердім.Балаң осылайша менің құлақ кесті құлыма айналды.Құлға айналғаны емей немене, есірткіге үйрегені соншалық, айналшықтап қасымнан шықпайды.Мен енді одан ақша сұрадым.Ол есірткіден ақша аямайтын.Бірте-бірте ол есірткінің ең күшті түрлеріне ауыз салды.Тамырына ине сұғып барып жаны жай табатын болды.Ол үшін көп ақша керек еді.Ақша! Балаң енді өзінің үйіне өзі ұры болып түсті.Үйіндегі қымбат заттардың бәрін сатты. Міне, көрдің бе, балаңның түбіне өзінің көрсеқызарлығы,әуесқойлығы жетті.

Ана: Жоғал, жоғал,қарабет! Жоғал жүзіқара! Сен ажал әкелуші,Ұрпаққа өлім себуші нағылетсің.Мен жалғызымды сенің қандықол шеңгеліңе тастай алмаймын.Жоғал!(Ашынған ана есірткі таратушының жағасынан ала түседі.Ал баласы болса, наша тілеп, тұла бойы қалш-құлш етіп, жанын қоярға жер таба алмай дірілдеп тұр.)

Есірткі таратушы: Ей, бейшара әйел! Сенікі құр далбаса! Көрдің бе, ана балаңның халін,өлгелі тұр ғой! Оған қазір керегі-наша.Оған дәл қазір анасынан да наша қымбат.Сен оған наша бере алмайсың.Ал мен беремін… Тегін берем.

Бала: Тегін дейсің бе?! Тегін бе?(қалш-қалш етіп дірілдеп, есірткі таратушыға алақан жаяды.)

Есрткі таратушы: Наша керек пе саған?

Бала : Иә, керек.Өліп барам.Мені өлтірмейін десең, маған наша берші!

Есірткі таратушы: Егер наша алғың келсе, таскенедей жабысқан шешеңді әрі алып кет!

(Бала шешесін өңменінен итеріп жібереді.Шешесі құлап түседі.)

Есірткі таратушы: Айтпадым ба саған?! Оған қазір анасынан гөрі наша қымбат.

(Анасы қолын көкке жайып зар илейді.Бала алақанын жайып жалынып, есірткі таратушының соңынан еріп кетеді.)

Жүргізуші: Иә, атын естігеннен кейін, төбе шашыңды тік тұрғызатын есірткі деген індеттің талай шаңырақты ортасына түсіріп жатқаны кез-келген адамның жан-дүниесін шайқап өтері анық.«Жоқ, бұған менің балам ұқсамайды, бұдан құдай сақтасын» деп отырсыздар.Ата-ана, есірткі дерті осы отырған әрқайсыңыздың үйіңіздің қақпасын қағып тұр.Ол үнсіз келіп кез-келген жасты өз апанына тығып жатыр.

(Көрініс аяқталды.Сахнаға көрініске қатысушылар шығады. )

1-қатысушы: Темекі шегу, арақ ішу, есірткі қолдану-тозаққа бастар жол!

2-қатысушы: О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,

Одан кейін өзгелерді сақтандыр.

Салауатты өмір салтын дәріптейік, жаман әдеттерден аулақ болайық!

3-қатысушы: Темекінің кермегі- Еріккеннің ермегі.

Ішпеген, шылым шекпеген,

Жасайды жылдар көптеген.

Салауатты өмір салтын қолдайық,

Болашаққа нық қадам басайық.

Өмірдегі басты байлық дейтұғын,

Бірінші байлық денсаулықты сақтайық.

4- қатысушы: Өзіне сүйсіндірер басқа жанды,

Салауатты мақсатың — өмір сүру.

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,

Пайдасы сол- бұл жолдан аулақ жүру.

5-қатысушы: Білсең достар арақ, шылым- дұшпаның,

Мықты болсын оған деген ұстаным.

Жырақ жүрсең, аулақ салып іргеңді,

Бақытыңның жолын тауып ұққаның.

6- қатысушы: Өмір есірткісіз де қызыққа толы.

Зиянды заттардың зардабынан сақ бол.

Ертеңіңді ойласаң- есірткіге жолама.

7- қатысушы: Ей, ұрпағым есіңді жи, азбаңдарІ

Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтпай,

Жақсы үміт пен сеніміңнен таймаңдар.

БӘРІ: Салауатты өмір салтын сақтаңдарІ

Болашаққанық қадаммен бастаңдарІ

Жас ұрпақпыз – халқымыздың қорғаны,

Болашағым дейді, Бізге Ел сеніп.

Білімменен, ғылымменен біз нашақорлықты жеңеміз!

Жаңаөзен қаласы Қашаған Құржыманұлы атындағы № 8 орта мектеп

сахналық қойылым

Дайындаған: Бақытова А.

2014-2015 оқу жылы

Осыған ұқсас жазбалар:

Іс-шара мәліметтеріЕсірткі-әлем дерті

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150714

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар